Ұлан ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 466 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 197 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қарашада № 30678 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлан ауданының келесі елді мекендерінің шекаралары (шегі) белгіленсін:

      1) Таврия ауылдық округі Таврия ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 2625 гектар болып белгіленсін;

      2) Айыртау ауылдық округі Айыртау ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 3255 гектар болып белгіленсін;

      3) Аблакетка ауылдық округі Сағыр ауылының шекарасының (шегі)жалпы алаңы 2672,10 гектар болып белгіленсін;

      4) Бозанбай ауылдық округі Бозанбай ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 4360 гектар болып белгіленсін;

      5) Аблакетка ауылдық округі Мамай батыр ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 2511 гектар болып белгіленсін;

      6) Тарғын ауылдық округі Тарғын ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 5462,718 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі Р. Курмамбаев
      Мәслихат хатшысы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады