Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18-VII "Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 23/8-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29854 болып тіркелді

      Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шемонаиха аудандық мәслихатының "Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18-VII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8557 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттары:

      қарыз сомасынан 10%, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

      қарыз сомасынан 10%, бірақ әлеуметтік қолдау түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

      толық емес отбасылар.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы М. Желдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады