Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым дақылдардың тiзбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 206 қаулысына 1-қосымша |
Басым дақылдардың тiзбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | 1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге |
1 | Майлы дақылдар (күнбағыс, мақсары, зығыр, қыша) | 10 000 |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 206 қаулысына 2-қосымша |
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
Облыс атауы | Бюджет қаражатының көлемі, теңге |
Батыс Қазақстан облысы | 237 575 000 |