"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бөкей ордасы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6880 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөкей ордасы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөкей ордасы ауданының әкімі | Н. Даумов |