Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 19-12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 шілдеде № 28873 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Бәйтерек аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат хатшысы Н. Хайруллин

  Бәйтерек ауданы мәслихатының
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 19-12 шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1.

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,60

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,93

3.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,26

4.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,65

5.

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,0009

6.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек - орын

0,78

7.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,32

8.

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,39

9.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,10

10.

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

11.

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,04

12.

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,08

13.

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,39

14.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,39

15.

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,10

16.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,22

17.

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,13

18.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары

1 машина-орын

1,97

19.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,09

20.

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

1,97

21.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,76

22.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,39

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м2 – шаршы метр

      м3 – текшее метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады