Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Кирсанов ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 ақпанда № 26744 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Кирсанов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Кирсанов ауылының көшелері:

      Лесхозная көшесін Орманшы көшесіне;

      Алматинская көшесін Желтоқсан көшесіне;

      Набережная көшесін Жайық көшесіне;

      Степная көшесін Көкжар көшесіне;

      Пионерская көшесін Дәстүр көшесіне;

      Центральная көшесін Арай көшесіне;

      Конторская көшесін Шамшырақ көшесіне;

      Школьная көшесін Шаңырақ көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Январцев ауылдық округінің әкімі А. Жумагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады