Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 сәуірде № 27793 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Чинарев ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев ауылының көшелері:

      Центральная көшесін Шәкәрім көшесіне;

      Молодежная көшесін Жас Дәурен көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Январцев ауылдық округінің әкімі А. Жумагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады