"Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 31718 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 348 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10258 болып тіркелген) өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Негізгі ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және уату-сұрыптау жылжымалы және құрастыру-бөлшектеу уату-сұрыптау және байыту қондырғыларын (бұдан әрі - фабрика) кесектеу (агломерация, брикеттеу, кесектеу), байыту, ұсақтау және пайдалану жөнінде қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою кезіндегі ұйымдастыру мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жұмысшылар мен мамандарды олардың мамандықтарына сәйкес арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, жарамды қорғау дулығаларымен, көзілдірікпен, жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз ету және оларды пайдалануды міндеттеу қажет.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      12. Қауіпсіздіктің жоғары талаптары қойылған жұмыстарды жүргізуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген "Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидалары" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 болып тіркелген) сәйкес ресімделген нысан бойынша жоғары қауіптілігі жұмыстарды орындауға жазбаша жүктелім-рұқсатнама беріледі.";

      Рұқсат беру наряды мен бөгде ұйымның персоналы жұмыстарды орындау үшін объекті аумағында рұқсатнама ресімделеді. Онда қауіпті факторлар көрсетіледі, рұқсат алған ұйым жұмыстарды орындайтын және оларды қауіпсіз өндіретін учаскенің немесе объектінің шекаралары белгіленеді.

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Барлық қызмет көрсететін алаңшаларды, өтпелі көпірлер мен баспалдақтарды берік, орнықты етіп орындау және 0,14 м биіктікке таяныштардың төменгі жағы бойынша тұтас қаптамасы және көлденең шабағы бар (тік баспалдақтардан басқа) биіктігі кемінде 1 м таянышпен жабдықтау қажет.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Материалдарды уату және ұсақтау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Бункердің қабылдау алаңы және қоректендіруші алаңының, ірі бөлгіштер арасында байланыс (телефон, радиобайланыс, дауыс зорайтқыш, жарықты) болуы қажет.";

      49-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар сақтандырғыш әбзел киеді және мықты тірекке байланады. Жұмыс жүргізу кезінде бункер үстіндегі бөлімде тұрған бақылаушы сымарқан мен арқанды ұстап тұрады;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Флотация бөлімдерін, магнитті сепарация бөлімдерін, байытудың электрлік және радиометрлік әдістерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Гравитациялық байыту әдісі кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қойылту, сусыздандыру және кептіру бөлімін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау Гидрометаллургиялық процесс кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      128-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Реакторлар мен сілтісіздендіргіштер оларды сұйықтықтармен толтырудың деңгейін бақылайтын техникалық құралдармен, белгіленген деңгейден артуына жол бермейтін дабылмен жабдықталады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Құрамында алтын бар кендерді және құмдарды өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Реагенттік бөлімдерді және реагенттер қоймаларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Қалдық шаруашылығында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Агломерация және кесектеу, кептіру бөлімдерінде әктасты күйдіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Кендердің, концентраттар мен кенсіз материалдар қоймаларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Технологиялық көлікте өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Жөндеу-монтаждау және такелаж жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Ғимараттарды, техникалық құрылғыларды, желдету қондырғыларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Құрамында жоғары табиғи радиоктивті компоненттер бар кендерді қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады