Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 31720 болып тіркелді

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 6-2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9724 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 82 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20920 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне мәлімет үшiн, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сот әкімшілігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Републикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 11 бұйрығымен
бекітілген

Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау (бұдан әрі – есепке алу) тәртібін анықтайды.

      2. Есепке алудың мақсаты Шет мемлекеттердің аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты анық ақпараттардан тұрады.

      3. Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) ақпараттар жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) "Қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және шет елде жазасын өтеп жүрген адамға карточка" атты электрондық ақпараттық есепке алу құжатын (бұдан әрі – карточка) толтыру жолымен, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      4. Шет мемлекет сотының қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісі не заңды күшіне енген айыптау үкімі (қаулысы) есепке қою үшін негіздеме болады.

      5. Егер Қазақстан Республикасы ратифицирлаған халықаралық шартта іс-қимыл қағидалары белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2-тарау. Есепке алуды жүргізу тәртібі

      6. Есепке алуды жүргізу Комитетке Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінен (бұдан әрі – ҚР СІМ КҚД), Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінен (бұдан әрі – шетелдердегі мекеме), Қазақстан Республикасының сот әкімшілігінен (бұдан әрі – Сот Әкімшілігі), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ӘМ) және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ІІМ) келіп түскен мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) шет мемлекет сотының қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің не заңды күшіне енген айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелері;

      2) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері.

      Заңның 6-бабының 1-тармағында санамаланған адамдарда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамдарда есепке алу үшін (көші-қон полициясы органдары Қазақстан Республикасының азаматтығын растаған жағдайда) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) және "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген, жеке басын куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формуляр нысанындағы мәліметтер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) пайдаланылуы мүмкін;

      3) өздеріне қатысты мәліметтер бұрын Комитетке жіберілген адамдардың үкімін (қаулысының) өзгерту, босату не шартты түрде мерзімінен бұрын босату не қайтыс болуы туралы түзету құжаттары.

      7. Карточкаға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген куәландырылатын құжаттардан мәліметтер графикалық көшірмелерін қоса сала отырып, Комитетке келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      8. Қазақстан Республикасының қылмыстық жауаптылыққа тартылған азаматтары туралы деректер оны бекіту күні көрсетіле отырып, қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің көшірмесі негізінде толтырылады, сотталған және шетелде жазасын өтеп жүрген азаматтар туралы деректер айыптау үкімінің (қаулысының) заңды күшіне ену күні көрсетіле отырып, соттың айыптау үкіміне (қаулысына) сәйкес толтырылады.

      Шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту не соттау фактісін растайтын құжаттар болмаған фактісі анықталған және осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында жазылған құжаттар негізінде сотталған адамға қатысты мәліметтер енгізілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде соттың айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелерін ҚР СІМ КҚД немесе тікелей тиісті шетелдердегі мекемеден талап ету қажет.

      9. Сауалнама деректері осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі негізінде енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, азамат туралы қажетті мәліметтер құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы қалыптастырылған құжаттар негізінде енгізіледі.

      10. Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген адамның елі мен ұлтын белгілеуге арналған цифрлық кодтар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Әлем мемлекеттерінің сөздігіне" және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес "Ұлттар сөздігіне" сәйкес келуге тиіс.

      11. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – № 29 Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) нысан бойынша дактилоскопиялық карталар, заңды күшіне енген соттың айыптау үкімдерінің (қаулысының) көшірмелерімен автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттар жүйесіне енгізіледі.

      12. Арнайы есепке алуды түзетуді Комитет жеке тұлғаның есепке алуға, оған қолда бар мәліметтерге қатысты түзету енгізу туралы жазбаша өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып (өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және құжаттардың түпнұсқалары немесе сот тағайындаған жазаны өтеу немесе соттылығын алып тастау фактісін растайтын нотариалды куәландырылған, заңдастырылған, апостиль қойылған көшірмелер) жүргізеді.

      Өтініште көрсетілген сауалнамалық деректер өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерімен сәйкес келуі керек. Тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), туған күнін, жылын өзгерткен тұлғалар қазіргі және бұрынғы сауалнамалық деректерін көрсетеді.

      Құжаттардың түпнұсқасын қайтару қажет болған жағдайда, өтініш беруші бұл туралы өтініште көрсетеді.

1-параграф. ҚР СІМ КҚД растайтын құжаттарды Комитетке есепке алу үшін ұсыну

      13. Шетелдегі мекемелер Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту және/немесе соттау фактісін растайтын құжаттарды келген елдің құзыретті органдарынан құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ҚР СІМ КҚД-ға қайта жібереді.

      Қазақстан Республикасының азаматтарын қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісі анықталған кезде, "Қазақстан Республикасының 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысының 36-бабына сәйкес шетелдегі мекемелер келген елдегі құзыретті органдардан осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды талап етеді.

      Курьерлік жеткізу кезеңі растайтын құжаттарды қайта жіберу мерзімдерін есептеу кезінде ескерілмейді.

      14. ҚР СІМ КҚД шетелдердегі мекемелерден келіп түскен құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке жібереді.

      15. Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, шетелдердегі мекемелер есепке алуды жүргізу үшін қажетті барлық құжатты ұсынбаған жағдайда, Комитет құжаттардың жоқтығы фактісі анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша мәліметтерді тиісті шетелдердегі мекемеден ҚР СІМ КҚД арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-1-4/252 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 460 бірлескен бұйрығы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету ережесiн бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21405 болып тіркелген) талап етеді.

      16. Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, болу елінің тиісті есепке алуды жүргізу үшін қажетті барлық құжатты ұсынбаған жағдайда, құжаттардың жоқтығы фактісі анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шетелдегі мекемелер қосымша мәліметтерді болу елінің тиісті құзыретті органынан талап етеді.

      17. ҚР СІМ КҚД шетелдік мекемелердің растайтын құжаттарды мерзімінде ұсынуын бақылауды жүзеге асырады.

      18. Шетелдегі мекемелер жылына бір рет тиісті консулдық округ аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының тізімін ҚР СІМ КҚД-ға жібереді.

      Есепке алудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Комитет жылына бір рет ҚР СІМ КҚД-да шетелдердегі мекемелері ұсынған тізімдік деректерді АЖ мәліметтерімен салыстыру жүргізеді.

      Салыстыру нәтижелері актімен ресімделеді, ол 2 данада жасалады және оған ҚР СІМ КҚД және Комитет басшылары қол қояды.

2-параграф. Сот әкімшілігімен, ҚР ӘМ және ҚР ІІМ растайтын құжаттарды Комитетке есепке алу үшін ұсыну

      19. Сот әкімшілігі, ҚР ӘМ және ҚР ІІМ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен алынған Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің және/немесе заңды күшіне енген шет мемлекет сотының айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелері келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комитетке халықаралық деңгейде көшірмелерін жібереді.

3-тарау. Есепке алуды пайдалану және сақтау тәртібі

      20. Есепке алуды пайдалану тәртібі № 29 қағидалармен регламенттелген.

      21. Қағаз жеткізгіштердегі растайтын құжаттар тегі бойынша есепке алу бөлімшелерінде олар келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде сақталады, кейіннен ведомстволық архивке сақтауға жіберіледі.

      Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған және/немесе сотталған және жазасын өтеп жатқан адамдар туралы мәліметтер АЖ-да тұрақты сақталады.

  Шетелде қылмыстық
жауаптылыққа тартылған,
сотталған және жазасын өтеп
жүрген Қазақстан
Республикасының азаматтарын
арнайы есепке алуды жүргізу,
пайдалану және сақтау
қағидаларының
1-қосымша

      нысан

Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген тұлғаларға берілетін карточка

1.* Қылмыстық жауаптылыққа тартылған мемлекет _______________________ код _________ атауы, кодты көрсетіп

2. ТЕГІ

2.1 АТЫ

2.2 ӘКЕСІНІҢ АТЫ (ол болған кезде)





3. Жынысы: еркек (1), әйел (2).
4. Туған жылы " ____" _________19____жыл
5. Туған жері ______________________________________________________
6. Ұлты (кодты көрсетіп): __________________________ код ______________
7. Жеке басты куәландыратын құжат,: № _________ "___" ___________ ______ жыл
төлқұжат (1), жеке куәлік (2), туу туралы куәлік (3), басқалар (4), босатылуы туралы анықтама (5)
_______жылғы "___ " ___________ ___________________________________ берілді
қашан және кім берді
8. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________
9. Қылмыстық заңнама баптары, қылмыстың сипаты
_______________________________________________________________________
(нормативтік құқытық актінің баптары және оның қылмыстық жауатылыққа тартылған мемлекеттегі атауы)
_______________________________________________________________________
10. Айыптау тағылған күн 20______жылғы "____" _______________
11. Соттаған_____________________________________________________________
(үкім шығарған сот органының толық атауы)
12 Сот шешімі шығарылған күн 20______жылғы "____" __________________
13.Қылмыстық заңнама баптары ___________________________________________
14. Бас бостандығынан айыру мерзімі_______________________________________
15. Қосымша жаза________________________________________________________
________________________________________________________________________
16. Үкім заңды күшіне енді 20______жылғы " _____ " __________________
17. Жазасын өтеу мерзімінің басталған күні 20______жылғы " ____ " _____________
18. Босату, ауыстыру туралы мәліметтер______________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
19. Басқа белгілер ________________________________________________________ (растайтын құжаттардың, графикалық көшірмелердің болуы)
________________________________________________________________________

20. ҚСжАЕАК қызметкері _________________________________________________
21. Мәлімет енгізілген күн 20_____жылғы " _____ " __________________

      Ескерту: 1, 2, 2.1, 2.2, 4, 9-тармақтар міндетті түрде толтыруға жатады.

  Шетелде қылмыстық
жауаптылыққа тартылған,
сотталған және жазасын өтеп
жүрген Қазақстан
Республикасының азаматтарын
арнайы есепке алуды жүргізу,
пайдалану және сақтау
қағидаларының
2-қосымша

Әлем мемлекеттерінің сөздігі

Австралия одағы

021

Иордандия Хашимит Королдігі

285

Панама Республикасы

557

Австрия Республикасы

025

Ирак Республикасы

289

Папуа Тәуелсіз мемлекеті Жаңа Гвинея

561

Әзербайжан Республикасы

029

Ислам Республикасы Иран

293

Парагвай Республикасы

565

Албания Республикасы

033

Ирландия

297

Перу Республикасы

569

Алжир Халықтық Демократия Республикасы

037

Исландия

301

Польша Республикасы

573

Ангола Республикасы

041

Испания Корольдігі

305

Португалия Республикасы

577

Андорра Хандығы

045

Италия Республика

309

Пуэрто-Рико Ынтымақтастығы

581

Антигуа және Барбуда

049

Йемен Республикасы

313

Реюньон

585

Антиль аралдары

053

Кабо-Верде Республикасы

317

Ресей Федерациясы

589

Арнайы әкімшілік аудан Аомынь (Макао)

057

Қазақстан Республикасы

321

Руанда Республикасы

593

Аргентина Республикасы

065

Камбоджа Корольдігі

325

Румыния

597

Армения Республикасы

061

Камерун Республикасы

329

Сент Винсент және Гренадины

629

Ислам Республикасы Ауғаныстан

069

Комор аралдары

369

Сент-Китс және Невис Федерациясы

633

Багам аралдары

073

Канада

333

Эль-Сальвадор Республика

601

Халық Республикасы Бангладеш

077

Катар мемлекеті

337

Сан-Марино Республикасы

605

Барбадос

081

Кения Республикасы

341

Демократиялық Республика Сан-Томе және Принсипи

609

Бахрейн Корольдігі

085

Кипр Республикасы

345

Сауд Аравия Корольдігі

613

Беларусь Республикасы

089

Кирибати Республика

353

Свазиленд Корольдігі

617

Белиз

093

Қытай Халық Республикасы

349

Сейшель аралдары Республикасы

621

Бельгия Корольдігі

097

ҚХДР

361

Сенегал Республикасы

625

Бенин Республикасы

101

Колумбия Республикас

365

Сент-Люсия

637

Болгария Республикасы

105

Конго Демократиялық Республикасы

373

Сербия Республикасы

641

Боливия көпұлтты мемлекеті

109

Корея Республикасы

377

Сингапур Республикасы

645

Босния және Герцеговина

113

Коста-Рика Республикасы

381

Сирия Араб Республикасы

649

Ботсвана Республикасы

117

Кот-д-Республикасы Ивуар

385

Словения Республикасы

653

Федеративті Бразилия Республика

121

Куба Республикасы

389

Соломонов аралдары

661

Бруней-Даруссалам

125

Кувейт Мемлекеті

393

Федеративті Республика Сомали

665

Буркина – Фасо мемлекеттері

129

Қырғыз Республикасы

357

Судан Республикасы Республика

669

Республика Бурунди

133

Лаосс Халық-Демократиялық Респу́бликасы

397

Суринам

673

Бутан Корольдігі

137

Латвия Республикасы

401

Америка Құрама Штаттары

657

Вануату Республикасы

141

Лесото Корольдігі

405

Сьерра-Леоне Республикас

677

Ватикан

145

Республика Либерия

409

Арнайы әкімшілік аудан Гонконг

681

Біріккен Корольдік Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия

149

Ливан Республикасы

413

Тәжікстан Республикасы

685

Венгрия

153

Ливия Мемлекеті

417

Таиланд Корольдігі

689

Боливариан Республикасы Венесуээла

157

Литва Республикасы

421

Тайвань

693

Шығыс Тимор Демократиялық Республикасы

161

Лихтенштейн Князьдігі

425

Бірлескен Танзания Республикасы

697

Вьетна́м Социалистік Республикасы

165

Ұлы Герцог Люксембург

429

Тоголез Республикасы

701

Габон Республикасы

169

Маврикий Республикасы

433

Тонга Корольдігі

705

Гаити

173

Ислам Республикасы Мавритания

437

Тринидад және Тобаго Республикасы

709

Кооперативті Республика Гайана

177

Мадагаскар Республикасы

441

Тувалу

713

Республика Гамбия

181

Македония Республика

445

Тунис Республикасы

717

Республика Гана

185

Республика Малави

449

Түркменстан

721

Гваделупа

189

Малайзия

453

Түрік Республикасы

725

Гватемала Республикасы

193

Мали Республикасы

457

Уганда Республикасы

729

Гвиана

197

Мальдив Республикасы

461

Өзбекстан Республикасы

733

Гвиней Республикасы

201

Мальта Республикасы

465

Украина

737

Республика Гвинея - Бисау

205

Марокко Корольдігі

469

Уругвай Шығыс Республикасы

741

Федеративті Германия Республикасы

209

Мартиника

473

Фиджи Республикасы

745

Гибралтар

213

Мексика Бірлескен Штаты

477

Филиппин Республикасы

749

Гондурас Республикасы

217

Мозамбик Республикасы

481

Финляндия Республикасы

753

Гренада

221

Молдова Республикасы

485

Француз Республикасы

757

Грек Республикасы

225

Монако Князьдігі

489

Хорватия Республикасы

761

Грузия

229

Монғолия

493

Орталық Африка Республикасы

765

Дания Корольдігі

233

Одақ Республикасы Мьянма

497

Чад Республикасы

769

Джибути Республикасы

237

Намибия Республикасы

501

Черногория

773

Доминики Бірлестігі

241

Науру Республикасы

505

Чили Республикасы

781

Доминикан Республикасы

245

Федеративті Демократиялық Непал Республикасы

509

Чехия Республикасы

777

Басқалар

829

Нигер Республикасы

513

Швейцар Конфедерациясы

785

Араб Республикасы Египет

249

Федеративті Нигерия Республикасы

517

Швеция Корольдігі

789

Заир Республикасы

253

Нидерланды Корольдігі

521

Демократиялық Социалистік Республика Шри-Ланка

793

Замбия Республикасы

257

Никарагуа Республикасы

525

Эквадор Республикасы

797

Батыс Сахара

261

Жаңа Зеландия

529

Экваториальды Гвинея Республикасы

801

Тәуелсіз Мемлекет Самоа

265

Норвегия Корольдігі

537

Эстон Республикасы

805

Зимбабве Республикасы

269

БАЭ

541

Федеративті Эфиопия Демократиялық Республикасы

809

Израиль Мемлекеті

273

Сұлтанат Оман

545

Оңтүстік-Африка Республикасы

817

Индия Республикасы

277

Ислам Республикасы Пакистан

549

Ямайка

821

Индонезия Республикасы

281

Палестина

553

Япония

825

  Шетелде қылмыстық
жауаптылыққа тартылған,
сотталған және жазасын өтеп
жүрген Қазақстан
Республикасының азаматтарын
арнайы есепке алуды жүргізу,
пайдалану және сақтау
қағидаларының
3-қосымша

Ұлттар сөздігі

Авар

43


Лезгин

40

Азербайджан

23


Литва

18

Ауған

45


Ливан

60

Ангол

58


Мари

13

Араб

54


Молдаван

24

Армян

15


Монғол

57

Ассири

38


Мордвин

14

Балкар

34


Неміс

08

Башкир

35


Перуан

50

Белорус

09


Поляк

22

Белудж

49


Пуштун

48

Бербер

47


Осетин

20

Болгар

12


Орыс

01

Вьетнам

51


Серб

56

Гвиней

59


Сирия

53

Грек

37


Тәжік

10

Грузин

16


Татар

05

Дұнған

36


Түркмен

28

Еврей

03


Түрік

33

Ингуш

39


Өзбек

26

Үндіс

46


Ұйгыр

29

Қазақ

02


Украин

06

Қалмақ

41


Финн

21

Қарақалпақ

44


Француз

55

Қырғыз

27


Цыган

04

Қытай

30


Чечен

42

Корей

31


Чуваш

07

Кубин

52


Эстон

19

Курд

32


Басқа ұлттар

25

Латыш

17





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады