Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже 15-тармағының 226) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Біріздендірілген инвестициялық стандарт бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің |
|
2023 жылғы 18 қаңтардағы | |
№ 5 Бұйрыққа 1-қосымша |
Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 226) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығы рейтингін айқындауға арналған.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) анкеталық сауалнама – инвестициялық тартымдылық рейтингін бағалау кезінде кәсіпкерлерге қатысты жүргізілетін сауалнама;
2) "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторды сүйемелдеу – инвестицияларды тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестицияларды тарту саласындағы өңірлік ұйымдар тарапынан инвесторға ақпараттық, консультациялық, ұйымдастырушылық жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешені;
3) инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты – инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвесторлардың ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдары тарапынан мемлекеттік, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуына көмек көрсетудің орталықтандырылған нысаны;
4) рейтинг – жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмыс жүргізу нәтижелері бойынша қалыптастырылған өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың рейтингі.
3. Рейтингтің мақсаты өңірлерде инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жағдайлар жасау және жоспарларды орындау жөніндегі қолданыстағы шаралардың тиімділігін бағалау болып табылады. Рейтингтің міндеті инвесторлармен жұмыс істеу бойынша үздік практикаларды анықтау, ел өңірлеріне инвестициялар тарту жөніндегі шараларды жақсарту үшін ынталандырулар жасау болып табылады.
4. Рейтинг жүргізу үшін кәсіпкерлерге анкеталық сауалнама жүргізіледі (әрбір өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 15 (он бес) кәсіпкер болады).
Анкеталық сауалнама өңірлердегі, қаржы институттарының "бір терезе" қағидаты қызметін бағалауға, инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігіне, бизнеске әкімшілік қысым деңгейіне және өңірлерде көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары деңгейіне бағытталады.
2-тарау. Өңірлердің инвестициялық тартымдылығы рейтингін айқындау
5. Рейтинг әдіснамасы мынадай 9 (тоғыз) бағытты қамтиды:
1) өндірістік қордың өсу қарқыны;
2) шағын және орта кәсіпкерліктің өсу қарқыны;
3) инвестицияның өсу қарқыны;
4) қаржы институттары;
5) нысаналы индикаторларды орындау;
6) "бір терезе" қағидаты бойынша қызметті жүзеге асыруды бағалау;
7) инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігі;
8) бизнеске әкімшілік қысым;
9) мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары.
6. Әрбір бағыт бойынша өңірдің қорытынды нәтижесіне әсер ететін коэффициенттер қойылады.
7. Рейтинг "қатты" және "жұмсақ" деректер негізінде қалыптастырылады. "Қатты" деректер деп статистикалық және ведомстволық деректер түсініледі. "Жұмсақ" деректер деп кәсіпкерлерге анкеталық сауалнама жүргізу және сараптамалық бағалау арқылы далалық зерттеулердің нәтижелері түсініледі.
8. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы рейтингісінің қорытынды формуласы:
R = Салмақ1 × F1 + Салмақ2 × F2 + Салмақ3 × F3 + Салмақ4 × F4 + Салмақ5 × F5 + Салмақ6 ×F6 + Салмақ7 × F7 + Салмақ8 × F8 + Салмақ9 × F9, мұндағы:
R – өңірдің инвестициялық тартымдылығы рейтингісінің қорытынды мәні;
F1 – өндірістік қордың өсу қарқыны;
F2 – шағын және орта кәсіпкерліктің өсу қарқыны;
F3 – инвестицияның өсу қарқыны;
F4 – қаржы институттары;
F5 – нысаналы индикаторларды орындау;
F6 – "бір терезе" қағидаты қызметін бағалау;
F7 – инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігі;
F8 – бизнеске әкімшілік қысым;
F9 – мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары.
Әрбір бағыттың маңыздылығы ескеріле отырып, қорытынды мәнде салмақ белгіленді, ол мынадай мәндерді сипаттайды: Салмақ1 – 15%; Салмақ2 – 10%; Салмақ3 – 45%; Салмақ4 – 5%; Салмақ5 – 10%; Салмақ6 – 2,5%; Салмақ7 – 5%; Салмақ8 – 5%; Салмақ9 – 2,5%.
9. F1 бағыты – "Өндірістік қордың өсу қарқыны" мынадай 2 (екі) фактордан тұрады:
1) өңірдің жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексі;
2) өңір экспортының өсу қарқыны.
10. Көрсеткіштер бойынша өлшем бірлігін бірыңғай жүйеге келтіру мақсатында алдын ала әрбір көрсеткіш бойынша өңірлер бойынша саралау және алынған мәндердің ең жақсы көрсеткішпен арақатынасын салыстыру жүзеге асырылады (мұнда 1 (бір) балл – ең нашар көрсеткіш, 20 (жиырма) балл – ең жақсы көрсеткіш).
11. F2 бағыты – "Шағын және орта кәсіпкерліктің өсу қарқыны" мынадай факторлардан тұрады:
1) өңірлерде шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының өсу қарқыны;
2) өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының өсу қарқыны.
12. F3 бағыты – "Инвестицияның өсу қарқыны" мынадай факторлардан тұрады:
1) негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны;
2) тікелей шетелдік инвестициялардың өсу қарқыны.
13. F4 бағыты – "Қаржы институттары" мынадай факторлардан тұрады:
1) қаржы қаражатының қолжетімділігі;
2) әртүрлі қаржыландыру институттарының болуы туралы хабардар болу;
3) қаржы институттарының қызметіне қанағаттану.
14. F5 бағыты – "Нысаналы индикаторларды орындау" негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторлардың орындалу дәрежесі факторынан тұрады.
15. F6 бағыты – "Бір терезе" қағидатының қызметін бағалау" консультациялық көрсетілетін қызметтерді алуға қанағаттану факторынан тұрады.
16. F7 бағыты – "Инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігі" мынадай факторлардан тұрады:
1) кәсіпкерлердің инвестициялық инфрақұрылым объектілеріне қанағаттанушылығы;
2) кәсіпкерлердің жол желісінің сапасына қанағаттануы;
3) кәсіпкерлердің телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануы;
4) жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамаыз ету жөніндегі ақпаратпен толықтыру сапасы.
17. F8 бағыты – "Бизнеске әкімшілік қысым" мынадай факторлардан тұрады:
1) меншікті оңай тіркеу;
2) фирмаға бір жылда сұратылған қосымша құжаттардың орташа саны;
3) сыбайлас жемқорлыққа тап болу жағдайлары.
18. F9 бағыты – "Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары" мемлекеттік қолдау шараларына қанағаттану факторынан тұрады.
19. Соңғы 24 (жиырма төрт) айда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алған кәсіпкерлердің сауалнамалық пікіртерімі осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесіне қосымша |
Нысан
Соңғы 24 айда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кәсіпкерлердің сауалнамалық пікіртерімі
1-блок. Сауалнама жүргізілетін кәсіпорындар бойынша жалпы деректер
1. Сіз мүддесін білдіріп отырған кәсіпорын атауын көрсетіңіз:
_______________________________________________________________________
2. Қазақстан Республикасының қай өңірінде кәсіпкерлік (инвестициялық) қызметті
жүзеге асыратыныңызды белгілеңіз: _______________________________________
3. Сіздің компанияңыздағы қызметкер саны: ________________________________
4. Сіздің қызметіңіз қай салаға жатады: ____________________________________
5. Сіз қандай да бір жобаға инвестиция салдыңыз ба, не өз кәсіпорныңыздың негізгі
қорларын жаңарттыңыз ба, не соңғы 3 жылда өз өңіріңіздің аумағында кәсіпорныңыз
көбейді ме: _____________________________________________________________
2-блок. Кәсіпкерге сауалнама жүргізу:
1. Жаңа жобаны іске қосқан кезде Сіздің өңіріңіздегі электр желілеріне оңай қосылуды
бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
2. Сіздің өңіріңізде бизнес жүргізу үшін қажетті жылжымайтын мүліктің (құрылыстар
мен жер учаскелерінің) қолжетімділігін бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе
кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
3. Өңір ұсынатын жалдамалы аудандарды алу жылдамдығын бағалаңыз, мұнда
0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
4. Жаңа жобаны іске қосу, негізгі қорларды жаңарту немесе кеңейту үшін Сіздің
өңіріңіздегі қаржы қаражатының қолжетімділігін бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай
мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
5. Сіздің өңіріңіздегі қаржы институттарының қызметін бағалаңыз, мұнда 0 – маған
мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
6. "Бір терезе" қағидатының қызметін бағалау, мұнда 0 – маған мұндай мәселе
кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
7. Сіздің өңіріңізде инвестициялар тарту жөніндегі ұйымдардың қызметін бағалаңыз
(мұндай ұйымдарға "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының
өңірлік өкілдіктері, инвестицияларды тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жатады),
мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
8. Өңірдегі инвестициялық инфрақұрылым объектілеріне (еркін экономикалық аймақтар,
индустриялық аймақтар, технологиялық және өнеркәсіптік парктер, алаңдар)
қанағаттанушылық, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
9. Сіздің өңіріңіздегі жол желілерінің сапасын бағалаңыз, мұнда 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
10. Сіздің өңіріңіздегі телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалаңыз,
мұнда 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
11. Өз өңіріңіздегі инвестициялық қызмет туралы интернет-ресурстың сапасын бағалаңыз,
мұнда 0 – мұндай интернет-ресурстың бар екенін білмеймін, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
12. Өңірде мүлікті тіркеу жеңілдігін бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді,
1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
13. Өңірдегі бизнесті мемлекеттік қолдау деңгейін бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай
мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
14. Сіздің бизнесіңіз жылына қанша рет әкімшілік қысым көрсету шараларына (тексерулер,
әкімшілік тергеп тексерулер міндетті түрде ұсынуға жатпайтын құжаттарға сұрау салулар)
тап болады
__________________________________________________________________________
15. Ағымдағы _____ жылы билік органдары немесе табиғи монополиялар тарапынан
сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келдіңіз бе
__________________________________________________________________________
16. Сіздің өңіріңізде бизнес немесе инвестициялық қызмет жүргізу кезінде сізді қандай
проблемалар көбірек мазалайды ______________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 5 Бұйрыққа 2-қосымша |
Біріздендірілген инвестициялық стандарт
№ | Стандарттың ережесі | Стандарттың талаптары | Ескертпе |
1-БЛОК: Қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар | |||
1. | Өңірде инвестициялық объектілер мен инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) қалыптастыру және жыл сайын жаңарту |
Жоспарды бекіту рәсімі бекітусіз қолданыстағы құжаттар негізінде қалыптастырылады немесе нормативтік құқықтық актімен бекітіледі; |
Толық Жоспарды ұсыну объектілерді инфрақұрылым түрлері бойынша топтастыруды қамтиды: |
2. | Жоспарды іске асыру нәтижелері бойынша жыл сайынғы есепті ұсыну |
1. Өңір басшысы жыл сайын инвестиция бойынша облыстық мәслихатқа өңірдегі инвестициялық ахуал туралы есеп дайындайды. | |
2-БЛОК: Кәсіпкерлік және инвестициялық қызмет үшін жағдай жасау | |||
3. |
Іске асырылатын жобаларды операциялық қолдауға негізделетін өңірлік инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) болуы. |
1. Кеңес: инвестициялық ахуалды жақсартуға байланысты жалпы жүйелік мәселелерге; |
Кеңестің құрамы: |
4. | Инвестициялар тарту және инвесторлармен жұмыс бойынша "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының өңірлік өкілдерін (бұдан әрі – "Kazakh Invest" ҰҚ" АҚ), инвестицияларды тарту саласындағы өңірлік ұйымдарын (бұдан әрі – өңірлік ұйымдар) жандандыру |
1. Өңірде инвестициялар тарту және инвесторлармен жұмыс жөніндегі өңірлік ұйымдар, "Kazakh Invest" ҰҚ" АҚ-ның өкілдері тұрақты негізде жұмыс істейді. |
Өңірлік ұйымдар, "Kazakh Invest" ҰҚ" АҚ-ның өкілдері жүзеге асырады: |
5. |
Инвесторлардың объектілерін орналастыру үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету |
Өңірде мынадай типтердің бірінің объектілеріне қолжетімділік қамтамасыз етіледі: | Инвесторларды қолдау инфрақұрылымы инвесторларға өз бизнесін қолдау қызметтерін алу және инновациялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Объектілер инвестициялар тартуға арналған алаң ретінде пайдаланылуға тиіс |
6. | Инвестициялық стратегияға және инвесторлардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін мамандықтар бойынша кәсіптік даярлау және қайта даярлау тетіктерінің болуы |
1. Инвесторлардың қажеттіліктерін зерделеуге (оның ішінде сауалнамалар) және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына негізделген түрлі бағыттағы мамандарға өңірлік еңбек нарығының кемінде 5 (бес) жыл мерзімге қажеттіліктері болжамының (бұдан әрі – Болжам) болуы. |
Өңірлік еңбек нарығы қажеттіліктерінің Болжамын ЖАО еңбек нарығының ақпараты және өңірде (әсіресе өңірдің басым салаларында) жұмыс істейтін кәсіпорындардың сұрау салулары негізінде әзірлеуге тиіс. Нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етудің тиімділігі үшін өңірдің инвестициялық стратегиясына және инвесторлардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін мамандықтар бойынша білім алушылар мен жастардың, сондай-ақ даярлау және қайта даярлау курстарынан өткісі келетін жұмыссыздардың кәсіби өзін-өзі айқындауын сүйемелдеу жөніндегі ЖАО интернет-ресурсын толтыру мәселені қарау орынды. |
3-БЛОК: Инвесторларға кепілдіктерді қамтамасыз ету | |||
7. | Инвестициялар тарту және инвесторлармен жұмыс істеу жөніндегі ұйымдарды оқыту, құзыреттілігін арттыру және бағалау жүйесінің болуы |
1. Инвестициялар тарту және инвесторлармен жұмыс істеу жөніндегі өңірлік ұйымдар, "Kazakh Invest" ҰҚ" АҚ өкілдерінің қызметкерлері үшін білімге, дағдыларға, құндылықтарға қойылатын талаптарды айқындайтын құзыреттер модельдерін құру. |
Құзыреттер моделі өңірдің инвестициялық дамуын жоспарлау және ынталандыру саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және мониторингтеу саласындағы, сондай-ақ іскерлік қарым-қатынас саласындағы кәсіби құзыретті қамтиды. |
8. | Мәселелерді жедел шешу үшін инвесторлардың ЖАО-мен тікелей байланыс арналарының болуы |
1. Инвестициялық қызмет процесінде туындайтын проблемалар мен мәселелерді жедел шешу үшін инвесторлардың ЖАО-мен тікелей байланыс арнасы (арналары) ұйымдастырылуға тиіс. |
Тікелей байланыс арнасы: |