"Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 15-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31737 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18086 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Салыстырып тексерушіні қайта аттестаттау үшін құжаттар бұрын берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі өткенге дейін, бірақ екі айдан ерте емес мерзімде МҒМО-ға ұсынылады.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1)-9) тармақшаларына сәйкес, жоғары техникалық білімі бар кандидаттарды қоспағанда, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттар;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Салыстырып тексерушілерді қайта аттестаттау үшін 3), 5) және 6) тармақшаларды қоспағанда, осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы жіберіледі.

      Сертификаттың жарамдылық мерзімі өткен соң алты айдан кешіктірмей қайта аттестаттауға құжаттарды ұсынғанда өтініш берілген өлшемнің түрі бойынша тағылымдамадан өту талап етілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
А. Шаккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады