"Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 тамыздағы № 619 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 қаңтарда № 31755 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 5 тамыздағы № 619 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19196 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің 2023 жылғы
20 қаңтардағы № 37 бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының 2019 жылғы
5 тамыздағы № 619 бұйрығымен
бекітілген

Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-8) тармақшасына және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және:

      сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау;

      электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сумен жабдықтау және су бұру, электр және жылу энергиясын беру мен жабдықтау саласындағы жекелеген функцияларды жүзеге асыруға облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдігі уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме;

      2) жұмыс тобы – сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша шығындарын субсидиялау үшін бюджеттік қаражаттарды беру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;

      3) инвестициялық бағдарлама – инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуден немесе табиғи монополия субъектісі қызметінің көрсеткіштерін қолда бар деңгейде сақтаудан көрінетін техникалық-экономикалық және (немесе) экологиялық нәтиже алу мақсатында табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, ұстап-тұруға және жаңа активтерін жасауға бағытталатын қаражатты салу және қайтару жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      4) кредиттік шарт – халықаралық қаржы ұйымымен және субсидия алушы арасында жасалған инвестициялық жобаны іске асыру туралы шарт;

      5) өтінім – шығыстар көлемін негіздеу үшін жасалатын құжаттардың жиынтығы болып табылады;

      6) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      7) субсидиялау – субсидия алушыға халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қайтарымсыз төлемдер беру;

      8) субсидия алушы – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ұйымдар, электр энергиясын беру және жабдықтау, жылу энергиясын беру және жабдықтау саласындағы ұйымдар;

      9) субсидиялау шарты – төлемдерді жүзеге асыру тәртібін, төлеу мерзімдерін, тараптардың жауапкершілігін және есептілікті ұсынуды көздейтін, субсидиялар алушы мен ЖБ әкімшісі арасында жазбаша түрде жасалатын келісім;

      10) уәкілетті орган – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) үшжақты келісім – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жергілікті атқарушы органмен және халықаралық қаржы ұйымымен қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, қолдау және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы жасасатын келісім;

      12) халықаралық қаржы ұйымы – заңды тұлғаларға қарыз және (немесе) кредит түрінде қаржылық көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы.

      3. Республикалық бюджеттен қаражат беру үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жұмыс тобын құрады, оның құрамына республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің, уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың және халықаралық қаржы ұйымының өкілдері кіреді.

      Жергілікті бюджеттен қаражат беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жұмыс тобын құрады, оның құрамына жергілікті атқарушы және өкілді органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, мәслихат депутаттарының, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, халықаралық қаржы ұйымының өкілдері кіреді.

2-тарау. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру мен онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібі

      4. Субсидиялау:

      кейін халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша субсидия алушылардың шығындарын субсидиялау үшін жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер беру жолымен;

      тиісті жылға арналған облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінде халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша субсидия алушылардың шығындарын субсидиялауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      5. Субсидиялар мынадай өлшемшарттар сақталған кезде беріледі:

      1) субсидия алушы – табиғи монополиялар субъектісі;

      2) субсидия алушыда халықаралық қаржы ұйымымен жасасқан кредиттік шарттың болуы;

      3) үшжақты келісімнің болуы;

      4) халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге бекітілген тарифтік сметаларда көзделген шығындардың болмауы немесе жеткіліксіздігі;

      5) инвестициялық жобаның және инвестициялық жобада көзделген іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі, (әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, қосылатын тұтынушылар санын ұлғайту, жұмыс орындарын (уақытша, тұрақты) құру, электр, жылу, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы мен авариялылығын азайту, тұтынушылардан алынатын дебиторлық берешекті қысқарту, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) көзделген салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау.

      6. Субсидиялау мерзімі субсидиялау өлшемшарттары мен шарттарына сәйкес келген жағдайда субсидия алушы халықаралық қаржы ұйымы кредитін алатын, оған қызмет көрсететін және өтейтін уақыт кезеңіне айқындалады.

      7. Субсидия беру халықаралық қаржы ұйымының кредиттік қаражатын алғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, бірінші басшы (немесе оны алмастыратын адам) бекіткен субсидия алушы есептерінің негізінде жүргізіледі.

      8. Субсидия алушы:

      1) анық және негізделген есептеулерді ұсынуды қамтамасыз етеді;

      2) қаражатты халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге ғана пайдаланады;

      3) қарыз мерзімі ішінде халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстарды көздейтін тарифтік сметаны қоса бере отырып, оның қолданылу мерзімі өткен соң тарифті бекітуге уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтінім беруді қамтамасыз етеді.

      9. Субсидиялар мерзімі өткен кредит берешегі бойынша есептелген және төленген пайыздарды төлеу жөніндегі негізгі борышты және өзге де шығындарды өтеуге, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу мақсатына, шаруашылық қызметінің шығындарын және субсидия алушының салық міндеттемелерін жабуға берілмейді.

      10. Егер тарифтік сметада халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған қаражаттың бір бөлігі көзделсе, халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге бөлінген субсидиялар сомасы өтеуге және тарифтік сметада көзделген шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалады. Халықаралық қаржы ұйымының несиелеріне қызмет көрсету және несиелік келісімге сәйкес халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеу және қызмет көрсету үшін қажетті шығындар.

      Халықаралық қаржы ұйымының кредиттерін өтеуге және оларға қызмет көрсетуге бөлінген субсидиялардың жалпы сомасы мыналармен анықталады:

      Халықаралық қаржы ұйымының кредитін өтеуге және оған қызмет көрсетуге қажетті шығыстардың жалпы сомасының 10 %-нан аспайтын мөлшерінде жергілікті бюджеттен;

      жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияларды ескере отырып, халықаралық қаржы ұйымының кредиттерін өтеуге және оларға қызмет көрсетуге шығыстардың қажетті сомасы мөлшерінде республикалық бюджеттен;

      Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бөлінген субсидиялардың жалпы сомасы халықаралық қаржы ұйымының қарызы бойынша негізгі борыш сомасынан аспауы керек.

      Бөлінген субсидиялар мөлшері коммуналдық қызметтерге тарифтің өсуіне қарай субсидиялаудың барлық кезеңінде кезең-кезеңімен азайтылады.

      Егер тарифтік сметаларда бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға тартылған халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге қаражат көзделмесе, онда субсидия мөлшері субсидия алушының бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыруға тартылған халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге көзделген шығындар деңгейінде айқындалады.

      11. Егер уәкілетті орган субсидиялардың қажетті көлемін азайтуға әсер ететін халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындарды көздейтін тарифтік сметаны бекіткен жағдайда, бұрын мақұлданған субсидиялар сомасы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен субсидия алушының өтінім беруі арқылы қайта қаралады.

      12. Әлеуетті субсидия алушылардың алдын ала тізбесін қалыптастыру үшін әлеуетті субсидия алушы республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қарыз беру мүмкіндігі және қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаны іске асыру қажеттілігі туралы түсіндірме жазбасы бар, оның ішінде жобаның алдын ала құны көрсетілген халықаралық қаржы ұйымының ниеттестік хаты қоса берілген ілеспе хатты ұсынады.

      13. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әлеуетті субсидия алушылардан ұсынылған ілеспе хаттарды қарайды және ілеспе хаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуетті субсидия алушылардың алдын ала тізбесін қалыптастырады.

      14. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әлеуетті субсидия алушылардың алдын ала тізбесі қалыптастырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті субсидия алушыға тізбенің көшірмесін жібереді.

      15. Субсидияларды алу үшін субсидия алушы жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) субсидия беруге өтінім (бұдан әрі-өтінім);

      2) субсидияларды ұсыну қажеттілігі туралы түсіндірме жазба (инвестициялық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, оның ішінде ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту, қосылатын тұтынушылар санын ұлғайту, жұмыс орындарын (уақытша/тұрақты) құру, электр, жылу желілерінің, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын және апаттылығын төмендету, тұтынушылардан дебиторлық берешекті қысқарту, Салық кодексіне сәйкес салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау, халықаралық қаржы ұйымымен жүргізілген жұмыс туралы ақпараты, халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге субсидия бөлінген (бөлінбеген) жағдайда көрсетілетін қызметтер тарифінің шамасын талдай отырып, тарифтік сметаларда халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған қаражаттың болуын (болмауын) көрсете отырып, халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету үшін тарифтің шамасын арттыру мүмкіндігінің (мүмкін еместігінің) перспективаларын талдауы бар);

      3) кредиттік шартының көшірмесі;

      4) үшжақты келісімнің көшірмесі;

      5) халықаралық қаржы ұйымымен келісілген халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған субсидиялардың қажетті сомасын растайтын есеп айырысулар;

      6) қолданыстағы тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      7) бекітілген (бекітілген өзгертілген) инвестициялық бағдарламалар бұйрықтарының көшірмелері;

      8) соңғы 3 (үш жыл) тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептер;

      9) соңғы 3 (үш жыл) инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер;

      10) өзге кредит беруші банктер алдында мерзімі өткен берешектің жоқ/бар екендігі туралы анықтама;

      11) қарыз алушының салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы тиісті салық органы анықтамасының көшірмесі. Анықтаманы беру күні анықтау жүргізілетін күннің алдындағы үш айдан аспауы тиіс;

      12) бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік.

      Субсидияны әлеуетті алушы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудитке жататын жағдайда, қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі ұсынылады.

      Қаржылық есептілік "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдардағы қаржылық қатысу туралы ақпаратты қоса бере отырып, теңгерім валютасында 10% және одан да көп алатын теңгерім баптарының егжей-тегжейлі түсіндірмесін қоса бере отырып ұсынылады;

      Жоғарыда аталған құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мөрмен (субсидия алушыда ол болған кезде) және субсидия алушы басшысының (немесе оны алмастыратын адамның) қолымен расталады.

      Бұл ретте, осы тармақтың 1), 5) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға субсидия алушының бірінші басшысы (немесе оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қол қояды және олар мөрмен (субсидия алушыда ол болған кезде) расталады.

      16. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынылған құжаттар құрамының толықтығын және дұрыс толтырылуын тексереді.

      Құрамы толық болмаған және (немесе) дұрыс толтырылмаған құжаттар ұсынылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ескертулер толық жойылғанға дейін құжаттарды субсидия алушыға қайтарады.

      Субсидия алушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне құжаттарды қайта қарауға жолдайды.

      17. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді және субсидия алушы ұсынған құжаттарды жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің жұмыс тобының қарауына береді.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жұмыс тобы 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялар алушының осы Қағидалардың 5-тармағында аталған субсидияларды алу критерийлеріне сәйкестігіне объективті және жан-жақты бағалау жүргізеді, субсидиялар алушының халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған субсидиялардың қажетті сомасын растайтын есептеулерді тексереді және жергілікті бюджеттен субсидиялауға бюджет қаражатын беру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар береді.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша отырыс хаттамасы ресімделеді, оған жұмыс тобының барлық мүшелері қол қояды (еркін нысанда).

      Субсидия алушы осы Қағидалардың 5-тармағында аталған субсидияларды алу критерийлеріне және халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған субсидиялардың қажетті сомасын растайтын субсидия алушының есептеулеріне сәйкес келмеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган жұмыс тобы отырысының хаттамасы қалыптастырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді қараудан бас тартады немесе өтінімді жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жұмыс тобы отырысының хаттамасының көшірмесін қоса бере отырып, субсидия алушыға түзету үшін қайтарады.

      Жергілікті бюджеттен субсидиялауға бюджет қаражатын беру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар болмаған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 10 (он) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның қаулысымен жергілікті бюджеттен субсидиялар көлемдерін бекітуді қамтамасыз етеді және өтінімді, жергілікті атқарушы орган қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.

      18. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді және субсидия алушы ұсынған құжаттарды республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісінің жұмыс тобының қарауына береді.

      Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісінің жұмыс тобы 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялар алушының халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған субсидиялардың қажетті сомасын растайтын есептеулерін тексереді және республикалық бюджеттен субсидиялауға бюджет қаражатын беру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар береді.

      Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісінің жұмыс тобы отырысының қорытындылары бойынша жұмыс тобының барлық мүшелері қол қоятын отырыс хаттамасы ресімделеді (еркін нысанда).

      Субсидиялар алушының халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған субсидиялардың қажетті сомасын растайтын есептеулері сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жұмыс тобы отырысының хаттамасы қалыптастырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді қараудан бас тартады немесе өтінімді республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісінің жұмыс тобы отырысының хаттамасының көшірмесін қоса бере отырып, субсидия алушыға түзету үшін қайтарады.

      Республикалық бюджеттен субсидиялауға бюджет қаражатын беру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар болмаған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімді қалыптастырады және бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      19. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекстің) 73-бабына сәйкес көрсетілетін республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі көрсетілетін субсидия алушы өтінімді қараудан бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Тыңдау рәсімі Кодекстің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      20. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қаражат беру тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген қаражат шегінде тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

      21. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша субсидия алушылардың шығындарын субсидиялау үшін жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер түрінде бюджет қаражатын аударады.

      22. Жергілікті атқарушы орган субсидиялау шартына сәйкес тиісті кезеңге бірінші басшы (немесе оны алмастыратын адам) бекіткен, халықаралық қаржы ұйымымен келісілген субсидияларды алушының есеп айырысуы және халықаралық қаржы ұйымының төлем шоттары негізінде субсидиялар төлеуді жүргізеді.

      Өткен қаржы жылында бюджет қаражаты пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін жоғары тұрған бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

      23. Субсидия алушы жергілікті атқарушы органнан субсидиялар алған кезде халықаралық қаржы ұйымының төлем шотында көрсетілген мерзімде халықаралық қаржы ұйымының төлемін жүргізеді.

3-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі

      24. Есептілікті жүзеге асыру мақсатында субсидиялар алушы жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есепті тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынады.

      25. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы есепті тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.

      26. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық есепті қалыптастырады.

      27. Жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштері туралы қорытынды есепті қалыптастырады.

  Сумен жабдықтау және су бұру
ұйымдарының және электр
энергиясын беру мен онымен
жабдықтау, жылу энергиясын
беру мен онымен жабдықтау
  саласындағы ұйымдардың
елді мекендерде қолданыстағы
активтерді кеңейту, жаңғырту,
реконструкциялау, жаңарту,
ұстап тұру және жаңа активтер
құру жөніндегі жобаларды іске
асыру үшін тартылған
халықаралық қаржы
ұйымдарының қарыздарын
өтеуге және оларға қызмет
  көрсетуге арналған
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп

  20__ жыл " " ____________

      Ұйымның атауы: __________________________________________

      Есептік кезеңі: ________ жыл

Алынды (мың теңге)

Игерілді (мың теңге)

Ескертпе









      Ұйымның бірінші басшысы ________________ ____________________________

      (қолы) Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

  Сумен жабдықтау және су бұру
ұйымдарының және электр
энергиясын беру мен онымен
жабдықтау, жылу энергиясын
беру мен онымен жабдықтау
саласындағы ұйымдардың
елді мекендерде қолданыстағы
активтерді кеңейту, жаңғырту,
реконструкциялау, жаңарту,
ұстап тұру және жаңа активтер
құру жөніндегі жобаларды іске
асыру үшін тартылған
халықаралық қаржы
ұйымдарының қарыздарын
өтеуге және оларға қызмет
көрсетуге арналған
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп

  20__ жыл " " ____________

      Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы: ___________________

      Нысаналы трансферттің атауы: _________________________________________

      Есептік кезеңі: ________ жыл

      Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды: _______________


Ұйымның атауы

Алынды (мың теңге)

Игерілді (мың теңге)

Ауытқушылығы (+, -) (+)артық төлеу, (-) жетіспеушілігі, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (факт), теңге

Ескертпе















  Мөр орны
(болған жағдайда)

      Облыс (республикалық маңызы бар қалалар, астана) әкімі ____________________
(қолы)

      Бірінші басшысы – жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      ________________ __________________________________
(қолы) Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

  Сумен жабдықтау және су бұру
ұйымдарының және электр
энергиясын беру мен онымен
жабдықтау, жылу энергиясын
беру мен онымен жабдықтау
саласындағы ұйымдардың
елді мекендерде қолданыстағы
активтерді кеңейту, жаңғырту,
реконструкциялау, жаңарту,
ұстап тұру және жаңа активтер
құру жөніндегі жобаларды іске
асыру үшін тартылған
халықаралық қаржы
ұйымдарының қарыздарын
өтеуге және оларға қызмет
көрсетуге арналған
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Жиынтық есеп

  20__ жыл "___" ____________

      Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы: ______________

      Нысаналы трансферттің атауы: _____________________________________

      Есептік кезеңі: ________ жыл

      Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды: _______________


Р/с

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана атауы

Ұйымның атауы

Алынды (мың теңге)

Игерілді (мың теңге)

Ескертпе













  Мөр орны
(болған жағдайда)

      Бірінші басшысы (не оны алмастыратын адам) – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

      _______________ _____________________________________

      (қолы) Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

  Сумен жабдықтау және су бұру
ұйымдарының және электр
энергиясын беру мен онымен
жабдықтау, жылу энергиясын
беру мен онымен жабдықтау
саласындағы ұйымдардың
елді мекендерде қолданыстағы
активтерді кеңейту, жаңғырту,
реконструкциялау, жаңарту,
ұстап тұру және жаңа активтер
құру жөніндегі жобаларды іске
асыру үшін тартылған
халықаралық қаржы
ұйымдарының қарыздарын
өтеуге және оларға қызмет
көрсетуге арналған
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Қорытынды есеп

  20__ жыл "___" ____________

      Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:____________________________

      Нысаналы трансферттің атауы: ______________________________________

      Есептің кезеңі: _________ жыл

      Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды: _________


Тікелей нәтиже

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштердің жоспарлы мәндері

Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы

Нәтижелерге қол жеткізу %

Жоспар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Тікелей нәтиже

Іс жүзіндегі атқару (мың теңге)

Атқарылу %

Атқарылмауы (мың теңге)

Бюджет қаражатын үнемдеу (мың теңге)

Игерілмеу (мың теңге)

Нәтижелерге қол жеткізбеу (асыра орындау) себептері

8

9

10

11

12

13

  Мөр орны
  (болған жағдайда)

      Бірінші басшысы (не оны алмастыратын адам) – республикалық бюджеттік бағдарламаның

      әкімшісі _______________ _____________________________________

      (қолы) Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады