"Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 қаңтарда № 31774 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21914 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпаратты ашық көздерден алынған ақпаратты пайдалану, телефон, оның ішінде ұялы байланыс арқылы жеке және заңды тұлғаларға сауалнама жүргізу не әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану арқылы жинауды жүзеге асырады.

      Қажет болған жағдайда тиісті тауар нарықтарында тауарлар өндіруді және(немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің атына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар жіберіледі.

      Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат ағымдағы баға жағдайына одан әрі талдау жүргізу үшін жинақтау және жүйелеу жолымен өңделеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат нысанымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
2023 жылғы 24 қаңтардағы
№ 1 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының
бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасын
бұзушылық белгілерін анықтау
мақсатында тауар нарықтарында
бағаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат нысаны

      Ұсынылады: сұраныс бойынша монополияға қарсы органға.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет–ресурста орналастырылған:

      www.gov.kz/memleket/entities

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ТНБ.

      Мерзімділігі: Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын

      бұзу белгілерін белгілеу мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу

      кезінде сұрау салу бойынша*

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: тиісті тауар нарықтарында тауарлар өндіруді

      және(немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілері.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: сұрауда көрсетілген мерзімде.

      ____________________________________________________________________

      * Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес

      монополияға қарсы орган банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар

      нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында

      белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика

      саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен,

      сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте

      көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық

      және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.

Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат

Тауар

Тауар бірлігінің бағасы
(ҚҚС есебімен)

Бағаның көтерілу себептері (бар болса)

Тауар түрі

ЕАЭО СЭҚ ТН тауар коды

Тауардың сауда белгісі

Тауардың өлшем бірлігі

Алдыңғы есепті кезеңде

Ағымдағы есепті кезеңде


1

2

3

4

5

6

7









      * ЕАЭО СЭҚ ТН – кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар

      кедендік операцияларды жүргізу мақсатында қолданатын тауарлардың жіктеуіші.

      Атауы ______________________________________________________________

      Мекен-жайы _________________________________________________________

      Телефондар __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы ______________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      _________________________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Тауар нарықтарындағы
бағалар туралы ақпарат
нысанына қосымша

"Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсініктеме тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпаратты толтыруға арналған;

      2. 1-бағанда тауардың түрі туралы мәліметтер көрсетіледі;

      3. 2-бағанда кедендік операцияларды жүргізу мақсатында кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қолданатын тауарлардың сыныптауышы бойынша тауардың коды көрсетіледі;

      4. 3-бағанда тауардың сауда маркасы көрсетіледі;

      5. 4-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі;

      6. 5-бағанда өткен кезеңдегі тауар бірлігінің бағасы туралы мәліметтер (ҚҚС есебімен) көрсетіледі;

      7. 6-бағанда өткен кезеңдегі тауар бірлігінің бағасы туралы мәліметтер (ҚҚС есебімен) көрсетіледі;

      8. 7-бағанда бағаның көтерілу себептері (өсім болған жағдайда) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады