"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 қаңтарда № 31823 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20509 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі тақырыбы өзгермейді;

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "Келісілді"

      Цифрлық даму, инновациялық

      және аэроғарыштық өнеркәсіп

      Қазақстан Республикасының

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 30 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 сәуірдегі
№ 164 бұйрығымен
бекітілген

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарының құжаттарды қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      3. Құжаттарды қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізуді ұйымдастыру үшін педагогикалық қызметкерлер, әкімшілік-басқару және оқу-көмекші қызметкерлер қатарынан қабылдау комиссиясы құрылады

      Қабылдау комиссиясының құрамына қабылдау комиссиясының төрағасы, техникалық хатшы, тіркеушілер, Зияткерлік мектептің сыртқы және ішкі аумағындағы кезекшілер, аудитория бойынша кезекшілер, аудитория бойынша әкімшілер, мейіргер, ақпараттық технология бойынша маман кіреді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнамасы бар өтініш ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен құжаттарды қабылдаған күні көрсетілген қолхат береді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдайды және оларды "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Құжаттар сәйкес болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) күн ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттама береді.

      Конкурсқа қатысуға арналған рұқсаттаманың екі данасына және қолхатқа тіркеуші, заңды өкіл және/немесе үміткер алдын ала қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен/мөртабанымен расталады. Қол және мөр/мөртабан қойылмаған рұқсаттама жарамсыз болып табылады. Рұқсаттаманың бір данасы мен қолхатты тіркеуші үміткердің жеке ісіне тігеді, рұқсаттаманың екінші данасы үміткерге не оның заңды өкіліне тапсырылады.

      Техникалық хатшы құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде мәліметтерді енгізу жолымен Бірыңғай ақпараттық білім беру ортасында (бұдан әрі - БАБО) үміткерлердің деректер базасын қалыптастырады және үміткерлерді БАБО-ға аудиториялар бойынша бөледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қаулының 7-тармағында және осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      6. Қабылдау комиссиясының төрағасы емтихан материалдарын қалыптастыру және буып-түю үшін тестілеу аудиторияларындағы үміткерлердің саны туралы ақпаратты 7-сынып үшін конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 40 (қырық) күн және 8, 9 және 11-сыныптар үшін конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын ұсынады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) белгіленген мерзімдерден кеш конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтініш берген, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде оң шешім қабылдаған жағдайда шағымда көрсетілген талаптарға толық сәйкес келетін әрекет жасаған шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      10. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      12. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу және іс жүргізу кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа шағымдануға жол беріледі. 

  "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында
дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының
"Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа
қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Қабылдау комиссиясына ата-анадан және өзгеде заңды өкілден
Тегі__________ Аты_________ Әкесінің аты ________
Тұрақты тіркелген мекенжайы_______________
Тұрғылықты (нақты) тұратын мекенжайы
__________________________________________
Телефон нөмірі ______________________
Жеке куәлік № _____________________
Берген (кім және қашан) _____________________

Өтініш

      Менің балам ___________________________________________________

      (Т.А.Ә., толық)

      туған жылы________, _____________________қаласындағы _________________ бағыттағы

      Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқыту __________тілінде жүргізілетін ___ сыныбында оқу

      үшін өткізілетін конкурстық іріктеуге қатысуына рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Осымен менің балам бөлінген гранттар шегінде оқу үшін конкурсқа осы мектепке берген

      өтінішпен қатысатыны туралы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру

      ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы

      Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидаларының

      және оның мөлшерлерінің талаптарымен танысқанымды растаймын.

      ________________ "____" __________________________

      (қолы) (өтінішті тапсыру күні)

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ филиалдарында оқуға үміткердің сауалнамасы

      ____________________________________________________________________
Тегі (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік бойынша)

      _________________________________________________________________________
Аты/ Әкесінің аты/ (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік бойынша)

Азаматтығы


Туған күні


Ұлты


Конкурсқа қатысу үшін таңдаған Назарбаев Зияткерлік мектебі


Сынып

_______________________________
болжанып отырған оқу сыныбын көрсетіңіз

Оқу тілі

_______________________________
болжанып отырған оқу тілін көрсетіңіз

Қай мектептен келді

_______________________________
Мектептің толық атауы мен орналасқан жері

Байланыс деректері

үй телефоны ________________
ұялы телефоны ______________
e-mail ______________________
 

      ___________________

      Заңды өкілдің қолы/Подпись законного представителя

      Табельдердің жылдық орташа балы

Сыныбы

Орташа балы



      Ата-аналары, қамқоршылары туралы мәліметтер:

Туысқандық дәрежесі/

Әкесі

Анасы

Қамқоршылары

Аты-жөні, туған жылы




Жұмыс/оқу орны, қызметі




Үй, жұмыс телефоны, жергілікті жер коды




      Мекенжай мәліметтері*

Тұрғылықты орнының толық мекенжайы (облыс, қала, аудан, ауыл, көше, үй, пәтер)/
_____________________________________________
 

Тіркелген орнының толық мекенжайы (облыс, қала, аудан, ауыл, көше, үй, пәтер)/
_____________________________________________
 

      * Байланыс, мекенжай деректеріңіз өзгерген жағдайда 5 күн аралығында қабылдау

      комиссиясының мүшелерін ескерту қажет

      _____________________________________

      Заңды өкілдің қолы/Подпись законного представителя

      Мен _____________________________________________________________________,

      Ата-анасының/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты

      ______________________________________________________________________________
(бұдан әрі - үміткер) Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты

      ата-анасы/заңды өкілі осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың толық және нақты

      болып табылатынын растаймын.

      Біле тұра жалған немесе толық емес деректерді беру үміткердің конкурстан шығып

      қалуына, сондай-ақ тағайындалған жағдайда "Өркен" білім беру грантынан айыруға әкеп

      соғатыны маған мәлім.

      Мен төмендегі:

      - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың

      оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен"

      білім беру грантын тағайындау қағидаларының;

      - Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру қағидаларының

      талаптарымен;

      - Зияткерлік мектептері оқушыларының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес іскерлік, классикалық

      болып табылатын бірыңғай мектеп формасы мен оқушылардың сыртқы келбетіне

      қойылатын талаптармен таныстым.

      Мен, үміткерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен"

      білім беру грантын тағайындаған жағдайда "Білім туралы" Қазақстан Республикасының

      Заңына сәйкес Зияткерлік мектептерде белгіленген барлық ережелерді орындауға міндеттене

      отырып, оның ішінде үміткердің сыртқы келбеті және бірыңғай мектеп формасын кию

      міндеттемесіне қойылатын талаптарды орындауға кепіл беремін.

      Жоғарыда көрсетілген талаптар мен міндеттемелер орындалмаған жағдайда оқушының

      Зияткерлік мектептердің құқықтық актілерінде көрсетілген тәртіптік шараларға тартылуына

      және оның Зияткерлік мектебінен шығарылуына дейін алып келетіні маған мәлім.

      Конкурсқа қатысу барысында алған сауалнамалық деректерді, конкурстық іріктеу

      нәтижелерін шетелдік әріптестерге, мемлекеттік органдарға, сарапшыларға және өзге де

      мүдделі ұйымдарға беруге, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ

      интернет-ресурсында орналастыруға қарсы емеспін.

      Мен үміткердің дербес және биометриялық мәліметтерін жинақтауға, өңдеуге келісемін.

      Үміткердің конкурстық іріктеуге қатысуына дербес жауапкершілікте боламын және

      үміткердің конкурстың барлық шарттары мен талаптарын сақтауын, сондай-ақ

      конкурсқа делдалдардың қатысуынсыз тікелей өз бетінше қатысуын қамтамасыз етуге

      міндеттенемін. Үміткердің конкурстан өту кезінде конкурстың кезеңдерін ұйымдастыруға

      және өткізуге жауап беретін ұйымдардың қызметкерлерімен ізетті болуға міндеттенемін.

      Күні ____________________ Қолы _________________

  "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында
дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының
"Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа
қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Өркен" Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну әдістері

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайды.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Қызмет көрсетуді тоқтата тұру шарттары: құжаттарды белгіленген мерзімнен кешіктіріп беру (www.​nis.​edu.​kz интернет-ресурсында орналастырылған Қызмет берушінің құжаттарын қабылдаудың бекітілген мерзімдеріне сәйкес жыл сайын құжаттарды қабылдау және бұқаралық ақпарат құралдары).
Ескерту: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 317 қаулысының 7-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау мерзімдері мен орнын, сондай-ақ конкурсты өткізу мерзімін жұмыс органы айқындайды. және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру шарттары - көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүргізіледі.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушыға) тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі - жұма аралығында сағат 12.30-дан 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.​nis.​edu.​kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Министрліктің www.​edu.​gov.​kz интернет ресурсында ("Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде) орнастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім және толтырылған сауалнама;
2) туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (болған жағдайда) не үміткердің цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), жеке куәлік не заңды өкілдің цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) егер талапкер ағымдағы оқу жылын аяқтамаған және жалғастырса, бірінші жартыжылдықтағы Зияткерлік мектепте оқу сыныбының алдындағы алдыңғы оқу жылы үшін өтініш берушінің мінез-құлқы мен есеп картасының көшірмесі. оқу. Қажетті құжаттар басшының қолымен және тиісті білім беру ұйымының мөрімен куәландырылуы тиіс.
Орта білім беру ұйымдарының 7-9 және 11-сыныптарында оқитын талапкерлердің сыныптары келесі оқу жылында көрсетілетін қызметті берушінің ұқсас сыныбында қайта оқуға құқығы жоқ, бұған сыныптары келесі оқу жылында рұқсат етілген шетелдік білім беру ұйымдарының және халықаралық мектептердің білім алушылары жатады. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан оқу бағдарламасының және білім деңгейінің айырмашылығының себебі бойынша ерекшеленуі;
4) шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарының бағдарламасы мен бағалау шәкiлiнен ерекшеленетiн бiлiм беру бағдарламасы мен бағалау шәкiлiн оқу мектебінің бағдарлама мазмұны мен бағалау шәкілін түсiндiретiн оқу үлгерімі туралы табельге ресми хаттарды қоса бередi (баға транскрипті);
5) 1 Мбайттан (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі 3х4 см өлшемдегі өтініш берушінің цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында үміткердің суретін түсіру.
Фотосурет алдыңғы жағынан жеңіл фонда, бейтарап бет әлпетіне және жабық ауызға түсірілген, онда бет фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 75% алады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған кескіндерді пайдалануға жол берілмейді. Суретке түсіру кезінде бас киімдер мен көзілдіріктерге жол берілмейді. Көздер ашық, анық көрінеді және шашпен жабылмаған. Фотосурет өлшемі кемінде 450 x 600 пиксель, ажыратымдылығы дюйміне 600 пиксель (дюйм) болуы керек.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.​nis.​edu.​kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414,8 800 080 77777.

  "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында
дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының
"Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа
қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Мектептің атауы ___________________________________________ сыныпта білім алу үшін конкурсқа қатысатын үміткердің рұқсаттамасы

ТАӘ:
ЖСН:
Туған күні:
Жеке куәлік/ туу туралы куәлік №:
Сыныбы және оқу тілі:
Кабинет:



      Үміткердің суреті

      Конкурстың өту кезеңдері __________________.

      Қазақ тілінде оқытылатын сыныптар үшін:

      - тіркеу: ____________________ (Астана қ. уақыты бойынша)

      - нұсқама беру: _______________(Астана қ. уақыты бойынша)

      - тестілеудің басталуы: ________ (Астана қ. уақыты бойынша)

      Орыс тілінде оқытылатын сыныптар үшін:

      - тіркеу: _________________ (Астана қ. уақыты бойынша)

      - нұсқама беру: ____________ (Астана қ. уақыты бойынша)

      - тестілеудің басталуы:______ (Астана қ. уақыты бойынша)

      Тіркеушінің қолы____________________________

      Күні _____________________________________

      Заңды өкілінің қолы ____________________________________

      Үміткердің қолы________________________________________

      м.о.

      Қол және мөр/мөртабан қойылмаған рұқсаттама жарамсыз болып табылады.

  "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында
дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының
"Өркен" білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ өтінішті қабылдаудан мына себептерге байланысты:

      1) көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес

      құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда;

      2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда бас тартады.

      (қажетті себептің астын сызу)

      Осы қолхат әр тарап үшін 2 данада жасалды.

      Орындаушы: Т.А.Ә. __________________ Телефоны _____________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. / қолы

      "___" ___________ 20___

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады