"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) оператор – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына айрықша құқықты растайтын құжаты немесе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жасалған ерекше құқықтар беру туралы авторлық шарты бар және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорын сүйемелдеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы бейініндегі ұйым;
2) тұқым стандарты – республикалық палаталар бекітетін тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды жануарлардың фенотиптік, өнiмдiлiк және (немесе) өзге де көрсеткіштеріне қойылатын ең төмен талаптар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (11.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу үшін асыл тұқымды жануарлар тиісті республикалық палата берген асыл тұқымдық мәртебесі немесе "Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1078 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12857 болып тіркелген) сәйкес танылған экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлігі немесе оған балама құжаты болған жағдайда топқа әлеуетті асыл тұқымды тұқымдық жануар ретінде іріктеліп алынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Нақты шаруашылықта асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу үшін топқа іріктеліп алынған әлеуетті асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың саны тиісті тұқым бойынша республикалық палатаның келісуі бойынша айқындалады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу үшін топқа іріктеліп алынған асыл тұқымды жануарлар үшін шаруашылықішілік бірдейлендірудің (түгендеу нөмірі) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес бірдейлендірудің болуы қажет.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу тәртібі
1-параграф. Етті тұқымды асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау)
6. Етті тұқымды асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) "Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11269 болып тіркелген) сәйкес есепке алу жүргізетін, толық азықтандыруды қамтамасыз ету үшін азықтық базасы бар және саламатты аймақ болып табылатын шаруашылықтарда жүргізіледі.
7. Етті тұқымды асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) үшін 205-тен (екі жүз бес) 270 (екі жүз жетпіс) күндік жасқа дейінгі, тірідей салмағы тиісті жастағы тұқымның стандартынан төмен емес етті тұқымды асыл тұқымды бұқашықтар іріктеліп алынады.
8. Өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) жүргізу үшін іріктеліп алынған етті тұқымды асыл тұқымды бұқашықтардың саны бір топта жас айырмашылығы 45 (қырық бес) күннен аспайтын 30-дан (отыз) 100-ге (жүз) дейінгі басты құрайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Етті тұқымды асыл тұқымды бұқашықтар іріктелгеннен кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қою актісі жасалады.
Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қою актісіне етті бағыттағы асыл тұқымды бұқашықтарды бағалау (сынау) жүргізілетін шаруашылық (бұдан әрі – шаруашылық) өкілі, тиісті тұқым бойынша республикалық палатаның өкілі және бонитер (классификатор) қол қояды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Іріктелген етті бағыттағы асыл тұқымды бұқашықтар серуендеу аулалары бар алаңда күтіп-бағылады және оларға тобымен қоректендіру мен суару ұйымдастырылады.
Азықтың желінуін есепке алу үшін етті бағыттағы асыл тұқымды бұқашықтарға жеке негізде бағалау (сынау) жүргізуге жол беріледі.
11. Етті бағыттағы асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) басталған күннен бастап кемінде 120 (жүз жиырма) күн, ал азықтың желінуін жеке автоматтандырылған күнделікті есепке алынуын жүргізуге және тірідей салмағының өзгеруін бақылауға мүмкіндік беретін жабдықтармен қамтамасыз етілген алаңдарда (бұдан әрі – автоматтандырылған алаң) – өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) басталған күннен бастап 60 (алпыс) күн жүргізіледі.
12. Бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар оларға тәулігіне кемінде 1000 грамм тірідей салмақ қосуға мүмкіндік беретін азықпен қамтамасыз етіледі.
13. Етті бағыттағы асыл тұқымды бұқашықтарға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) жүргізу кезеңінде мынадай көрсеткіштерді айқындау қажет:
1) асыл тұқымды бұқашықтардың тірідей салмағы - әр айдың соңында таңертең азықтандыруға және суаруға дейін жеке өлшеу жолымен немесе автоматтандырылған алаңдарда күнделікті өлшеу жолымен, ал 12 (он екі) айлық жаста - орташа салмақты есептей отырып, екі күн қатарынан өлшеу жолымен немесе автоматтандырылған алаңдарда күнделікті өлшеу жолымен;
2) 8 (сегіз) айдан 12 (он екі) айлық жастағы бұқашықтың тірідей салмағының орташа тәуліктік өсімі;
3) берілетін азықтардың орташа санын және олардың қалдықтарын екі күн қатарынан есептей отырып немесе автоматтандырылған есепке алу жүйелерімен жабдықталған алаңдарда азықтарды күнделікті өлшеу жолымен анықталатын жеген азықтарының мөлшері;
4) 8 (сегіз) айдан 12 (он екі) айлық жасқа дейінгі 1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығындары;
5) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген 12 (он екі) айлық жастағы асыл тұқымды бұқашықтардың етті пішімдерін бағалау шәкіліне сәйкес 12 (он екі) айлық жастағы асыл тұқымды бұқашықтардың ет пішімдері;
6) 12 (он екі) айлық жастағы бұқашықтың ұмасының шеңбері (сантиметрмен);
7) 12 (он екі) айлық жастағы бұқашықтың сегізкөзінің биіктігі (сантиметрмен).
8) 12 (он екі) айлық жаста екінші порция нәтижелерімен морфологиялық көрсеткіштері бойынша ештеңе қосылмаған жаңа алынған ұрықтың сапасы.
14. 8 (сегіз) айлық жастан 12 (он екі) айлық жасқа дейінгі асыл тұқымды бұқашықтарды өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды бұқашықтарды өлшеу актісіне енгізіледі.
Асыл тұқымды бұқашықтарды өлшеу актісіне шаруашылық өкілі, тиісті тұқым бойынша республикалық палата өкілі және бонитер (классификатор) қол қояды.
15. 12 (он екі) айлық жастағы бұқашықтарды өлшеу нәтижелері, 8 (сегіз) айлық жастан 12 (он екі) айлық жасқа дейінгі тірідей салмағының орташа тәуліктік өсуі, 8 (сегіз) айлық жастан 12 (он екі) айлық жасқа дейінгі 1(бір) кг өсімге арналған азық шығындары, 12 (он екі) айлық жастағы асыл тұқымды бұқашықтардың ет пішімдерін балдық бағалау, ұма шеңберінің өлшемі, 12 (он екі) айлық жастағы бұқашықтың сегізкөзінің биіктігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 12 (он екі) айлық жастағы бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) актісіне енгізіледі.
12 (он екі) айлық жастағы асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) актісіне шаруашылық өкілі, тиісті тұқым бойынша республикалық палата өкілі және бонитер (классификатор) қол қояды.
16. 12 (он екі) айлық жастағы асыл тұқымды бұқашықтардың ештеңе қосылмаған жаңа алынған ұрығы сапасының нәтижелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың ұрығын бағалау актісіне енгізіледі.
Бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың ұрығын бағалау актісіне шаруашылық өкілі, тиісті тұқым бойынша республикалық палата өкілі және бонитер (классификатор) қол қояды.
17. Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) кезінде өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың тобы шегінде селекциялық индекстер сияқты белгілері бойынша есептеледі: 12 (он екі) айдағы тірідей салмағы; орташа тәуліктік өсімі; 1 (бір) кг өсімге жұмсалған азық шығындары; ет пішімдері.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың тобы шегінде 12 (он екі) айдағы тірідей салмағының селекциялық индексі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ТССИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың тобы шегінде 12 (он екі) айдағы тірідей салмағының селекциялық индексі;
Б – өз өнімділігі бойынша бағаланған (сыналған) асыл тұқымды бұқашықтың белгісі (12 (он екі) айдағы тірідей салмағы);
Бор – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде белгінің орташа мәні (12 (он екі) айдағы тірідей салмағы).
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде орташа тәуліктік өсімнің селекциялық индексі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ТӨСИ - өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде орташа тәуліктік өсімнің селекциялық индексі;
Б – өз өнімділігі бойынша бағаланған (сыналған) асыл тұқымды бұқашықтың белгісі (бағалау (сынау) кезеңіндегі орташа тәуліктік өсім);
Бор – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде белгінің орташа мәні (бағалау (сынау) кезеңіндегі орташа тәуліктік өсім).
Ескерту. 19-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде 1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығындарының селекциялық индексі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
АШСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде 1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығындарының селекциялық индексі;
Б – өз өнімділігі бойынша бағаланған (сыналған) асыл тұқымды бұқашықтың белгісі (1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығыны);
Бор – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде белгінің орташа мәні (1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығыны).
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегіндегі ет пішімдерінің селекциялық индексі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ЕПСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың селекциялық тобы шегіндегі ет пішімдерінің селекциялық индексі;
Б – өз өнімділігі бойынша бағаланған (сыналған) асыл тұқымды бұқашықтың белгісі (ет пішімдері);
Бор – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде белгінің орташа мәні (ет пішімдері).
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) кезінде кешенді селекциялық индексті (КСИ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
КСИ – кешенді селекциялық индекс;
0,25 – әрбір селекциялық белгінің коэффициенті;
ТССИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде 12 (он екі) айдағы тірідей салмағының селекциялық индексі;
ТӨСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде орташа тәуліктік өсімнің селекциялық индексі;
АШСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде 1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығындарының селекциялық индексі;
ЕПСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегіндегі ет пішімдерінің селекциялық индексі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Әрбір белгі бойынша селекциялық индекстердің нәтижелері және кешенді селекциялық индекс осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) нәтижелері туралы есепке (бұдан әрі – есеп) енгізіледі.
24. Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) кезінде есепте қамтылған ақпарат селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық қорының (бұдан әрі – САТЖАҚ) "Бұқашықты сынау" бөліміне енгізіледі.
25. Асыл тұқымды бұқашықтарды тұқымның (популяцияның) шегінде өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) кезінде тиісті тұқым бойынша республикалық палаталар таңдау бойынша "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүргізілетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету тәртібін бекіту туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 2 шешіміне сәйкес базасында селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты талдамалық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарының біріне (бұдан әрі – ғылыми ұйым) жүгінеді және есепте қамтылған ақпаратты ұсынады.
26. Ғылыми ұйым бір тұқым шегінде асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) нәтижелері бойынша индекстерді есептеу жүргізер алдында 205 (екі жүз бес) және 365 (үш жүз алпыс бес) күндік жастағы бұқашықтардың тірідей салмағына мынадай формулалар бойынша түзету жүргізеді:
205 күндік жастағы бұқашықтардың тірідей салмағына түзету мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ТСС – асыл тұқымды бұқашықтың 205 (екі жүз бес) күндегі түзетілген тірідей салмағы;
С₈ – асыл тұқымды бұқашықтың нақты тірідей салмағы;
Ст – асыл тұқымды бұқашықтың туған кездегі нақты тірідей салмағы;
Өж– асыл тұқымды бұқашықтың өлшеу кезіндегі жасы;
205 (екі жүз бес) – асыл тұқымды бұқашықтың жасы.
Асыл тұқымды бұқашықтың 365 күндік жасқа түзетілген тірідей салмағы мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ТС₁₂ – асыл тұқымды бұқашықтың 365 (үш жүз алпыс бес) күнге түзетілген тірідей салмағы;
С₁₂ – асыл тұқымды бұқашықтың 325 (үш жүз жиырма бес)-395 (үш жүз тоқсан бес) күн аралығында нақты тірідей салмағы;
С₈ – асыл тұқымды бұқашықтың 205 (екі жүз бес)-270 (екі жүз жетпіс) күн диапазонындағы нақты тірідей салмағы;
Ө₁₂ – 325 (үш жүз жиырма бес)-395 (үш жүз тоқсан бес) күн диапазонында өлшеу кезіндегі асыл тұқымды бұқашықтың жасы;
Ө₈ – 202 (екі жүз екі)-210 (екі жүз он) күн диапазонында өлшеу кезіндегі асыл тұқымды бұқашықтың жасы;
160 (жүз алпыс) – 365 (үш жүз алпыс бесінші) және 205 (екі жүз бесінші) күн арасындағы айырмашылықтың сандық көрсеткіші;
ТС₈ – асыл тұқымды бұқашықтың 205 (екі жүз бес) күндегі түзетілген тірідей салмағы.
27. Өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) нәтижелері бойынша ғылыми ұйымдар мынадай индекстерді есептейді:
1) туған кездегі индексі;
2) енесінен шығарған кездегі индексі (205 (екі жүз бес) күнге түзетілген тірідей салмағы);
3) бір жылдық жастағы индексі (365 (үш жүз алпыс бес) күнге түзетілген тірідей салмағы);
4) орташа тәуліктік өсу индексі 8 (сегіз) айдан 12 (он екі) айға дейін;
5) азықты өтеу индексі 8 (сегіз) айдан 12 (он екі) айға дейін;
6) ет пішімдерінің индексі;
7) ұма шеңберінің индексі;
8) сегізкөз биіктігінің индексі.
28. Бір тұқымның шегіндегі асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) нәтижелері бойынша индексті есептеу "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы №149 шешімімен бекітілген Өнімділіктің ет бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
29. Ғылыми ұйымдар республикалық палатаға ақпарат берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бір тұқым шегінде асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) нәтижелері бойынша индекстердің есебін ұсынады.
30. Тиісті тұқым бойынша республикалық палата асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) нәтижелері бойынша есептелген индекстерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды бағаланған (сыналған) асыл тұқымды жануарлардың сәйкестендіру нөмірлеріне сәйкес САТЖАҚ-қа енгізу үшін операторға береді.
2-параграф. Зауыттық тұқымды асыл тұқымды жылқыларды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақ)
31. Зауыттық тұқымды асыл тұқымды жылқыларды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақ) олардың жұмысқа қабілеттілігін айқындау жолымен жүзеге асырылады.
32. Жұмысқа қабілеттілік:
1) желісті жылқылардың жүйріктігі;
2) мініс жылқыларында зауыттық, ипподромдық сынақтар нәтижелері туралы құжаттар;
3) спорттық бағыттағы мініс жылқыларында классикалық спорт түрлері бойынша спорттық сайыстардың, оның ішінде қимылдау және (немесе) секіру қасиеттері туралы және (немесе) спорттық бағыттағы мініс жылқыларының бәйге және алысқа шабу жарыстарының нәтижелері бойынша құжаттар;
4) ауыр жүк тартатын жылқыларда тарту күші бойынша айқындалады.
33. Желісті жылқылар үшін жұмысқа қабілеттілігін бағалау осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес желісті жылқылар үшін 1600 (бір мың алты жүз) метр қашықтықтағы ең жақсы жүйріктік шәкілі бойынша жүргізіледі.
34. Бірнеше жыл бойы бағаланған (сыналған) желісті жылқының жұмысқа қабілеттілігін бағалау (сынау) белгіленген жасын ескере отырып, оның өмірдегі ең үздік рекорды бойынша жүргізіледі.
35. 2400 (екі мың төрт жүз) метр және одан да көп қашықтыққа арналған рекордтар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жас төлдерді қимыл сапасы бойынша бағалау шәкілі (бақылау қашықтығы 25 (жиырма бес) метр) негізінде 1600 (бір мың алты жүз) метрге жүйріктігіне теңестіріледі.
36. Қимыл қасиеттерін бағалау:
1) уақыттың бақылау нормасынан асып кеткені үшін 1 балға;
2) қимылдың айқын ақаулары үшін 1-2 балға;
3) желіс және аяң жүру кезінде екі сәтсіздік үшін 1 балға төмендетіледі.
Қимыл қасиеттерінің қорытынды бағасы әр көрсеткіш бойынша алынған балдарды қосу және соманы 3 (үшке) бөлу арқылы анықталады.
37. Халықаралық және республикалық деңгейлердегі жарыстарда рекорд жасаған желісті жылқыларды бағалау (сынау) ортақ жол бойынша жүлделерде 2 (екі) балға, ал уақытқа жеке жүруде - 1 (бір) балға жоғарылатады.
38. Мініс жылқыларының жұмыс қабілеттілігін бағалау (сынау) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес мініс жылқылары үшін зауыттық, ипподромдық сынақтар бойынша бағалау (сынау) шәкілі бойынша жүргізіледі.
39. Спорттық бағыттағы зауыттық сынақтардан өткен 2 (екі) жастан 3,5 (үш жарым) жасқа дейінгі мініс тұқымдарының төлдері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес мініс тұқымдарының төлдерін бағалау (сынау) шәкілі бойынша бағаланады (сыналады).
40. Спорттық бағыттағы жылқылардың жұмысқа қабілеттілігін секіру қасиеттері бойынша бағалау (сынау) жылқы күшінің қасиеттерін, секіру техникасын және темпераментін бағалауды қамтиды. Еркіндіктегі кедергілерді еңсеру кезінде төлдердің күштік қасиеттерін бағалау шәкілі осы Қағидаларға 11-қосымшада келтірілген.
41. Секіру қасиеттерін бағалау әрбір жанасу (іліп кету) үшін 1 (бір) балға, бақылау кедергісін бұзғаны үшін 2 (екі) балға, кедергіні еңсеруден бас тартқаны үшін 3 (үш) балға төмендетіледі.
42. Жылқының секіру қасиеттерін оның техникалық сипаттамалары бойынша бағалау (сынау) секіру техникасы үшін ең жоғары 10 (он) балдан секірудің дұрыс техникасынан ауытқу шамасына сәйкес сипаттамалардың әрқайсысы бойынша 1-ден (бір) 3 (үш) балға дейін шегеру жолымен жүргізіледі. Ауытқулар осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес секіру техникасының сапалық сипаттамаларының негізгі комбинацияларының сызбасы бойынша тіркеледі.
43. Жылқының темпераменті 5 (бес) балдық жүйе бойынша секіру қасиеттерін сынау кезінде бағаланады (сыналады). Егер ат кедергіге тым шапшаң және есепсіз немесе баяу және құлықсыз қимылдаса, шауып келгеннен кейін тоқтамаса, адамға жақындамаса, азықты қабылдамаса, агрессия танытса, бағалау төмендейді.
44. Секіру қасиеттерінің қорытынды бағасы күштік қасиеттерін, секіру стилі мен темпераментін бағалау бойынша балдарды қосу және осы соманы 3 (үшке) бөлу арқылы анықталады.
45. Спорттық бағыттағы мініс жылқыларының өнімділігін бағалау қимылдау және секіру қасиеттерін бағалау кезінде алынған соманы 2-ге (екі) бөлу арқылы анықталады.
Ат спортының классикалық түрлері – үшсайыс, конкурлар мен ат үйрету жарыстарының нәтижелері бойынша мініс жылқыларының жұмысқа қабілеттілігін бағалау (сынау) шәкілі осы Қағидаларға 13-қосымшада келтірілген.
46. Бәйгеде және алысқа шабуда бағаланған (сыналған) жылқылардың жұмысқа қабілеттілігі бірінші орынды иеленгені үшін 8 (сегіз) балмен, қалған жүлделі орындар үшін 6 (алты) – 7 (жеті) балмен, ал қашықтықты аяқтаған жылқылар 4 (төрт) – 5 (бес) балмен бағаланады.
47. Бәйгеде және алысқа шабуда сынақтар мен жарыстардың жекелеген түрлері үшін ұпайлар қосылмайды. Жылқыны бағалау кезінде оны сынаудың барлық кезеңіндегі оның ең жақсы жетістігі есепке алынады.
48. Ауыр жүк тартатын жылқылар үшін тарту күші осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес ауыр жүк тартатын жылқылар үшін бағалау (сынау) шәкілі және осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес әр түрлі жастағы жылқыларға арналған тарту күші (килограммен) бойынша нормативтермен бағаланады.
49. Жұмысқа қабілеттілігі үшін жалпы балл 2 (екі) жастағы жылқылар үшін екі сынақ түрінің және 3 (үш) және одан жоғары жастағы жылқылар үшін үш сынақ түрінің ең төменгі балы бойынша анықталады.
50. Егер сынақтың екі түрі бойынша жылқы 8 (сегіз) -10 (он) балмен бағаланса, ең төменгі балға тағы 1 (бір) балл қосылады.
51. Бағалаудан (сынақтан) өтпеген, бірақ шаруашылық жұмыстарына пайдаланылған жылқылардың жұмысқа қабілеттілігі көрсетілген жұмыс қабілеттілігіне байланысты 3 (үш) - 4 (төрт) балмен бағаланады.
52. Жылқылардың асыл тұқымды зауыттық тұқымдарын өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) нәтижелері бонитирлеу кезінде ескеріледі және жылқының асыл тұқымдық құндылығының сапасын айқындау кезінде пайдаланылады.
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қою актісі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________ 20__ жылғы "____"________
Актінің жасалған орны
Біз, төменде қол қойғандар, _______________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымдары, аты және әкесінің аты (бар болса), тегі)
20__ жылғы "__" ________ ____________________
____________________________________________________________________
(облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)
_______________ тұқымындағы _____бас асыл тұқымды бұқашықты өз өнімділігі
бойынша бағалауға (сынауға) қою үшін іріктеу және өлшеу жүргізілгені туралы осы
актіні жасадық. Өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қойылған асыл тұқымды
бұқашықтардың тізімдемесі қоса беріледі.
____________________ ________ __________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)
____________________ _________ __________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)
____________________ ________ __________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)
Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қою актісіне қосымша Нысан |
Өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қойылған асыл тұқымды бұқашықтардың тізімдемесі
____________________________________________________________________
(облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)
Асыл тұқымды жануарлардың тұқымы: ______________ 20___ жылғы "__" _______
Р/с | Жануардың бірдейлендіру нөмірі | Түгендеу нөмірі | Туған күні | Тірідей салмағы, килограмм |
1. | 2 | 3 | 4 | 5 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
12 (он екі) айлық жастағы асыл тұқымды бұқашықтардың ет пішімдерін бағалау шәкілі
Жануардың дене бітімінің жаратылысы және жалпы дамуы | Жоғары балмен бағалау үшін қойылатын талаптар | Бағалау | ||
Ең жоғары балл | Коэффи-циент | Жалпы балл | ||
Бұлшық еттің жалпы түрі және жетілуі | Дене бітімінің тұқымға тән пропорционалдылығы. Жауырыны кең, бұлшық еті жақсы дамып домаланған. | 5 | 3 | 15 |
Кеудесі | Кең, дөңгелек, жауырыны жұмыр. Жақсы дамыған, кең, алға қарай шығыңқы | 5 | 2 | 10 |
Шоқтығы, арқасы, белі | Кең, ұзын, тегіс, бұлшық еттері жақсы дамыған | 5 | 2 | 10 |
Сегізкөз | Тегіс, кең, ұзын, бұлшық еттері жақсы дамыған, құйрығы дұрыс біткен | 5 | 2 | 10 |
Сан еті |
Тілерсек буынына дейін түсетін бұлшық еті жақсы дамыған. | 5 | 2 | 10 |
Аяқтары | Дұрыс орналастырылған, тұяқтары мықты | 5 | 1 | 5 |
Барлығы | 60 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Асыл тұқымды бұқашықтарды өлшеу актісі
____________________ Актінің жасалған орны | 20__ жылғы "____"________ |
Біз, төменде қол қойғандар, 20__жылғы "__"________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(лауазымдары, аты және әкесінің аты (бар болса), тегі)
______________________________________________________________________
(шаруашылықтың, ауданның, облыстың атауы)
_________ тұқымындағы _____ бас өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды
бұқашықтарға өлшеу жүргізілгендігі туралы осы актіні жасадық.
______________________________________________________________________
Өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қойылған асыл тұқымды бұқашықтардың тізімдемесі
қоса беріледі.
______________________ ________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)
______________________ ________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)
Асыл тұқымды бұқашықтарды өлшеу актісіне қосымша |
Нысан
Өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қойылған асыл тұқымды бұқашықтардың тізімдемесі
_____________________________________________________________________
(шаруашылықтың, ауданның, облыстың атауы)
Жануарлардың тұқымы: ___________________ 20___ жылғы "__" _______
Р/с | Жануарлардың бірдейлендіру нөмірі | Түгендеу нөмірі | Туған күні | Тірідей салмағы, килограмм |
1. | 2 | 3 | 4 | 5 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
12 (он екі) айлық жастағы асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) актісі
______________ облысы
___________ ________________ тұқымының бұқашықтары
(шаруашылық атауы) (тұқымның атауы)
Р/с № | Бірдейлендіру нөмірі | Бағалаудың (сынақтың) басындағы тірідей салмағы, килограмм | 12 айлық жастағы тірідей салмағы, килограмм | Сынақ кезеңіндегі орташа тәуліктік өсім, грамм | Тіршілік ету кезіндегі ет пішімдерін бағалау, балл | 1 кг тірідей салмағының өсуіне жұмсалған азық, килограмм | Ұмасының айналымы, сантиметр | Сегізкөздің биіктігі, сантиметр |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың ұрығын бағалау актісі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________________ 20__ жылғы "____"________
Актінің жасалған орны
Біз, төменде қол қойғандар, ________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымдары, аты және әкесінің аты (бар болса), тегі)
20__ жылғы "__" ________ _____________________________________________
____________________________________________________________________
(облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)
_______________ тұқымындағы _________ бас өз өнімділігі бойынша
бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардан ұрықтың алынғаны және
жаңадан алынған ұрықтың сапасын бағалау жүргізілгені туралы осы актіні жасадық.
Өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қойылған асыл тұқымды бұқашықтардың
тізімдемесі қоса беріледі.
____________________ ________________
__________________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)
____________________ ______________________________ _____________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)
Бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың ұрығын бағалау актісіне қосымша Нысан |
Өз өнімділігі бойынша бағалаудағы (сынаудағы) бұқашықтардың тізімдемесі _________________________________________________________________ (облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)
Жануарлардың тұқымы: ___________ 20__ жылғы "__" _____
Р/с | Лақап аты, бірдейлендіру нөмірі | Туған күні | Ұрықтың көрсеткіштері | ||
Ұрықтың сыртқы түрі | Шәуеттің концентрациясы, миллион/миллилитр | Шәуеттің белсенділігі, балл | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 6-қосымша Нысан |
Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) нәтижелері туралы есеп
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
(____________________ тұқымы бұқашықтары) ____________________________________ (облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)
Р/с № | Бұқашықтардың бірдейлендіру нөмірі | туған күні | әкесі | енесі | Сынақтың басындағы тірідей салмағы, килограмм | 12 (он екі) айлық жастағы тірідей салмағы | Сынақ кезеңіндегі орташа тәуліктік өсім | ||
килограмм | индексі | грамм | индекс | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Тіршілкі ету кезіндегі ет пішімдерін бағалау | Тірідей салмақтың 1 (бір) килограмына жұмсалғаны | Кешенді селекциялық индекс | Шәуеттің белсенділігі, балл | Ұманың орамы, сантиметр | Сегізкөз биіктігі, сантиметр | ||
балл | индексі | азық бірлігі | индексі | ||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 7-қосымша |
Желісті жылқылар үшін 1600 (бір мың алты жүз) метр қашықтықтағы ең жақсы жүйріктік шәкілі
Балл | 2,5 жас | 3 жас | 4 жас | үлкен жастағы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Орлов тұқымы | ||||
2 | 3,00 | 2,45 | 2,35 | 2,30 |
3 | 2,55 | 2,40 | 2,30 | 2,25 |
4 | 2,50 | 2,35 | 2,25 | 2,20 |
5 | 2,47 | 2,30 | 2,20 | 2,15 |
6 | 2,43 | 2,25 | 2,15 | 2,12 |
7 | 2,40 | 2,22 | 2,12 | 2,10 |
8 | 2,37 | 2,17 | 2,10 | 2,08 |
9 | 2,30 | 2,15 | 2,08 | 2,05 |
Желісті тұқымдар | ||||
2 | 2,52 | 2,40 | 2,29 | 2,27 |
3 | 2,47 | 2,35 | 2,24 | 2,22 |
4 | 2,42 | 2,30 | 2,19 | 2,17 |
5 | 2,37 | 2,25 | 2,15 | 2,13 |
6 | 2,33 | 2,20 | 2,12 | 2,10 |
7 | 2,28 | 2,18 | 2,10 | 2,08 |
8 | 2,25 | 2,15 | 2,08 | 2,06 |
9 | 2,22 | 2,10 | 2,06 | 2,03 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 8-қосымша |
Жас төлді қимылдау сапасы бойынша бағалау шәкілі (бақылау қашықтығы 25 (жиырма бес) метр)
Көрсеткіштер | Балмен бағалау | Бақылау уақыты (секунд) | |||||
10 | 9 | 8 | 7 | 6 | 5 | ||
Қадамдар саны: | |||||||
қадамдап жүргенде | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 және одан жоғары | 15 |
желіп жүргенде | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 және одан жоғары | 5 |
Қозғалыс стилі: | |||||||
(ритмділігі, икемділігі, салтанаттылығы) |
желістеу | 5 балл 5 балл |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 9-қосымша |
Мініс жылқылары үшін зауыттық, ипподромдық сынақтар бойынша бағалау (сынау) шәкілі
Бағалау (сынау) нәтижелері | Балл |
Таза қанды мініс жылқысы | |
Жарысты, бірақ бірінші орындарды жеңіп алған жоқ | 2 |
Қатардағы жарыстарда бір бірінші орынды жеңіп алды | 3 |
Қатардағы жарыстарда немесе бірінші топта және "топтан тыс" жарыстарда екі немесе одан да көп бірінші орындарды жеңіп алды | 4-5 |
Бірінші топта және "топтан тыс" жарыстарда жеңіске жетті | 6 |
Бағалау жоғарылайды: | |
3 (үш) жастағы ат жарысы үшін | 0,5 |
4 (төрт) жастағы ат жарысы үшін | 1 |
дәстүрлі жүлдеге ат жарысында ақылы орын үшін | 0,5 |
дәстүрлі жүлдені жеңіп алғаны үшін | 1 |
халықаралық жүлдеге жарыста ақылы орын үшін | 1 |
халықаралық жүлдеге жарыста бірінші орынды жеңіп алғаны үшін | 2 |
атбегілердің республикалық жарыстарында жүлдені жеңіп алғаны үшін | 0,5 |
республикалық ипподромдарда бірінші топтағы жүлделерді ұтып алғаны үшін | 3 |
тұқым рекордын орнатқаны үшін | 1 |
Дондық, кабардиндік, қарабахтық | |
Жаттыққан, бірақ жарыспады | 4 |
Ипподромда жарысты, бірақ бірінші орынды жеңіп алған жоқ | 5 |
Топтық жарыстарда 1-ші (бірінші) орынды жеңіп алды | 6 |
1-ші (бірінші) топта және "топтан тыс" жарыстарда жеңіске жетті | 7 |
Бағалау жоғарылайды: | |
атаулы жүлделердегі бірінші орындар үшін | 1 |
дәстүрлі жүлделердегі жүлделі орындар үшін | 1 |
дәстүрлі жүлделерде жеңіске жеткені, республикалық рекорд орнатқаны үшін | 2 |
Ақалтеке, таза қанды араб, буденный, тракененск, қостанай, украин, терск, батыс-еуропалық | |
жаттыққан, бірақ жарыспаған | 3 |
Ипподромда жарысты, бірақ 1 (бірінші) орынды жеңіп алған жоқ | 4 |
Жарысты, топтық жарыстарда 1-ші (бірінші) орынды жеңіп алды | 5 |
Топтық жарыстарда 2 және одан да көп бірінші орынды жеңіп алды, 1-ші (бірінші) топта және "топтан тыс" топта жарысты | 6 |
Атаулы жүлделерде 1-ші (бірінші) орынды жеңіп алды | 7 |
Бағалау жоғарылайды: | |
3 (үш) жасында және 4 (төрт) жасында жарыстарға қатысқаны үшін | 1 |
тосқауыл жарыстарына қатысқаны үшін | 1 |
дәстүрлі жүлделердегі жүлделі орындар үшін | 1 |
дәстүрлі жүлделерде жеңіске жеткені үшін | 2 |
тосқауыл жарыстарында жеңіске жеткені үшін | 1 |
стипл-чездегі жүлделі орындар үшін | 1 |
стипл-чезахтағы жеңісі үшін | 2 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 10-қосымша |
Мініс тұқымдарының төлдерін бағалау (сынау) шәкілі
Сынақ нәтижелері және оларды бағалау | Бонитерлеу балы |
6 (алты) балмен қанағаттанарлық нәтиже көрсетті | 6 |
7 (жеті) балмен қанағаттанарлық нәтижелер көрсетті | 7 |
8 (сегіз) балмен жақсы нәтижелер көрсетті | 8 |
9-10 балмен тамаша нәтижелер көрсетті | 9-10 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 11-қосымша |
Еркіндіктегі кедергілерді еңсеру кезінде төлдердің күштік қасиеттерін бағалау (сынау) шәкілі
Кедергілердің биіктігі | 140 | 130 | 120 | 110 | 100 |
Балмен бағалау | 15 | 11 | 8 | 6 | 5 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 12-қосымша |
Секіру техникасының сапалық сипаттамаларының негізгі комбинацияларының схемасы
Р/с | Көрсеткіштер | Айыппұл балдары |
1 | Мойыны жеткіліксіз иілген | -1 |
2 | Мойыны арқа сызығының деңгейінде немесе сәл төмен | -2 |
3 | Мойыны артқы сызықтан жоғары | -3 |
4 | Білегі көлденең деңгейде | -1 |
5 | Білегі көлденеңнен төмен | -2 |
6 | Білегі түсіп кеткен | -3 |
7 | Сирағы түскен, білек бұрышы 45 градус | -1 |
8 | Сирағы ілулі, білек бұрышы шамамен 90 градус | -2 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 13-қосымша |
Ат спортының классикалық түрлері – үшсайыс, конкурлар мен ат үйрету жарыстарының нәтижелері бойынша мініс жылқылардың жұмысқа қабілеттілігін бағалау (сынау) шәкілі
Жарыс түрі | Алған орындары | ||||
1 | 2-3 | 4-6 | 7-9 | 11 және оданда төмен | |
Республика чемпионаты және халықаралық жарыстар | |||||
Жоғарғы класс 170 сантиметрге (бұдан әрі – см) дейін | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 |
Ерікті спорт қоғамының және ведомствоның біріншілігі | |||||
Жоғарғы класс 160 см дейін | 9 | 8 | 7 | 6 | 4 |
Матчтық кездесулер, аймақтық, ауылдық, облыстық және жоғарыда аталған жарыстар | |||||
Жоғарғы класс 150 см дейін | 8 | 7 | 6 | 5 | 4 |
Қиын класс 120-140 см | 7 | 6 | 5 | 4 | 3 |
Қиын сынып 110-130 см | 6 | 5 | 4 | 3 | 2 |
Қиын класс 110-120 см | 5 | 4 | 3 | 2 | 2 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 14-қосымша |
Ауыр жүк тартатын жылқылар үшін бағалау (сынау) шәкілі
2 (екі) километрге желіп (минут, секунд.) | 2 километр аяңдап (минут, секунд) | 3 және одан жоғары жастағы жылқылар үшін тарту төзімділігі ( метр өтті) | Балл |
5.20 және одан жылдам | 15.30 және одан жылдам | 450 және одан жоғары | 10 |
5.30 | 16.00 | 400 | 9 |
5.45 | 16.30 | 350 | 8 |
6.05 | 17.00 | 300 | 7 |
6.30 | 17.30 | 250 | 6 |
7.00 | 18.00 | 200 | 5 |
7.30 | 18.30 | 150 | 4 |
8.00 | 19.00 | 100 | 3 |
8.30 | 19.30 | 50 | 2 |
Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына 15-қосымша |
Әр түрлі жастағы жылқыларға арналған тарту күші (килограммен) бойынша нормативтер
Сынақ түрі | Жасы | ||
2-2,5 жас | 3-3,5 жас | 4 жас және одан үлкен | |
2 (екі) километрге (бұдан әрі – км) желу | 30 | 45 | 50 |
2 (екі) км аяңдау | 90 | 125 | 150 |
Тарту төзімділігі | - | 250 | 300 |