"Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 тамызда № 34961 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31824 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тұқым стандарты – республикалық палаталар бекітетін тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды жануарлардың фенотиптік, өнiмдiлiк және (немесе) өзге де көрсеткіштеріне қойылатын ең төмен талаптар.";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу үшін асыл тұқымды жануарлар тиісті республикалық палата берген асыл тұқымдық мәртебесі немесе "Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1078 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12857 болып тіркелген) сәйкес танылған экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлігі немесе оған балама құжаты болған жағдайда топқа әлеуетті асыл тұқымды тұқымдық жануар ретінде іріктеліп алынады.

      4. Нақты шаруашылықта асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу үшін топқа іріктеліп алынған әлеуетті асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың саны тиісті тұқым бойынша республикалық палатаның келісуі бойынша айқындалады.

      5. Өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу үшін топқа іріктеліп алынған асыл тұқымды жануарлар үшін шаруашылықішілік бірдейлендірудің (түгендеу нөмірі) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес бірдейлендірудің болуы қажет.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) жүргізу үшін іріктеліп алынған етті тұқымды асыл тұқымды бұқашықтардың саны бір топта жас айырмашылығы 45 (қырық бес) күннен аспайтын 30-дан (отыз) 100-ге (жүз) дейінгі басты құрайды.

      9. Етті тұқымды асыл тұқымды бұқашықтар іріктелгеннен кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қою актісі жасалады.

      Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қою актісіне етті бағыттағы асыл тұқымды бұқашықтарды бағалау (сынау) жүргізілетін шаруашылық (бұдан әрі – шаруашылық) өкілі, тиісті тұқым бойынша республикалық палатаның өкілі және бонитер (классификатор) қол қояды.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) кезінде өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың тобы шегінде селекциялық индекстер сияқты белгілері бойынша есептеледі: 12 (он екі) айдағы тірідей салмағы; орташа тәуліктік өсімі; 1 (бір) кг өсімге жұмсалған азық шығындары; ет пішімдері .

      18. Өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың тобы шегінде 12 (он екі) айдағы тірідей салмағының селекциялық индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ТССИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың тобы шегінде 12 (он екі) айдағы тірідей салмағының селекциялық индексі;

      Б – өз өнімділігі бойынша бағаланған (сыналған) асыл тұқымды бұқашықтың белгісі (12 (он екі) айдағы тірідей салмағы);

      Бор – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде белгінің орташа мәні (12 (он екі) айдағы тірідей салмағы).";

      19-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде 1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығындарының селекциялық индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      АШСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде 1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығындарының селекциялық индексі;

      Б – өз өнімділігі бойынша бағаланған (сыналған) асыл тұқымды бұқашықтың белгісі (1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығыны);

      Бор – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде белгінің орташа мәні (1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығыны).

      21. Өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегіндегі ет пішімдерінің селекциялық индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЕПСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың селекциялық тобы шегіндегі ет пішімдерінің селекциялық индексі;

      Б – өз өнімділігі бойынша бағаланған (сыналған) асыл тұқымды бұқашықтың белгісі (ет пішімдері);

      Бор – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде белгінің орташа мәні (ет пішімдері).

      22. Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) кезінде кешенді селекциялық индексті (КСИ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      КСИ – кешенді селекциялық индекс;

      0,25 – әрбір селекциялық белгінің коэффициенті;

      ТССИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде 12 (он екі) айдағы тірідей салмағының селекциялық индексі;

      ТӨСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде орташа тәуліктік өсімнің селекциялық индексі;

      АШСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегінде 1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығындарының селекциялық индексі;

      ЕПСИ – өз өнімділігі бойынша бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтар тобы шегіндегі ет пішімдерінің селекциялық индексі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 19 тамыздағы
№ 277 бұйрығына
1-қосымша
Асыл тұқымды жануарларға
өз өнімділігі бойынша бағалау
(сынақтар) жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қою актісі

      ___________________ 20__ жылғы "____"________

      Актінің жасалған орны

      Біз, төменде қол қойғандар, _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымдары, аты және әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20__ жылғы "__" ________ ____________________

      ____________________________________________________________________

      (облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)

      _______________ тұқымындағы _____бас асыл тұқымды бұқашықты өз өнімділігі

      бойынша бағалауға (сынауға) қою үшін іріктеу және өлшеу жүргізілгені туралы осы

      актіні жасадық. Өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қойылған асыл тұқымды

      бұқашықтардың тізімдемесі қоса беріледі.

      ____________________ ________ __________________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)

      ____________________ _________ __________________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)

      ____________________ ________ __________________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)

  Асыл тұқымды бұқашықтарды
өз өнімділігі бойынша
бағалауға (сынауға) қою актісіне
қосымша
Нысан

Өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қойылған асыл тұқымды бұқашықтардың тізімдемесі

      ____________________________________________________________________

      (облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)

      Асыл тұқымды жануарлардың тұқымы: ______________ 20___ жылғы "__" _______

Р/с

Жануардың бірдейлендіру нөмірі

Түгендеу нөмірі

Туған күні

Тірідей салмағы, килограмм

1.

2

3

4

5






  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 19 тамыздағы
№ 277 бұйрығына
2-қосымша
Асыл тұқымды жануарларға
өз өнімділігі бойынша бағалау
(сынақтар) жүргізу
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардың ұрығын бағалау актісі

      ______________________ 20__ жылғы "____"________

      Актінің жасалған орны

      Біз, төменде қол қойғандар, ________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымдары, аты және әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20__ жылғы "__" ________ _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)

      _______________ тұқымындағы _________ бас өз өнімділігі бойынша

      бағаланатын (сыналатын) асыл тұқымды бұқашықтардан ұрықтың алынғаны және

      жаңадан алынған ұрықтың сапасын бағалау жүргізілгені туралы осы актіні жасадық.

      Өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынауға) қойылған асыл тұқымды бұқашықтардың

      тізімдемесі қоса беріледі.

      ____________________ ________________

      __________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)

      ____________________ ______________________________ _____________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)

  Бағаланатын (сыналатын)
асыл тұқымды бұқашықтардың
ұрығын бағалау актісіне
қосымша
Нысан

Өз өнімділігі бойынша бағалаудағы (сынаудағы) бұқашықтардың тізімдемесі _________________________________________________________________ (облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)

      Жануарлардың тұқымы: ___________ 20__ жылғы "__" _____

Р/с

Лақап аты, бірдейлендіру нөмірі

Туған күні

Ұрықтың көрсеткіштері

Ұрықтың сыртқы түрі

Шәуеттің концентрациясы, миллион/миллилитр

Шәуеттің белсенділігі, балл

1

2

3

4

5

6







  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 19 тамыздағы
№ 277 бұйрығына
3-қосымша
Асыл тұқымды жануарларға
өз өнімділігі бойынша бағалау
(сынақтар) жүргізу
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Асыл тұқымды бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынау) нәтижелері туралы есеп (____________________ тұқымы бұқашықтары) ____________________________________ (облыстың, ауданның, шаруашылықтың атауы)

Р/с №

Бұқашықтардың бірдейлендіру нөмірі

туған күні

әкесі

енесі

Сынақтың басындағы тірідей салмағы, килограмм

12 (он екі) айлық жастағы тірідей салмағы

Сынақ кезеңіндегі орташа тәуліктік өсім

килограмм

индексі

грамм

индекс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

Тіршілкі ету кезіндегі ет пішімдерін бағалау

Тірідей салмақтың 1 (бір) килограмына жұмсалғаны

Кешенді селекциялық индекс

Шәуеттің белсенділігі, балл

Ұманың орамы, сантиметр

Сегізкөз биіктігі, сантиметр

балл

индексі

азық бірлігі

индексі

11

12

13

14

15

16

17

18










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады