Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1078 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 қаңтарда № 12857 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 02.06.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 3-2/1078 бұйрығына
1-қосымша

Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті
немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзiрлендi, экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) импорттаушы – Қазақстан Республикасына асыл тұқымды өнiмдi (материалды) әкелудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      2) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану – импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берілген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың осы Ережемен бекітілген тәртіпте келісілген Үлгіге сәйкестігін растау рәсімі;

      3) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісі (бұдан әрі – Үлгі) – экспорттаушы елдердің құзыретті органдарымен қабылданған асыл тұқымдық өнім (материал) туралы жалпы мәліметтердің жиынтығы;

      4) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – республикалық палата (бұдан әрі – Палата) жыл сайын құратын алқалы орган, оның құзыретіне импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәліктердің немесе оларға балама құжаттардың үлгілерін олардың келісілу мәніне қарау кіреді.

      3. Асыл тұқымды өнімді (материалды) шетелден алғаш әкелген кезде осы елден алғаш әкелінген асыл тұқымды өнімнің (материалдың) осы түріне және тұқымына Үлгіні келісу рәсімі жүргізіледі.

      4. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты тану мынадай сатыларды қамтиды:

      1) өтінімдерді қарастыру және асыл тұқымдық куәліктің көшірмелерін (түпнұсқасын) келісілген Үлгімен салыстыру;

      2) асыл тұқымдық куәлікті тану туралы шешім қабылдау.

2. Асыл тұқымды өнiмді (материалды) импорттаушылардың Үлгіні
келістіруге арналған өтінімдерін қарастыру тәртібі

      5. Импорттаушы асыл тұқымды өнім (материал) межелі орынға әкелінгенге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Палатаға өтінішпен жүгінеді.

      Импорттаушы өтiнiшке Үлгіні қоса бередi.

      6. Ұсынылған Үлгіде мынадай мәлiметтер көрсетiлуі тиіс:

      1) асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты берген құзыреттi органның атауы;

      2) импорттаушы туралы мәлімет (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) туған (алынған) күні;

      4) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) лақап аты (бар болса);

      5) сәйкестендіру нөмірі (татуировка, сырға, чип, таңба – санамаланғандардың бірі немесе комбинациясы);

      6) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) тұқымы (құжаттарда мәліметтер бар болса);

      7) малдың жынысы (малды әкелген жағдайда);

      8) асыл тұқымдық кiтап немесе құзыретті органның тiркелiмi (олар жүргiзiлген жағдайда) бойынша тiркеу нөмiрi;

      9) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) генетикалық бағалау нәтижесi (жүргізілген жағдайда);

      10) тұқым-тегі (экспорттаушы елдердің талаптарына сәйкес беріледі);

      11) асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың берілген күнi (бар болса);

      12) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) түсі және ерекше белгілері (бар болса);

      13) экспорттаушы елдерде қабылданған әдістемелер бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) индекстік бағалаудың немесе экспорттаушы елде қабылданған әдістемелер бойынша асыл тұқымды өнімнің (материалдың) немесе оның арғы тектерінің біреуінің өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштерінің болуы. Мал шаруашылығында экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттардағы жануардың өзінің немесе оның арғы тектерінің біреуінің өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға жол беріледі. Асыл тұқымдық куәлікке немесе оған балама құжатқа қосымша түрінде, жеткізушімен расталған, фермаішілік есеп құжаттары бойынша жануардың шығу тегі мен өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға жол беріледі.

      7. Өтініш тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Палата Үлгіні Комиссияның қарауына жолдайды.

      8. Комиссия Палатаның, қоғамдық бірлестіктердің және салалық ғылыми ұйымдардың өкілдерінен тұрады, ал төрағасы Палатаның басшысы болып табылады.

      9. Палата отырысты өткізуге дейін бес жұмыс күні бұрын өкілдері Комиссия құрамына кіретін ұйымдарды олардың Комиссия жұмысына қатысуын қаматамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы үшін жазбаша түрде, сондай-ақ электрондық мекенжайларына хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      10. Комиссияның Үлгіні қарастыру мерзімі ол Палатада тіркелген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

      11. Комиссияның шешімі Комиссия Төрағасы және оның мүшелері қол қоятын, еркін нысандағы Акт түрінде қабылданады.

      Комиссия мүшелері Актімен келіспеген жағдайда, Актіге келіспеу себептері көрсетілген қосымша жасалады, оған Комиссияның келіспеген мүшесі қол қояды.

      12. Өтініш берілген Үлгіде немесе құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда Осы Ереженің 6-тармағындағы мәліметтер көрсетілген жағдайда, Комиссия Үлгіні келісу туралы шешім қабылдайды.

      Өтінілген Үлгіде немесе құзыретті органның ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттарда осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мәліметтердің болмауы немесе сәйкес келемеуі, Үлгіні келісуден бас тарту үшін себеп болып табылады.

      13. Импортталған асыл тұқымдық өнiмге (материалға) берілген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың Үлгісі келісілген жағдайда келісілген Үлгі Палатаның ғаламтор-қорында орналастырылады.

      14. Палата өтінім берілген Үлгінің келісілгені немесе келісуден бас тартылғаны туралы шешім бар Комиссия ұсынған актіні алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жолдайды.

      15. Үлгіні экспорттаушы елдің құзыретті органдары өзгерткен жағдайда Үлгі қайта келісуге жатады.

3. Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл
тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi
немесе оған балама құжатты тану тәртiбi

      16. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану үшін импорттаушы Палатаға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Импорттаушы өтінішке экспорттаушы елдің құзыреттi органы берген асыл тұқымдық куәлiктердің немесе оған балама құжаттардың көшірмелерін және мiндеттi түрде қайтару шартымен оларды салыстыру үшін түпнұсқаларын қоса бередi.

      17. Ірі қара мал бойынша экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттардағы малдың өзінің өнімділігі немесе арғы тегінің біреуінің өнімділігі туралы мәліметтерді ұсынуға жол беріледі.

      18. Ұрықтандырылған (шағылыстырылған) малды импорттаған жағдайда экспорттаушы елдің талаптарына сәйкес болашақ тұқымның әкесі туралы мәлімет (тұқымы, тіркеу нөмірі, екі жақтағы үш буынның тұқым-тегі, ұрықтану немесе шағылысу кезеңі бойынша деректер) қосымша ұсынылады.

      Асыл тұқымдық куәлікке немесе оған балама құжатқа қосымша түрінде жеткізушімен расталған, ферма ішілік есеп құжаттары бойынша болашақ тұқымның әкесінің шығу тегі мен өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға жол беріледі.

      Таза қанды мiнiс жылқылары үшін иесiнiң өзгергенi туралы мәлiметтерді көрсете отырып, экспорттаушы елдердің жокей клубтары берген халықаралық үлгiдегi паспорт асыл тұқымдық куәлікке балама құжат болып табылады.

      19. Асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың дұрыстығы экспорттаушы елдің құзыретті органымен расталады (басшының қолымен куәландырылады және мөрмен расталады).

      20. Палата маманы асыл тұқымдық куәліктердің немесе оларға балама құжаттардың көшірмелерінде немесе түпнұсқаларында көрсетілген барлық мәліметтерді Үлгімен салыстыруды жүргізеді және осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген өтініш түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде импорттаушыға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды беріледі.

  Экспорттаушы елдердің құзыретті
органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға) берген
асыл тұқымдық куәлікті немесе оған
балама құжатты тану тәртібі туралы
ережеге 1-қосымша

      Нысан

      Кімге________________________________________________________________

      (Республикалық палата атауы)

      кімнен ______________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке

      сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның

      толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      _______________________________ құзыретті органдары импортталған асыл

      (экспорттаушы ел атауы)

      тұқымды өнімге (материалға) ____________________ берген асыл тұқымдық

      (асыл тұқымды өнімінің (материалдың) түрі)

      куәліктің/оған балама құжаттың Үлгісін келістірулеріңізді сұраймын.

      Импорттаушының мекенжайы: ___________________________________________

      телефон № ___________________________________________________________

      Өзім ұсынып отырған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

      Мен, _____________, асыл тұқым куәліктерінің келесі түпнұсқаларындағы

      деректер __________________ осы үлгісіне сәйкес болатынын растаймын.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _____________________________Күні ________________ ________________

      мөр орны (ол бар болса) (қолы)

  Экспорттаушы елдердің құзыретті
органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға) берген
асыл тұқымдық куәлікті немесе оған
балама құжатты тану тәртібі туралы
ережеге 2-қосымша

      Нысан

      Кімге________________________________________________________________

      (Республикалық палата атауы)

      кімнен ______________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке

      сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның

      толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      _______________________________ құзыретті органдары импортталған асыл

      (экспорттаушы ел атауы)

      тұқымды өнімге (материалға) ____________________ берген асыл тұқымдық

      (асыл тұқымды өнімінің (материалдың) түрі)

      куәліктің/оған балама құжаттың Үлгісін тануларыңызды сұраймын.

      Импорттаушының мекенжайы: ___________________________________________

      телефон № ___________________________________________________________

      Өтінішке экспорттаушы елдің құзыретті органы берген асыл тұқымдық

      куәлiктердің немесе оған балама құжаттардың көшірмелерін қоса

      ұсынамын.

      Өзім ұсынып отырған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _____________________________

      Күні ________________ _________________

      мөр орны (ол бар болса) (қолы)

  Экспорттаушы елдердің құзыретті
органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға) берген
асыл тұқымдық куәлікті немесе оған
балама құжатты тану тәртібі туралы
ережеге 3-қосымша

Асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану туралы
қорытынды
1. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға) берген танылған асыл тұқымдық
куәліктердің немесе оларға балама құжаттардың тізімдемесі

Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет

Асыл тұқымды малдың сәйкестендіру нөмірі**

Асыл тұқымдық куәліктің немесе сертификаттың тіркеу нөмірі

Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы деректер

түрі

жынысы

тұқымы

лақап аты және белгілері

туған күні

тірі салмағы, кг*

құлақ сырғасы

электроннды чип

татуировка

таңба


бағалау бойынша сыныбы

Индекстік бағалау ***















2. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға) берген, танылмаған асыл тұқымдық
куәліктер немесе олардың балама құжаттарының тізімдемесі

Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет

Асыл тұқымды малдың сәйкестендіру нөмірі**

Асыл тұқым куәлігінің немесе сертификаттың тіркеу нөмірі

Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы мәлімет

Асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты танымаудың себебі

түрі

жынысы

Тұқымы

Лақап аты және белгілері

Туған күні

Тірі салмағы, кг*

Құлақ сырғасы

электроннды чип

татуировка

таңба

Бағалау бойынша сыныбы

Бағалау көрсеткіші***

















      * – өнімділік бағыттағы етті ірі қара малдар, қойлар, шошқалар,

      жылқылар және түйелер үшін

      ** – санамаланғандардың бір немесе комбинациясы көрсетіледі

      *** – индекстік бағалаудың бар-жоғы туралы белгі қойылады

      Асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану туралы

      қорытындыны берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _____________________________________________________________________

      Күні ________________ ____________________

      мөр орны (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 3-2/1078 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші жойылды деп танылатын кейбір бұйрықтары

      1. "Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7677 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 тамыздағы "Егемен Қазақстан" газетінің № 477-482 (27555) сандарында жарияланды);

      2. "Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 15-04/466 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7930 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 қазандағы "Егемен Қазақстан" газетінің санында жарияланды);

      3. "Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту және "Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 3-2/320 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9606 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйектегі "Егемен Қазақстан" газетінің № 177 (28400) санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады