"Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 ақпанда № 31828 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Оқуға қабылдау ҚР ҚМ бекіткен, ҚР ҚМ әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жасаған Іріктеу жоспарына сәйкес 1 наурызға дейін жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Мерзімді әскери қызмет өткерген және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және оқуға түсетін жылы оқуға қабылдау жылының 30 сәуіріне дейінгіні қоса алғанда, олар жиырма төрт жасқа толмаған (Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес азаматтар қатарынан оқуға түсетін адамдар мерзімді қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органының бастығына жүгінеді.

      Жергiлiктi әскери басқару органының басшысы ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру бойынша жұмысты және Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өтудi ұйымдастырады.

      Арнайы тексеруден өткен, денсаулығына байланысты оқуға жарамды азаматтар оқуға қабылдау жылының 30 шілдесіне дейін әскери оқу орнына құжаттарын тапсыру және қорытынды медициналық куәландырудан өту үшін келеді.

      ҚР ҚМ жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау ҚР ҚК әскери бөлімдерінде бұрын өткізілген іріктеу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

      "42-1. Әскери колледждің жақсы және үздік оқитын, әскери институтқа оқуға түсуге ниет білдірген түлектері оқуға қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін өздері білім алатын білім беру ұйымы басшысына тиісті баянатпен жүгінеді.

      Әскери колледж бастығы Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      Әскери колледждің денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, мемлекеттік емтиханды үздік тапсырған түлектері оқуға қабылдау жылының 30 шілдесінде әскери институтқа қорытынды медициналық куәландырудан өту үшін келеді.";

      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

      "43-1. Әскери колледж түлектері әскери институтқа қорытынды аттестаттаудан өту нәтижесі негізінде аралас мамандық бойынша оқуға түседі.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. ҚР ҚМ, Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚК бас басқармаларының бастықтары, ҚР ҚК әскер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлім командирлері (мекеме бастықтары) кандидаттарды алдын ала іріктейді, оларды кәсіптік-психологиялық тестілеуден өткізеді және аттестаттау комиссиясының отырысында қарайды.

      Іріктелген кандидаттар тізімі оқуға қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.

      "Әскери істегі талдамалық жұмыс" мамандығы бойынша ҰҚУ-дың арнайы даярлық факультетіне алдын ала іріктеуді 14776 әскери бөлімі жүзеге асырады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. ҰҚУ-ның жедел-тактикалық деңгейдегі магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсетін кандидаттар тізімін ҚМ кадр жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі жасайды және оны Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы Іріктеу жоспары негізінде қабылданған оқуға қабылдау жылының 1 мамырына дейін бекітеді.

      Бекітілгеннен кейін жедел-тактикалық деңгейдегі магистратураға және докторантураға тізім қабылдау емтиханын өткізу үшін ҰҚУ-ға жіберіледі.

      ҰҚУ-ның жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейдегі магистратурасына оқуға түсетін кандидаттар тізімін ҚМ кадр жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі ҚР ҚМ орынбасарларынан бағыттар бойынша түсетін өтінім негізінде оқуға қабылдау жылының 25 мамырына дейін жасайдыжәне 30 маусымға дейін конкурстық іріктеу және әңгімелесу үшін Жоғары аттестациялау комиссиясына (бұдан әрі – ЖАК) ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:

      "56-1. Басқарудың жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейі магистратурасына оқуға түсетін адамдарды конкурстық іріктеуді ЖАК жүзеге асырады.

      ЖАК комиссиясы оқуға қабылдау жылының 10 маусымына дейін кандидаттар тізімін қарайды және кандидаттармен әңгімелесу күнін айқындайды.

      Әңгімелесу оқуға түсуші түрде келіп, офлайн режимінде, бірақ 25 маусымнан кешіктірмей өткізіледі.

      Өткізілген әңгімелесу нәтижесі бойынша комиссия дауыс беру арқылы конкурстық іріктеуден өткен және оқуға қабылдауға ұсыным жасалған адамдарды айқындайды. Конкурстық комиссияның шешімі ЖАКоғары аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      Дауыстар саны тең болған кезде ЖАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. ҰҚУ-ға оқуға қабылдау оқуға түсу емтихандары негізінде жүзеге асырылады:

      1) магистратураға (жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейдегі магистратураға оқуға түсушілерді қоспағанда):

      бейіні бойынша;

      дене шынықтыру бойынша;

      2) докторантураға:

      бейіні бойынша;

      шет тілі бойынша.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. ҚР ҚМ-ның кадр жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешімі және ЖАК шешімі негізінде оқуға қабылдау жылының 1 тамызына дейін ҚР ҚМ кадр жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ҰҚУ-ға оқуға қабылдау туралы бұйрығын шығарады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
1-қосымша
  Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан
Республикасының Қорғаныс
министрлігіне ведомстволық
бағынысты әскери оқу
орындарына оқуға қабылдау
қағидаларына
  2-қосымша

Әскери колледжге және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі

      1. Оқуға қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш немесе өтініш берушінің тегі, аты мен әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тұрғылықты жерінің мекенжайы, ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.

      2. Жеке куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа). Оқуға түсуші он алты жасқа толғанға дейін туу туралы куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) ұсынылады.

      3. Әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқасы).

      4. Білімі туралы құжаттар, ал Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж үшін негізгі орта білімі туралы аттестат (түпнұсқа және көшірме).

      5. ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бейінді пәннің бірінен кемінде 7 балл және басқа пәннің әрқайсысы үшін кемінде 4 балл) жинаған ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетіндерді және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызметті өткергендерді қоспағанда).

      6. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) әскери-дәрігерлік куәландыруды жүргізу қағидаларына сәйкес әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасы.

      Бұйрыққа сәйкес ұшқыш мамандығына оқуға түсетіндер үшін № 721 бұйрыққа сәйкес.

      7. Соттылығының болмауы туралы анықтама, ал Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж үшін ішкі істер органдарында есепте тұрмағаны туралы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшеден қосымша анықтама.

      8. Спорттық разрядты, республикалық немесе халықаралық жарыстарда, ағымдағы жылғы орындаушылар байқауында, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не ағымдағы жылы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызметті өткерген адамдарды қоспағанда) алған жүлделі орынды растайтын құжат (болған кезде).

      9. Көлемі 3х4 фотосурет – 4 дана.

      10. Ата-ана құқығын шектеуге немесе одан айыруға, ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп танылуға, қайтыс болған деп жариялауға, әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп танылуға байланысты жетім балалар мен жалғыз басты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар; сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда):

      ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;

      ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;

      ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.

      11. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) ұсынады.

      12. Арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы әскери колледжге оқуға түсетін адамдарды қоспағанда).

      13. Мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар оқуға қабылдау комиссиясына:

      әскери қызмет өткергені туралы куәлікті;

      ұсынымды (конкурстық іріктеуден өткені туралы комиссия қорытындысын) қосымша ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
1-қосымша
  Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан
Республикасының Қорғаныс
министрлігіне ведомстволық
бағынысты әскери оқу
орындарына оқуға қабылдау
қағидаларына
6-қосымша

Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын Әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін бейінді пәндер тізбесі

Р/с

Университет атауы

Мамандандырылған пәндер атауы

1

Құрлық әскерлерінің Әскери институты

Математика, физика

Математика, география, биология

2

Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты

Математика, физика

Биология, химия (әскери-медициналық мамандықтар үшін)

3

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты

Математика, физика

4

Шетел университеттері

Биология, химия (әскери-медициналық мамандықтар үшін)

шығармашылық емтихан
(музыкалық мамандықтар үшін)

шет тілі (аударма ісі үшін)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады