Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 ақпанда № 31902 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 34 бұйрығына
1-қосымша

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар

      1. Заңды тұлға мәртебесінің болуы.

      2. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кіру.

      3. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу міндеттерін орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы (үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) пайдаланушыға аккредиттеу туралы қажетті ақпарат орналастырылған ақпараттық жүйенің (сайт) болуы; магистр (біреуден артық емес), PhD докторы немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі бар толық ставкадағы кем дегенде 3 штаттық қызметкердің болуы, жыл сайын сапаны қамтамасыз ету саласында біліктілікті арттыру.

      4. Қазақстандық аккредиттеу органдары үшін сараптамалық комиссияның құрамында кемінде бір шетелдік сарапшы, ал шетелдік аккредиттеу органдары үшін магистр (біреуден артық емес), PhD докторы немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі бар және (немесе) институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу саласында не аккредиттелетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы мамандарын даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі бар кәсіптік қоғамдастықтың өкілдері болып табылатын кемінде бір қазақстандық сарапшының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы білім алушылар қатарынан өкілдерінің болуы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 24.04.2024 № 85 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 2-4) тармақшасына сәйкес, аккредиттеу рәсімдеріне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) болуы.

      6. Білім беру саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленген ұйымның даму бағдарламасының және (немесе) стратегиясының болуы.

      7. Аккредиттеу органының ақпараттық жүйесінде (сайтында) және Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымын және (немесе) білім бағдарламасын аккредиттеу туралы жарияланған ақпарат (аккредитация туралы куәлік, сыртқы аудит бойынша есептер), оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдай, шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде қабылданатын аккредиттеуді ауыстыру және мерзімін созу туралы шешімдердің (шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей), ұйым қызметінің негізгі нәтижелері бойынша жарияланған жыл сайынғы аналитикалық ақпараттың болуы.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 34 осы бұйрығына
2-қосымша

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу органы –аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға;

      2) аккредиттелген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (бұдан әрі – 2-Тізілім) – аккредиттелген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;

      3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;

      4) аккредиттелген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі – 3-Тізілім) – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі аккредиттелген білім беру бағдарламаларының (мамандықтардың) тізбесі;

      5) институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі процестерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі;

      6) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі;

      7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (бұдан әрі – 1-Тізілім) –білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;

      8) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының, олардың белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі;

      9) уәкілетті орган – орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 24.04.2024 № 85 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-бөлім. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібі

      3. Аккредиттеу органы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органы Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптарға оның сәйкестігін растау үшін уәкілетті органға тану үшін қағаз және/немесе электронды түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы талап етіледі;

      3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгендігін растайтын құжат;

      4) Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 3-тармағында көрсетілген материалдық ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;

      5) магистр (біреуден артық емес), PhD докторы немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу саласында немесе аккредиттелетін білім беру ұйымының мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат қамтылған аккредиттеу рәсіміне тартылатын сарапшылардың тізімі;

      6) аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының аккредиттеу стандарттары (регламенттері);

      7) аккредиттеу органының даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2024 № 85 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға аккредиттеу органының уәкілетті тұлғасы қол қояды.

      Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес аккредиттеу органы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Аккредиттеу органы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды қабылдайды.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде қарастырылған ретте қайтарылады.

      6. Уәкілетті орган аккредиттеу органының тану үшін ұсынылған құжаттарын уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерінен, шетелдік және қазақстандық сарапшылар, педагогтар қатарынан қалыптастырылатын Уәкілетті органның кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) қарауына береді. Кеңестің сандық құрамы кем дегенде 9 мүшеден тұрады. Кеңестің құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі – Кеңестің қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы болып табылады.

      Аккредиттеу органының құжаттары Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан Кеңес отырысында қаралады.

      Кеңес отырысына қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда ғана Кеңестің шешімдері қабылданды деп есептеледі. Кеңес шешімінің хаттамасын Кеңес төрағасы мен хатшысы рәсімдейді және қол қояды.

      7. Аккредиттеу органын тану үшін құжаттарды қарау мерзімі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күнінен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.

      8. Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 1-7-тармақтарының сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша Кеңес:

      1) аккредиттеу органын тану туралы;

      2) аккредиттеу органын танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      1-7-тармақарында көзделген негіздер болған жағдайда уәкілетті аккредиттеу органды мемлекеттік бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ аккредиттеу органды алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың өткізілетін әдісі және орны, уақыты туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама аккредиттеу органының тану мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган аккредиттеу органын тану туралы не аккредиттеу органын танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Уәкілетті орган Кеңестің шешімі негізінде аккредиттеу органын тану туралы бұйрық шығарады және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бес жыл мерзімге 1-Тізілімге енгізеді.

      Аккредиттеу органы өз қызметінің негізгі нәтижелері бойынша Кеңес отырысында жыл сайын есеп береді.

      10. Аккредиттеу органының тану мерзімін ұзарту үшін аккредиттеу органы тану мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын уәкілетті органға осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады және осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде қаралады.

      Аккредиттеу органын тану мерзімдерін ұзарту үшін құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Кеңес аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту туралы немесе тану мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту уәкілетті органның бұйрығымен бес жыл мерзімге бекітіледі.

      11. Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 1-7 тармақтарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оларды еркін нысанда жою жөнінде ұсынымдар беріледі.

      Аккредиттеу органының ұсынымдарды орындау мерзімі оны алған күннен бастап екі айдан аспайды. Осы кезеңде аккредиттеу органын тану мерзімдерін ұзарту үшін өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Ұсынымдарда көрсетілген талаптарға сәйкессіздік толық жойылған кезде Кеңес аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынымдарда көрсетілген талаптарға сәйкессіздік толық жойылмаған, ақпарат осы Қағидалардың көрсетілген мерзімнен кеш берілген жағдайларда Кеңес тану мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Аккредиттеу органы қайта ұйымдастырылған жағдайда уәкілетті орган аккредиттеу органы өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-Тізілімге тиісті өзгерістер енгізеді.

      13. Аккредиттеу органын тану мынадай:

      1) аккредиттеу органы өз еркімен қызметін тоқтату туралы өтініш берген немесе аккредиттеу органы таратылған;

      2) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімінен және (немесе) қауымдастығынан толық мүшелігінен шығарылған;

      3) Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 6, 7-тармақтарының және Кеңес шешімдерінің орындалмаған;

      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өткен кезеңдегі аккредиттеу органының қызметі туралы жыл сайынғы есепте білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу нәтижелері бойынша уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі немесе бұрмаланғандығы анықталған;

      5) білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің болмау фактісі анықталған, екі немесе одан да көп білім беру ұйымдарының білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды тоқтата тұру және одан айыру туралы шешім қабылданған;

      6) аккредиттеу органының аккредиттелген білім беру ұйымымен үлестес болу фактілерін анықталған;

      7) аккредиттеу органын тану мерзімі өткен жағдайларда 1-Тізілімнен шығарылады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Аккредиттеу органын 1-Тізілімнен шығару Кеңестің шешімі негізінде шығарылатын уәкілетті органның бұйрығымен жүргізіледі.

  Қағидаларға
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігіне
(білім беру саласындағы
уәкілетті орган)
___________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
___________________________
___________________________
(мекен жайы, БСН)

Өтініш ____________________________________________(заңды тұлғаның
толық атауы)

      Аккредиттеу органы ретінде тануды (растауды) және Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы танылған аккредиттеу органдарының 1-Тізіліміне енгізуді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекен-жайы ______________________________________

      Электрондық поштасы ___________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Басшы _____________________________________________________

      (мөр орны) (Қолтаңба) (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      "______" _________________ 20_____ж.

      (Толтырған мерзімі)

  Қағидаларға
2-қосымша
  Нысан

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарының тізілімі (1-Тізілім)

Аккредиттеу органының атауы

Аккредиттеу органының деректемелері мен байланыстары

Аккредиттеу органын тану туралы бұйрықтың берілген күні мен нөмірі

Аккредиттеу органын танудың қолданыс мерзімі

ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілуі туралы ақпарат мүшесі болуы, кіру мерзімінің басталуы







  Қағидаларға
3-қосымша
  Нысан

Аккредиттелген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (2-Тізілім)

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы

Аккредиттелген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік ұйымының деректемелері

Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі





  Қағидаларға
4-қосымша
  Нысан

Аккредиттелген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-Тізілім)

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының атауы, деректемелері

Білім беру бағдарламасының атауы

Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі





  Қағидаларға
5-қосымша

*_________________________________________________________________(ұйымның атауы)
___________________________________кезеңдегі қызметі туралы есебі

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) Аккредиттеу органының толық атауы, орналасқан жері, заңды мекен жайы, құрылымы, қызметкерлер штаты;

      2) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттелген ұйымдарының, сондай-ақ аккредиттелген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының атаулары, аккредиттеудің өткізілу мерзімі, аккредиттеу стандарттарына (регламенттерге) сәйкестігі, ұсынымдар;

      3) Аккредиттеу органының орта білім беру ұйымының, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына немесе олардың білім беру бағдарламаларына сырттай аудит жүргізілгендігі туралы есеп берілген интернет-ресурстарға сілтемелер.

      4) Аккредиттеу органының Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптарды орындауын талдау үшін мәліметтер.

      * Есеп аккредиттеу органымен жыл сайын уәкілетті органға жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде ұсынылады және Кеңес отырысында тыңдалады.

      Уәкілетті орган бес жылда бір рет аккредиттеу органы қызметінің нәтижелеріне сырттай бағалау жүргізеді.

Об утверждении требований, предъявляемые к аккредитационному органу в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования и правил признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 13 февраля 2023 года № 34. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 февраля 2023 года № 31902.

      В соответствии с подпунктом 28) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра просвещения РК от 27.06.2023 № 183 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить:

      1) Требования, предъявляемые к аккредитационному органу в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
Г. Бейсембаев

  Приложение 1
к настоящему приказу
Министра просвещения
Республики Казахстан
от 13 февраля 2023 года № 34

Требования, предъявляемые к аккредитационному органу в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

      1. Иметь статус юридического лица.

      2. Входить в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов Организации экономического сотрудничества и развития (далее – ОЭСР).

      3. Обладать ресурсами, необходимыми для исполнения обязательств по аккредитации организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, образовательных программ (наличие информационной системы (сайта), где представлена необходимая информация по аккредитации для пользователей на трех языках (казахский, русский и английский); не менее 3 штатных работников на полную ставку, имеющих степень магистра (не более одного), доктора PhD или кандидата наук, доктора наук или доктора по профилю, ежегодное повышение квалификации в области обеспечения качества.

      4. Иметь в составе экспертной комиссии для казахстанских аккредитационных органов не менее одного зарубежного эксперта, а для зарубежных аккредитационных органов не менее одного казахстанского эксперта, имеющих степень магистра (не более одного), доктора PhD или кандидата наук, доктора наук или доктора по профилю, и (или) являющихся представителями профессионального сообщества с опытом работы в сфере институциональной и специализированной (программной) аккредитации либо по профилю подготовки специалистов аккредитуемой организацией среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, представители из числа обучающихся в сфере технического и профессионального, послесреднего образования.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 24.04.2024 № 85 (вводится в действие с 29.04.2024).

      5. Иметь стандарты (регламенты) аккредитации, устанавливающие требования к процедурам аккредитации в соответствии с подпунктом 2-4) статьи 1 Закона Республики Казахстан "Об образовании".

      6. Иметь программу развития и (или) стратегию организации, разработанную с учетом стратегических и программных документов в сфере образования.

      7. Иметь в информационной системе (сайте) аккредитационного органа и в Единой информационной системе образования опубликованную информацию (свидетельство об аккредитации, отчеты о внешнем аудите) об аккредитации организации среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, в том числе зарубежных и (или) образовательной программы, в том числе решения о переносе и продлении сроков аккредитации принимаемые в период чрезвычайного положения природного, техногенного характера, ограничительных мероприятий, в том числе карантина на территории Республики Казахстан (не позднее тридцати рабочих дней со дня принятия решения), опубликованную ежегодную аналитическую информацию по основным результатам деятельности организации.

  Приложение 2
к настоящему приказу
Министра просвещения
Республики Казахстан
от 13 февраля 2023 года № 34

Правила признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 28) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее – Закон) и определяет порядок признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра просвещения РК от 27.06.2023 № 183 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) аккредитационный орган – юридическое лицо, которое проводит институциональную и (или) специализированную (программную) аккредитацию организаций образования на основе стандартов (регламентов) аккредитации;

      2) реестр аккредитованных организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, (далее – Реестр 2) – перечень аккредитованных организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования;

      3) стандарты (регламенты) аккредитации – документы аккредитационного органа, устанавливающие требования к процедуре аккредитации;

      4) реестр аккредитованных образовательных программ организаций технического и профессионального, послесреднего образования (далее – Реестр) 3) – перечень аккредитованных образовательных программ (специальность) организаций технического и профессионального, послесреднего образования;

      5) институциональная аккредитация – процедура оценивания аккредитационным органом эффективности процессов системы внутреннего обеспечения качества в организации образования согласно заявленному статусу и установленным стандартам (регламентам) аккредитации;

      6) специализированная (программная) аккредитация – процедура оценки качества отдельных образовательных программ, реализуемых организацией образования;

      7) реестр признанных аккредитационных органов в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования (далее – Реестр 1) – сформированный уполномоченным органом в области образования перечень национальных и зарубежных аккредитационных органов, включенных в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов ОЭСР;

      8) аккредитация организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования – процедура признания аккредитационным органом соответствия образовательных услуг установленным стандартам (регламентам) аккредитации с целью предоставления объективной информации об их качестве и подтверждения наличия эффективных механизмов его повышения;

      9) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области среднего, технического и профессионального, послесреднего образования.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными приказом Министра просвещения РК от 24.04.2024 № 85 (вводится в действие с 29.04.2024).

Глава 2. Порядок признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

      3. Аккредитационный орган, в том числе зарубежный в подтверждение его соответствия требованиям, предъявляемым к аккредитационному органу, утвержденным в соответствии с подпунктом 28) статьи 5 Закона, представляет для признания в уполномоченный орган следующие документы в бумажной и/или электронной формах:

      1) заявление, по форме согласно приложению 1 к Правилам;

      2) нотариально заверенные копии учредительных документов. При представлении документов на иностранных языках, требуется их нотариально заверенный перевод на казахский или русский языки;

      3) документ, подтверждающий включение аккредитационного органа в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов ОЭСР;

      4) документы, подтверждающие наличие имеющихся ресурсов, указанных в пункте 3 Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 28) статьи 5 Закона;

      5) список экспертов, привлекаемых к процедуре аккредитации с содержанием информации о степени магистра (не более одного), доктора PhD или кандидата наук, доктора наук или доктора по профилю, опыта работы в сфере институциональной и специализированной (программной) аккредитации либо по профилю подготовки специалистов аккредитуемой организации образования;

      6) стандарты (регламенты) аккредитации аккредитационного органа, устанавливающие требования к процедуре аккредитации;

      7) программа развития и (или) стратегия аккредитационного органа.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказами и.о. Министра просвещения РК от 27.06.2023 № 183 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 24.04.2024 № 85 (вводится в действие с 29.04.2024).

      4. Документы, представляемые уполномоченному органу согласно пункту 3 настоящих Правил, подписываются законным представителем аккредитационного органа.

      Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней проверяет полноту представленных документов аккредитационного органа согласно пункту 3 настоящих Правил.

      При представлении аккредитационным органом полного пакета документов уполномоченный орган принимает документы.

      5. В случае неполноты документов, указанные в пункте 3 настоящих Правил, уполномоченный орган возвращает документы в порядке, предусмотренном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

      6. Документы аккредитационного органа, представленные для признания передаются на рассмотрение совета уполномоченного органа, формируемого из числа представителей уполномоченного органа, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен", общественных объединений, объединения юридических лиц, зарубежных и казахстанских экспертов, педагогов (далее – Совет). Количественный состав Совета включает не менее 9 членов. Состав Совета утверждается приказом руководителя уполномоченного органа.

      Структурное подразделение уполномоченного органа является Рабочим органом, обеспечивающим деятельность Совета.

      Документы аккредитационного органа рассматриваются на заседании Совета, в котором присутствуют не менее двух третей его членов.

      Решения Совета считаются принятыми, если за них проголосовало большинство присутствующих на заседании Совета. Протокол решения Совета оформляется и подписывается председателем и секретарем Совета.

      7. Срок рассмотрения документов для признания аккредитационного органа составляет тридцать рабочих дней со дня принятия документов, указанные в пункте 3 настоящих Правил.

      8. По результатам рассмотрения документов на соответствие пунктов 1-7 Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 28) статьи 5 Закона, Совет принимает решение:

      1) о признании аккредитационного органа;

      2) об отказе в признании аккредитационного органа.

      При наличии оснований, предусмотренных в пунктах 1-7 уполномоченный орган уведомляет аккредитационный орган о предварительном решении об отказе о признании аккредитационного органа, а также времени, месте и способе проведения заслушивания для возможности аккредитационному органу выразить позицию по предварительному решению.

      Уведомление о заслушивании направляется не позднее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления.

      Уведомление (извещение) направляется заказным письмом с уведомлением о его вручении, телефонограммой или телеграммой, либо текстовым сообщением по абонентскому номеру сотовой связи или по электронному адресу либо с использованием иных средств связи, обеспечивающих фиксацию извещения или вызова.

      По результатам заслушивания уполномоченный орган принимает решение о признании аккредитационного органа либо об отказе в признании аккредитационного органа.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра просвещения РК от 27.06.2023 № 183 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Уполномоченный орган на основании решения Совета о признании аккредитационного органа издает приказ о признании аккредитационного органа и включает в Реестр 1 согласно Приложению 2 к Правилам сроком на пять лет.

      Аккредитационный орган отчитывается по основным результатам его деятельности на заседании Совета ежегодно.

      10. Для продления срока признания аккредитационным органом за шестьдесят календарных дней до истечения срока признания в уполномоченный орган предоставляются документы, предусмотренные пунктом 3 настоящих Правил, и рассматриваются в сроки, установленные пунктом 7 настоящих Правил.

      По результатам рассмотрения документов для продления сроков признания аккредитационного органа, Совет принимает решение о продлении срока признания аккредитационного органа, либо об отказе в продлении срока признания с предоставлением мотивированного ответа.

      Продление срока признания аккредитационного органа утверждается приказом уполномоченного органа сроком на пять лет.

      11. При выявлении несоответствия пунктам 1-7 требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 28) статьи 5 Закона, выдаются рекомендаций по их устранению в произвольной форме.

      Срок исполнения рекомендаций аккредационным органом составляет не более двух месяцев со дня его получения. На этот период приостанавливается срок рассмотрения заявления для продления сроков признания аккредитационного органа.

      При полном устранении несоответствия требованиям, указанных в рекомендациях, Совет принимает решение о продлении срока признания аккредитационного органа.

      В случаях неполного устранения несоответствия требованиям, указанным в рекомендациях, предоставления информации позже срока, настоящих Правил, Совет принимает решение об отказе в продлении срока признания.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра просвещения РК от 27.06.2023 № 183 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. При реорганизации аккредитационного органа уполномоченный орган в течение пятнадцати рабочих дней со дня обращения аккредитационного органа вносит соответствующие изменения в Реестр 1 согласно Приложению 2 к Правилам.

      13. Аккредитационный орган исключается из Реестра 1 в случаях:

      1) представления заявления о добровольном прекращении деятельности или ликвидации аккредитационного органа;

      2) исключения аккредитационного органа из реестров и (или) ассоциации аккредитационных органов ОЭСР;

      3) невыполнения пунктов 6, 7 Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 28) статьи 5 Закона, и решений Совета;

      4) обнаружения недостоверных или искаженных данных, представленных в уполномоченный орган по результатам аккредитации организаций образования и образовательных программ, в ежегодном отчете о деятельности аккредитационного органа за прошедший период согласно приложению 5 к настоящим Правилам;

      5) выявления факта отсутствия в организации образования системы внутреннего обеспечения качества, приостановления и (или) лишения лицензии на ведение образовательной деятельности и (или) приложений к лицензии в двух и более организациях образования, аккредитованных аккредитационным органом;

      6) установления фактов аффилированности аккредитационного органа с аккредитованной организацией образования;

      7) истечения срока признания аккредитационного органа.

      Сноска. Пункт 13 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра просвещения РК от 27.06.2023 № 183 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Исключение из Реестра 1 аккредитационного органа производится приказом уполномоченного органа, изданного на основании решения Совета.

  Приложение 1 к Правилам
  Форма
  в Министерство просвещения
Республики Казахстан
(Уполномоченный орган
в сфере образования)
от ______________________
(полное наименование
заявителя)
________________________
_________________________
(местонахождение, БИН)

Заявление

      Прошу признать (подтвердить) в качестве аккредитационного органа
____________________________________________________________________
(наименование юридического лица)
и внести в Реестр 1 признанных аккредитационных органов, в сфере среднего,
технического и профессионального, послесреднего образования
Адрес юридического лица _____________________________________________
Электронная почта ___________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Факс _______________________________________________________________
Руководитель ________________________________________________________
____________________________________________________________________
(подпись) (Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии))
(место печати)
"____" _________________ 20______г. (Дата заполнения)

  Приложение 2 к Правилам
  Форма

Реестр признанных аккредитационных органов в сфере среднего, технического и профессионального, послесреднего образования (Реестр 1)

Наименование аккредитационного органа

Реквизиты и контакты аккредитационного органа

Дата и номер приказа о признании аккредитационного органа

Срок действия признания аккредитационного органа

Данные о включении в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов ОЭСР,
с указанием начала срока вхождения

  Приложение 3 к Правилам
  Форма

Реестр аккредитованных организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования (Реестр 2)

Организация среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

Реквизиты аккредитованной организации среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

Сроки действия аккредитации





  Приложение 4 к Правилам
  Форма

Реестр аккредитованных образовательных программ организаций технического и профессионального, послесреднего образования (Реестр 3)

Наименование организации, технического и профессионального, послесреднего образования, реквизиты

Наименование образовательной программы

Сроки действия аккредитации





  Приложение 5 к Правилам

*Отчет о деятельности за период
___________________________________________________
___________________________________________________
(наименование аккредитационного органа)

      Сноска. Приложение 5 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра просвещения РК от 27.06.2023 № 183 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1) Полное наименование аккредитационного органа, местонахождение, юридический адрес, структура и штат сотрудников.

      2) Наименование аккредитованной организации среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, а также аккредитованных образовательных программ технического и профессионального, послесреднего образования, сроки проведения аккредитации, соответствие стандартам (регламентам) аккредитации, рекомендации.

      3) Ссылки на интернет-ресурс аккредитационного органа, где представлены отчеты о внешнем аудите организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования или образовательных программ организаций технического и профессионального, послесреднего образования.

      4) Сведения для анализа выполнения аккредитационным органом Требований предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 28) статьи 5 Закона

      * Отчет ежегодно представляется аккредитационным органом в срок до 15 июля года, следующего за отчетным, в уполномоченный орган и заслушивается на заседании Совета.

      Уполномоченный орган один раз в пять лет проводит внешнюю оценку результатов деятельности аккредитационного органа.