"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 сәуірде № 34305 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31902) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарында:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстандық аккредиттеу органдары үшін сараптамалық комиссияның құрамында кемінде бір шетелдік сарапшы, ал шетелдік аккредиттеу органдары үшін магистр (біреуден артық емес), PhD докторы немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі бар және (немесе) институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу саласында не аккредиттелетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы мамандарын даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі бар кәсіптік қоғамдастықтың өкілдері болып табылатын кемінде бір қазақстандық сарапшының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы білім алушылар қатарынан өкілдерінің болуы.";

      осы бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) аккредиттеу органы –аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға;";

      5) және 6) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі процестерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі;

      6) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі;";

      3-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) магистр (біреуден артық емес), PhD докторы немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу саласында немесе аккредиттелетін білім беру ұйымының мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат қамтылған аккредиттеу рәсіміне тартылатын сарапшылардың тізімі;".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2024 жылғы 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады