"Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 339 бұйрығына және "Авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 ақпанда № 31981 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.07.2023 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Авиациялық инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 525 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19096 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Авиация инспекторларын даярлау уәкілетті ұйыммен бекітілген бастапқы даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

      Даярлықтың мерзімділігі мен көлемін уәкілетті ұйымның ішкі актісімен белгіленеді және бекітіледі.

      7. Кәсіптік даярлық және біліктілігін ұстап тұру курстарынан өткенен кейін авиация инспекторларына авиациялық оқу орталығы тиісті курсты өткендігін растайтын құжатты (сертификатты) қағаз және (немесе) электрондық түрде береді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Авиация инспекторларының кәсіптік даярлықтан өтуі және біліктілікті ұстап тұруы туралы ақпаратты есепке алуды (жазбаларды сақтауды) уәкілетті ұйымның кадр қызметі ақпаратты электрондық түрде сақтай отырып жүзеге асырады.

      Бұл ретте авиациялық инспекторларының даярлығының деңгейі және кәсіптік қызметі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады