БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18697 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидалары және қаржыландыру көлемдерінің нормативтері (бұдан әрі – Қағидалар) "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру тәртібін айқындайды және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалпы студиялық шығындар – киножобаларды өндіруді ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға байланысты сметаның басқа баптарында ескерілмеген пайда болған шығындар;
2) кинематографиялық қызмет субъектісі – қызметінің негізгі түрлері: фильм жəне (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;
3) кинематографиялық ұйым – қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болып табылатын заңды тұлға;
4) қаражатты алушы – ұлттық фильм деп тануға үмітті киножобаны қаржыландыру туралы шарт жасасқан кинематографиялық қызмет субъектісі;
5) уәкілетті орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы – ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну бойынша бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор).
2-тарау. Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру тәртібі
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18405 болып тіркелген) сәйкес жүргізілген конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша уәкілетті орган оларды ұлттық фильм деп тануға үмітті киножобаларды (бұдан әрі – киножобалар) қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
4. Бұйрық шыққаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бірыңғай оператормен оларды ұлттық фильм деп тануға үміткер киножобалар үшін мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету жөніндегі оператордың қызметтеріне шарт жасасады.
5. Бірыңғай оператор уәкілетті органмен шарт жасасқаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатын алушымен киножобаны қаржыландыруға шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады.
6. Қаржыландыруды бірыңғай оператор жасалған шарт негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырады.
7. Қаржы қаражатын алушы киножобаны іске асыру барысында қаржы қаражатын алушы бекіткен шығындардың баптары (еңбекақы төлеу қорын қоспағанда) арасында бірыңғай оператордың келісімінсіз бір кезең шеңберінде киножоба бойынша шығындар сметасының жалпы сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомаға қайта бөледі.
8. Қаржы қаражатын алушы бірыңғай операторға шартта белгіленген мерзімдерде әрбір кезең үшін аралық есеппен қоса орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін, сондай-ақ киножобаны өндіруге бөлінген қаржы қаражатын пайдаланудың есебін қоса алғанда, киножобаны іске асырудың аяқталуы жөніндегі қорытынды есепті ұсынады.
9. Бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талдау және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында бірыңғай оператор киножобаларды өндіру кезеңдерінің сақталуына оны іске асырудың кез келген кезеңінде мониторинг жүргізеді.
10. Қаржы қаражатын алушы келесі траншты бірыңғай оператор уәкілетті органмен келісім-шарт бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне қол қойғаннан кейін алады.
Бұйрықтың 2-қосымшасы | |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 140 бұйрығына 2-қосымша |
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемдерінің нормативтері
Әлеуметтік маңызы бар анимациялық фильмдер (қаржыландыру көлемі шығарудың сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)
№ | Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы | Өндірістің сметалық құнынан % |
1. Авторлық қаламақы төлеу | ||
1. | Әдеби сценарий | 5-ке дейін |
2. | Музыкалық партитура | 5-ке дейін |
3. | Авторлық құқық беру | 5-ке дейін |
4. | Дайын шығармаларға (музыка, архивтік және бейнематериалдар) лицензия сатып алу | 10-ға дейін |
2. Еңбекақы және есептеулер | ||
5. | Штаттық персоналдың жалақысы | 35-ке дейін |
6. | Қойылым сыйақысы | 5-ке дейін |
7. | Тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың қызметтеріне ақы төлеу | 20-ға дейін |
8. | Актерлердің ақысы (басты, негізгі, эпизодтар) | 5-ке дейін |
9. | Көпшілік сахна, топтық жұмыс, дыбыстандыру ақысы | 5-ке дейін |
10. | Атқарушы персоналдың ақысы | 5-ке дейін |
11. | Штаттық персоналдың қосымша ақысы (пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы) | 5-ке дейін |
12. | Жалақы есептеу | 3-ке дейін |
3. Материалдар | ||
13. | Бейнематериалдар | 2-ке дейін |
14. | Басқа материалдар | 1-ге дейін |
4. Қызметтер | ||
15. | Бейнемонтаж | 10-ға дейін |
16. | Компьютерлік графика | 30-ға дейін |
17. | Дыбыс жазу және қайта жазу | 10-ға дейін |
18. | Анимациялық фильмдер жасауға арналған жабдықты жалға алу және басқа да техникалық қызмет көрсету | 10-ға дейін |
5. Автокөлік | ||
19. | Автобустар, шағын автобустар | 1-ге дейін |
6. Экспедиция | ||
20. | Тәуліктік | 1-ге дейін |
21. | Тұру шығыстары | 1-ге дейін |
22. | Жол жүру | 1-ге дейін |
7. Басқа шығындар | ||
23. | Шығыс реквизиті | 1-ге дейін |
24. | Өндірістік үй-жайларды жалға алу | 5-ке дейін |
8. Жалпыстудиялық шығындар | ||
25. | Жалпыстудиялық шығындар | 10-ға дейін |
Әлеуметтік маңызы бар деректі фильмдер, оның ішінде оқиғалы фильмдер (қаржыландыру көлемі шығарудың сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)
№ | Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы | Өндірістің сметалық құнынан % |
1. Авторлық қаламақы төлеу | ||
1. | Әдеби сценарий | 6-ға дейін |
2. | Музыкалық партитура | 5-ке дейін |
3. | Авторлық құқық беру | 15-ке дейін |
4. | Дайын шығармаларға (музыка, архивтік және бейнематериалдар) лицензия сатып алу | 10-ға дейін |
2. Еңбекақы және есептеулер | ||
5. | Штаттық персоналдың жалақысы | 20-ға дейін |
6. | Қойылым сыйақысы | 5-ке дейін |
7. | Тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың қызметтеріне ақы төлеу | 15-ке дейін |
8. | Актерлердің ақысы (басты, негізгі, эпизодтар) | 10-ға дейін |
9. | Көпшілік сахна, топтық жұмыс, дыбыстандыру ақысы | 5-ке дейін |
10. | Атқарушы персоналдың ақысы | 10-ға дейін |
11. | Штаттық персоналдың қосымша ақысы (пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы) | 5-ке дейін |
12. | Жалақы есептеу | 3-ке дейін |
3. Материалдар | ||
13. | Бейнематериалдар | 5-ке дейін |
14. | Басқа материалдар | 3-ке дейін |
4. Қызметтер | ||
15. | Павильон, интерьер, табиғи, декорация құрылысы | 10-ға дейін |
16. | Жарықтандыру аппаратурасы | 10-ға дейін |
17. | Түсіру аппаратурасы | 10-ға дейін |
18. | Дыбыс жазу және қайта жазу | 15-ке дейін |
19. | Бейнемонтаж | 10-ға дейін |
20. | Компьютерлік графика, түсті түзету | 15-ке дейін |
21. | Өзге де техникалық қызмет көрсету және техникалық құрылғылар | 5-ке дейін |
22. | Сахналық-қойылым құралдары (грим, костюм, реквизит, пиротехника) | 10-ға дейін |
5. Автокөлік | ||
23. | Жеңіл | 5-ке дейін |
24. | Автобустар, шағын автобустар | 10-ға дейін |
25. | Жүк тасымалдау | 5-ке дейін |
26. | Арнайы көлік құралдары | 10-ға дейін |
6. Экспедиция | ||
27. | Тәуліктік | 20-ға дейін |
28. | Тұру шығыстары | 20-ға дейін |
29. | Жол жүру | 20-ға дейін |
7. Басқа шығындар | ||
30. | Шығыс реквизиті | 5-ке дейін |
31. | Тірі реквизит | 5-ке дейін |
32. | Ойын автокөлігі | 5-ке дейін |
33. | Интерьерлерді жалға алу | 5-ке дейін |
34. | Өндірістік үй-жайларды жалға алу | 10-ға дейін |
8. Жалпыстудиялық шығындар | ||
35. | Жалпыстудиялық шығындар | 10-ға дейін |
Әлеуметтік маңызы бар ойын фильмдері (қаржыландыру көлемі өндірістің сметалық құнының 100% - нан аспауы тиіс)
№ | Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы | Өндірістің сметалық құнынан % |
1. Авторлық қаламақы төлеу | ||
1. | Әдеби сценарий | 10-ға дейін |
2. | Музыкалық партитура | 5-ке дейін |
3. | Авторлық құқық беру | 10-ға дейін |
4. | Дайын шығармаларға (музыка, архивтік және бейнематериалдар) лицензия сатып алу | 10-ға дейін |
2. Еңбекақы және есептеулер | ||
5. | Штаттық персоналдың жалақысы | 35-ке дейін |
6. | Қойылым сыйақысы | 5-ке дейін |
7. | Тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың қызметтеріне ақы төлеу | 15-ке дейін |
8. | Актерлердің ақысы (басты, негізгі, эпизодтар) | 20-ға дейін |
9. | Көпшілік сахна, топтық жұмыс, дыбыстандыру ақысы | 5-ке дейін |
10. | Атқарушы персоналдың ақысы | 10-ға дейін |
11. | Каскадерлер | 10-ға дейін |
12. | Штаттық персоналдың қосымша ақысы (пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы) | 5-ке дейін |
13. | Жалақы есептеу | 5-ке дейін |
3. Материалдар | ||
14. | Бейнематериалдар | 5-ке дейін |
15. | Басқа материалдар | 5-ке дейін |
4. Қызметтер | ||
16. | Павильон, интерьер, табиғи, декорация құрылысы | 10-ға дейін |
17. | Жарықтандыру аппаратурасы | 15-ке дейін |
18. | Түсіру аппаратурасы | 10-ға дейін |
19. | Дыбыс жазу және қайта жазу | 15-ға дейін |
20. | Бейнемонтаж | 10-ға дейін |
21. | Компьютерлік графика, түсті түзету | 15-ке дейін |
22. | Өзге де техникалық қызмет көрсету | 5-ке дейін |
23. | Сахналық-қойылым құралдары (грим, костюм, реквизит, пиротехника) | 20-ға дейін |
5. Автокөлік | ||
24. | Жеңіл | 5-ке дейін |
25. | Автобустар, шағын автобустар | 10-ға дейін |
26. | Жүк тасымалдау | 5-ке дейін |
27. | Арнайы | 10-ға дейін |
6. Экспедиция | ||
29. | Тәуліктік | 10-ға дейін |
30. | Тұру шығындары | 10-ға дейін |
31. | Жол жүру | 10-ға дейін |
7. Басқа шығындар | ||
33. | Шығыс реквизиті | 5-ке дейін |
34. | Тірі реквизит | 5-ке дейін |
35. | Ойын автокөлігі | 5-ке дейін |
36. | Интерьерлерді жалға алу | 5-ке дейін |
37. | Өндірістік үй-жайларды жалға алу | 10-ға дейін |
8. Жалпыстудиялық шығындар | ||
38. | Жалпыстудиялық шығындар | 15-ке дейін |
Дебюттік фильмдер (қаржыландыру көлемі шығарудың сметалық құнының 100% - нан аспауы тиіс)
№ | Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы | Өндірістің сметалық құнынан % |
1. Авторлық қаламақы төлеу | ||
1. | Әдеби сценарий | 5-ке дейін |
2. | Музыкалық партитура | 5-ке дейін |
3. | Авторлық құқық беру | 10-ға дейін |
4. | Дайын шығармаларға (музыка, архивтік және бейнематериалдар) лицензия сатып алу | 10-ға дейін |
2. Еңбекақы және есептеулер | ||
5. | Штаттық персоналдың жалақысы | 35-ке дейін |
6. | Қойылым сыйақысы | 5-ке дейін |
7. | Тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың қызметтеріне ақы төлеу | 15-ке дейін |
8. | Актерлердің ақысы (басты, негізгі, эпизодтар) | 20-ға дейін |
9. | Көпшілік сахна, топтық жұмыс, дыбыстандыру ақысы | 5-ке дейін |
10. | Атқарушы персоналдың ақысы | 10-ға дейін |
11. | Каскадерлер | 10-ға дейін |
12. | Штаттық персоналдың қосымша ақысы (пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы) | 5-ке дейін |
13. | Жалақы есептеу | 5-ке дейін |
3. Материалдар | ||
14. | Бейнематериалдар | 5-ке дейін |
15. | Басқа материалдар | 5-ке дейін |
4. Қызметтер | ||
16. | Павильон, интерьер, табиғи, декорация құрылысы | 10-ға дейін |
17. | Жарықтандыру аппаратурасы | 10-ға дейін |
18. | Түсіру аппаратурасы | 10-ға дейін |
19. | Дыбыс жазу және қайта жазу | 15-ке дейін |
20. | Бейнемонтаж | 10-ға дейін |
21. | Компьютерлік графика, түсті түзету | 15-ке дейін |
22. | Өзге де техникалық қызмет көрсету және техникалық құрылғылар | 5-ке дейін |
23. | Сахналық-қойылым құралдары (грим, костюм, реквизит, пиротехника) | 15-ке дейін |
5. Автокөлік | ||
24. | Жеңіл | 5-ке дейін |
25. | Автобустар, шағын автобустар | 10-ға дейін |
26. | Жүк тасымалдау | 5-ке дейін |
27. | Арнайы көлік құралдары | 10-ға дейін |
6. Экспедиция | ||
28. | Тәуліктік | 20-ға дейін |
29. | Тұру шығыстары | 20-ға дейін |
30. | Жол жүру | 20-ға дейін |
7. Басқа шығындар | ||
31. | Шығыс реквизиті | 5-ке дейін |
32. | Тірі реквизит | 5-ке дейін |
33. | Ойын автокөлігі | 5-ке дейін |
34. | Интерьерлерді жалға алу | 5-ке дейін |
35. | Өндірістік үй-жайларды жалға алу | 10-ға дейін |
8. Жалпыстудиялық шығындар | ||
36. | Жалпыстудиялық шығындар | 10-ға дейін |
Бірлесіп шығарылған фильмдер (қаржыландыру көлемі осындай фильмдерді шығару туралы тиісті келісімдер шеңберінде көзделген көлемдерден аспауға тиіс)
№ | Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы | Өндірістің сметалық құнынан % |
1. Авторлық қаламақы төлеу | ||
1. | Әдеби сценарий | 10-ға дейін |
2. | Музыкалық партитура | 5-ке дейін |
3. | Авторлық құқық беру | 10-ға дейін |
4. | Дайын шығармаларға (музыка, архивтік және бейнематериалдар) лицензия сатып алу | 10-ға дейін |
2. Еңбекақы және есептеулер | ||
5. | Штаттық персоналдың жалақысы | 35-ке дейін |
6. | Қойылым сыйақысы | 5-ке дейін |
7. | Тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың қызметтеріне ақы төлеу | 15-ке дейін |
8. | Актерлердің ақысы (басты, негізгі, эпизодтар) | 20-ға дейін |
9. | Көпшілік сахна, топтық жұмыс, дыбыстандыру ақысы | 5-ке дейін |
10. | Атқарушы персоналдың ақысы | 10-ға дейін |
11. | Каскадерлер | 10-ға дейін |
12. | Штаттық персоналдың қосымша ақысы (пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы) | 5-ке дейін |
13. | Жалақы есептеу | 5-ке дейін |
3. Материалдар | ||
14. | Бейнематериалдар | 5-ке дейін |
15. | Басқа материалдар | 5-ке дейін |
4. Қызметтер | ||
16. | Павильон, интерьер, табиғи, декорация құрылысы | 10-ға дейін |
17. | Бейнемонтаж | 10-ға дейін |
18. | Дыбыс жазу және қайта жазу | 10-ға дейін |
19. | Жарықтандыру аппаратурасы | 15-ке дейін |
20. | Түсіру аппаратурасы | 10-ға дейін |
21. | Компьютерлік графика, түсті түзету | 15-ке дейін |
22. | Өзге де техникалық қызмет көрсету және техникалық құрылғылар | 5-ке дейін |
23. | Сахналық-қойылым құралдары (грим, костюм, реквизит, пиротехника) | 20-ға дейін |
5. Автокөлік | ||
24. | Жеңіл | 5-ке дейін |
25. | Автобустар, шағын автобустар | 10-ға дейін |
26. | Жүк тасымалдау | 5-ке дейін |
27. | Арнайы көлік құралдары | 10-ға дейін |
6. Экспедиция | ||
28. | Тәуліктік | 20-ға дейін |
29. | Тұру шығындары | 20-ға дейін |
30. | Жол жүру | 20-ға дейін |
7. Басқа шығындар | ||
31. | Шығыс реквизиті | 5-ке дейін |
32. | Тірі реквизит | 5-ке дейін |
33. | Ойын автокөлігі | 5-ке дейін |
34. | Интерьерлерді жалға алу | 5-ке дейін |
35. | Өндірістік үй-жайларды жалға алу | 10-ке дейін |
8. Жалпыстудиялық шығындар | ||
36. | Жалпыстудиялық шығындар | 5-ке дейін |
Кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдері (қаржыландыру көлемі шығарудың сметалық құнының: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 90%; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 80%; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 70%-нан аспауы тиіс)
№ | Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы | Өндірістің сметалық құнынан % |
1. Авторлық қаламақы төлеу | ||
1. | Әдеби сценарий | 10-ға дейін |
2. | Музыкалық партитура | 5-ке дейін |
3. | Авторлық құқық беру | 10-ға дейін |
4. | Дайын шығармаларға (музыка, архивтік және бейнематериалдар) лицензия сатып алу | 10-ға дейін |
2. Еңбекақы және есептеулер | ||
5. | Штаттық персоналдың жалақысы | 35-ке дейін |
6. | Қойылым сыйақысы | 5-ке дейін |
7. | Тартылған мамандар мен қызмет көрсетуші персоналдың қызметтеріне ақы төлеу | 15-ке дейін |
8. | Актерлердің ақысы (басты, негізгі, эпизодтар) | 20-ға дейін |
9. | Көпшілік сахна, топтық жұмыс, дыбыстандыру ақысы | 5-ке дейін |
10. | Атқарушы персоналдың ақысы | 10-ға дейін |
11. | Каскадерлер | 10-ға дейін |
12. | Штаттық персоналдың қосымша ақысы (пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы) | 5-ке дейін |
13. | Жалақы есептеу | 5-ке дейін |
3. Материалдар | ||
14. | Бейнематериалдар | 5-ке дейін |
15. | Басқа материалдар | 5-ке дейін |
4. Қызметтер | ||
16. | Павильон, интерьер, табиғи, декорация құрылысы | 10-ға дейін |
17. | Жарықтандыру аппаратурасы | 10-ға дейін |
18. | Түсіру аппаратурасы | 10-ға дейін |
19. | Дыбыс жазу және қайта жазу | 15-ке дейін |
20. | Бейнемонтаж | 10-ға дейін |
21. | Компьютерлік графика, түсті түзету | 15-ке дейін |
22. | Өзге де техникалық қызмет көрсету және техникалық құрылғылар | 5-ке дейін |
23. | Сахналық-қойылым құралдары (грим, костюм, реквизит, пиротехника) | 20-ға дейін |
| ||
24. | Жеңіл | 5-ке дейін |
25. | Автобустар, шағын автобустар | 10-ға дейін |
26. | Жүк тасымалдау | 5-ке дейін |
27. | Арнайы көлік құралдары | 10-ға дейін |
6. Экспедиция | ||
28. | Тәуліктік | 20-ға дейін |
29. | Тұру шығындары | 20-ға дейін |
30. | Жолақысы | 20-ға дейін |
7. Басқа шығындар | ||
31. | Шығыс реквизиті | 5-ке дейін |
32. | Тірі реквизит | 5-ке дейін |
33. | Ойын автокөлігі | 5-ке дейін |
34. | Интерьерлерді жалға алу | 5-ке дейін |
35. | Өндірістік үй-жайларды жалға алу | 10-ға дейін |
8. Жалпы студиялық шығындар | ||
36. | Жалпыстудиялық шығындар | 5-ке дейін |