Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32092 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 07.03.2023 жылғы бастап күшіне енеді

      "Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 7 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 10 наурыздағы
№ 82 № бұйрығымен
бекітілген

Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) өсімдіктер дүниесі – табиғи жағдайларда өсетін, сондай-ақ белгілі бір аумақта қолдан отырғызылған өсімдік түрлерінің, олардың популяциялары мен қауымдастықтарының жиынтығы;

      2) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) өсімдіктердің генетикалық ресурстары – нақты немесе әлеуетті құндылықты білдіретін өсімдіктердің генетикалық материалы.

2-тарау. Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу тәртібі

      3. Өсімдіктер дүниесінің гендік қорын сақтау:

      1) өсімдік түрлерін, популяцияларды олардың табиғи өсетін жерлерінде сақтап тұру және қалпына келтіру;

      2) өсімдіктердің әртүрлілігін олардың табиғи өсетін жерлерінен тыс жерде сақтау арқылы жүзеге асырылады.

      4. Өсімдік түрлерін, олардың популяцияларын табиғи өсетін жерлерінде сақтап тұру және қалпына келтіру түрі мен оның белгіленген табиғи өзге түрлерінің (нысандарының) гендік қоры сақталған учаскелерді бөлу Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларға мемлекеттік табиғи-қорық қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектісі мәртебесін беру арқылы қамтамасыз етіледі.

      5. Өсімдік әртүрлілігін олардың табиғи өсетін жерлерінен тыс жерде сақтау екпелерді, өсімдіктердің бағалы түрлерінің және (немесе) олардың өзге түрлерінің (нысандарының) тірі коллекцияларын қолдан жасау және күтіп-баптау, сондай-ақ популяциялардан, олардың вегетативтік бөліктерінен, тұқымдарынан (спораларынан) өсімдіктерді консервациялаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып, бақыланатын ортада күтіп-баптау арқылы қамтамасыз етіледі.

      6. Өсімдіктердің сақталатын генетикалық ресурстары туралы ақпаратты құзыретті органдар қалыптастырады және жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – ұлттық үйлестіру орталығы) беріледі.

      7. Мұндай ақпаратқа қол жеткізу осы қағидаларына сәйкес делдалдықтың ұлттық тетігі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Генетикалық ресурстарды жеткізуші немесе олардың әлеуетті пайдаланушысы ұлттық үйлестіру орталығына кез келген ыңғайлы тәсілмен (телефон, электрондық пошта, жеке өзі) жүгінеді және қазақ және (немесе) орыс немесе ағылшын тілінде қол жеткізуге өтінімді толтырады.

      9. Ұлттық үйлестіру орталығына жүгінген кезде өтініш беруші генетикалық ресурстарға қол жеткізуге арналған өтінімде мынадай ақпаратты ұсынады:

      1) Сұрау салынатын генетикалық ресурстың атауы, заңды мекенжайы, байланыс тұлғасы, жеткізушінің және әлеуетті пайдаланушының телефоны мен электрондық пошта мекенжайы;

      2) генетикалық ресурстың биологиялық түрі (егер белгілі болса), оның ішінде латын атауы;

      3) үлгілердің саны және қысқаша сипаттамасы;

      4) пайдалану түрі (ғылыми зерттеулер; коммерциялық пайдалану) ;

      5) ғылыми зерттеудің / коммерциялық пайдаланудың қысқаша сипаттамасы мен мақсаты;

      6) ынтымақтастық туралы шарт (шарт жобасы) немесе келісім (келісім жобасы) (егер дайындалған болса).

      Егер әлеуетті пайдаланушының Қазақстан Республикасында байланыс ұйымы болмаса, онда оның сұрауы бойынша ұлттық үйлестіру орталығы өнім беруші серіктесті іздеуге жәрдем көрсетеді.

      10. Ұлттық үйлестіру орталығы он жұмыс күні ішінде ынтымақтастық туралы шартта (келісімде) генетикалық ресурстарды жеткізуші мен пайдаланушы арасында өзара келісілген талаптардың болуын және олардың Нагояда (Жапония) 2010 жылғы 29 қазанда жасалған биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға оларды қолданудан алынған пайданы әділ және тең негізде генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және бірлесіп пайдалануды реттеудің Нагоя хаттамасының талаптарына сәйкестігін тексереді (бұдан әрі - Хаттама).

      11. Өзара келісілген шарттар мыналарды қамтуы керек:

      1) берілген генетикалық ресурстан, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтарына қатысты алынған пайданы бірлесіп пайдалану шарттары;

      2)үшінші тараптың кейіннен пайдалану шарттары (егер ол орын алса);

      3) пайдалану мақсаттарын өзгерту туралы ереже.

      12. Келісілген өзара келісілген талаптары бар шартқа (ынтымақтастық туралы келісімге) қол қойылғаннан кейін ұлттық үйлестіру орталығы генетикалық ресурстарға қол жеткізуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінеді, ол он жұмыс күні ішінде хаттама талаптарының сақталуына мәліметтер мен құжаттарды тексереді.

      13. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде генетикалық ресурстарға қол жеткізуге рұқсатты не дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұлттық үйлестіру орталығына жібереді.

      14. Ұлттық үйлестіру орталығы барлық құжаттарды тексергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат береді.

      15. Ұлттық үйлестіру орталығы үш жұмыс күні ішінде генетикалық ресурстарға қол жеткізуді реттеу жөніндегі делдалдық тетігіне генетикалық ресурстарға қол жеткізуге рұқсаттан ақпаратты енгізеді (https://absch.cbd.int/countries) Хаттама талаптарға сәйкестігі туралы халықаралық танылған сертификат жасайды.

  Өсімдіктер әлемінің
генофондымен жұмыс
істеу Қағидаларына
қосымша

      Нысан

Нагойский протокол регулирования доступа к генетическим ресурсам и совместного использования на справедливой и равной основе выгод от их применения к Конвенции о биологическом разнообразии



Nagoya Protocol on access to genetic resources and the fair and equitable sharing of benefits arising from their application to the Convention on biological diversity

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Министерство экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Ministry of ecology, Geology and natural resources of the Republic of Kazakhstan

Экспорт
Export

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестіру орталығы
Национальный координационный центр в Республике Казахстан
National focal point in Republic of Kazakhstan
010000,
Ministry House,
Mangelik el 8,
Astana city,
Republic of Kazakhstan
Tel.: (+7172) 74______ Fax:

(+7172) 74_______


 

 
Импорт
Import

 
Реэкспорт
Reexport

 
Прочие
Other

Экспортер / Реэкспортер:
Exporter / Re-exporter:

Разрешение №:
Permit №:

Действительно до:
Validuntil:

Импортер:
Importer:

Особые условия:
Special conditions:

Для живых животных данное разрешение действительно только, если условия транспортировки соответствуют рекомендациям СИТЕС, а в случае авиаперевозки правилам ИАТА
For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the
CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA
Live Animal Regulations

Русское и латинское название
генетического ресурса
Russian and Latin name genetic resource

Описание образца,
включая метки
Description of
specimens,
including
identifying marks
or numbers

Приложение
Appendix

Источник
Sourcе

Цель
Purposе

Количество экземпляров или вес
Quantity: number of specimens or weight

А






Страна происхождения
Country of origin

Номер разрешения и
дата
Permit № and date

В






Страна происхождения
Country of origin

Номер разрешения и
дата
Permit № and date

Настоящее разрешение выдано:
This permit was issuedon: ______________
___________________________________________
Дата / Date Защитная марка, подпись и печать
Казахстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal

Подтверждение экспорта / реэкспорта

Заполняется в пункте
пересечения таможенной
границы Республики Казахстан
Пункт пропуска:
_________________
Дата:
___________________________
Подпись должностного лица и
печать:
_________________________
Номер
коносамента/авианакладной:
___________________________

Название образца

Количество


А


В



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады