"Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 наурыздағы № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32153 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12219 болып тіркелген) өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларында:

      8-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ЕАБА-ның жұмысына санкциясыз араласу туралы ақпараттандыру;"

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра және сыра сусыны өнімін өндіру барысында есептеу үшін технологиялық желілерде ЕАБА, мыналардан:

      1) өндірілген сыраның көлемін өлшейтін сыра ағысының жаппай немесе электрмагниттік шығынын өлшеу аппаратынан;

      2) шығынды өлшеуішті екінші құрастырушыдан;

      3) ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік жабдықтан;

      4) инфрақұрылымдық жабдықтан (үздіксіз қоректендіру көзінен, серверлік шкафтан);

      5) этил спиртінің концентрациясын айқындауға арналған өлшеу құралдарынан (алколайзер-тығыз өлшегіш немесе спирттік рефрактометр).".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлеккеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады