Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32157 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кейбір бұйрықтар тізбесінің 3 – тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 183 бұйрығына
қосымша

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:

      10-тармақтың 24) тармақшасы алып тасталсын;

      25-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыс құрамының және өндіріс технологиясының жобалық шешімдерге сәйкестігін тексереді;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ұлттық стандарттарға, техникалық регламенттерге және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтін конструкцияларды, бөлшектерді, бұйымдарды, құрылыс материалдары мен жабдықтарды қолдануға жол бермейді;";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Автор немесе жобаны әзірлеуші, сондай-ақ авторлық қадағалау жөніндегі сарапшы:

      функцияларды сапалы және уақытылы орындауға;

      объектінің құрылысын авторлық қадағалау журналын сапалы және уақытында жүргізуге;

      авторлық қадағалауды жүргізу жоспар-кестесін уақытында орындауға және қатаң сақтауға;

      салынып жатқан объектінің жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін қамтамасыз етуге жауапты.".

      2. "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15150 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сәйкестік туралы декларация нысанында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ғимараттың шудан оқшаулануы жобаға сәйкес келеді және жүргізілген зертханалық өлшем қорытындылары бойынша аккредиттелген сынақ зертханалары беретін сараптама қорытындысымен расталады (сараптама қорытындысы қоса беріледі);".

      3. "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22672 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ЖЖЖ әзірлеу Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген объектілер бойынша талап етілмейді. Сонымен қатар мұндай объектілерде бұзу меншік иесімен өз бетінше осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат (бұдан әрі – Бұзу туралы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.

      Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес қоршалған тұрғын үйдің немесе тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстардың бір бөлігін бұзу кезінде жобаны ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізе отырып тұрғын үйдің немесе тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстардың қалған бөлігін күшейту жөніндегі жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу талап етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Жергілікті атқарушы органдар техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша берілген Бұзу туралы рұқсаттар туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      19. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы береді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      25. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде мемлекеттік қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және көрсетілетін қызмет алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Негізгі талаптардың тізбесінде бекітілген талаптарға сәйкестігін техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер бойынша 4 (төрт) жұмыс күні ішінде, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.";

      1 және 3-қосымшалар осы Тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Тізбеге
1-қосымша
  Объектілерді кейіннен кәдеге
жарату (ғимараттар мен
құрылыстарды бұзу) жөніндегі
жұмыстар кешенін жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша

"Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу;
2) техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге және порталға арқылы өтініш берген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру немесе осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

порталға:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса, мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады;
егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болған жағдайда, объектінің басқа меншік иелерінің кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін және оның параметрлерін жүргізуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу олардың мүдделерін қозғайтын болса, үй-жайлардың (үй бөліктерінің) сабақтас меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;
ЖЖЖ Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген объектілер бойынша қажет емес)/жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының электрондық көшірмесі;
объект авариялық деп танылған жағдайда, жергілікті атқарушы орган құратын ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 795 бұйрығымен бекітілген Авариялық көп пәтерлі тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың А қосымшасына сәйкес бұзу туралы тиісті қорытындының электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.mііd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Тізбеге
2-қосымша
  Объектілерді кейіннен кәдеге
жарату (ғимараттармен
құрылыстарды бұзу) жөніндегі
жұмыстар кешенін жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Облыстардың, Астана,
Алматы және Шымкент
қалаларының, ауданның,
облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті атқарушы органның
басшысы
___________________________
(тегі, аты, ол бар болған
жағдайда әкесінің аты,
мемлекеттік органның атауы)
___________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, ол бар
болған жағдайда әкесінің аты не
көрсетілетін қызметті алушы
заңды тұлға ұйымының атауы)
және (немесе) сенімхат
бойынша)
___________________________
ЖСН/БСН)
мекенжайы
___________________________
(заңды мекенжайы немесе
тұрғылықты жері) байланыстар
___________________________
(электрондық мекенжайы,
телефон)

Өтініш

      Кейіннен кәдеге жарату (ғимараттармен құрылыстарды бұзу) жөніндегі

      жұмыстар кешенін жүргізуге жататын

      _________________________________________________________________

      (объектінің толық атауы)

      объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттармен құрылыстарды бұзу)

      жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қабылдады (қолы) __________________

      Күні: 20__ жылғы "_____" ____________

      Тапсырды (қолы) __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады