Ресурстық зерттеп-қарауларды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32191 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ресурстық зерттеп-қарауларды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а.
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 105 бұйрығымен
бекітілген

Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін "Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мағынада терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады.

2-тарау. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      3. Ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтініш беруші) уәкілетті органның кеңсесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) үй-жайға меншік құқығын немесе уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат;

      4) биологтың кәсіптік білімі бар қызметкердің бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Аккредиттеуді өткізудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      4. Уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын уәкілетті органның басшысына жібереді.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және аккредиттеу жүргізу нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      5. Уәкілетті органның жауапты орындаушысы өтініш беруші ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық факстігі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ұсынылған құжаттар толған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресурстық тексерулерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті не аккредиттеуді жүргізуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      6. Уәкілетті орган "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша аккредиттеуден бас тартады.

      7. Аккредиттеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге аккредиттеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес аккредиттеу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтінішті одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды не аккредиттеуді жүргізуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      8. Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге беріледі.

      9. Аккредиттеу туралы куәлік бөлінбейтін болып табылады және үшінші тұлғаларға берілмейді.

      10. Аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын келесі жағдайларда тоқтатады:

      1) оның қолданылу мерзімі аяқталғанда;

      2) мамандандырылған ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату;

      3) өтініш беруші куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініш берген;

      3) уәкілетті орган қызметті тиісінше жүзеге асырмау фактілерін анықтаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      11. Аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      12. Аккредиттеуді жүргізу мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын уәкілетті органға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын уәкілетті орган шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын уәкілетті орган, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы Әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Ресурстық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын
мамандандырылған
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)

      Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым ретінде

      аккредиттеуді сұраймын.

      Мекен-жайы _____________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың)

      нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1) ______________________________________________________________________________

      2) ______________________________________________________________________________

      3) ______________________________________________________________________________

      4) ______________________________________________________________________________

      Басшының немесе оның уәкілетті өкілінің қолы (өкіл өтініш берген жағдайда өкілеттігін

      куәландыратын құжат қоса беріледі)

      ______________      _________________________________

      (қолы)            (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні: "___" __________ 20 жыл

      Басып шығару орны

      (бар болса)

  Ресурстық зерттеп-қарауды
жүзеге асыратын
мамандандырылған
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Елтаңба Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлік

№___________

"___"__________20 ___ жыл

      Осы куәлік мынаны куәландырады: ___________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның атауы)

      ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды

      аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген.

      заңды мекен-жайы:_________________________________________________________

      (ұйымның заңды мекен-жайы).

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________________

      Аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге берілді,

      шынында да "__" __________ 20__ жыл.

      Уәкілетті органның басшысы ________________________________

      ___________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Басып шығару орны

      (бар болса)

      Серия _ _ _ _ _ _ № __________________

      Берілген күні"___" ___________ 20___жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады