"Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 сәуірде № 32234 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 17.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26793 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;

      8-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын табысының болуы;

      Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында есепті кезеңде алынған мынадай табыс ескеріледі:

      еңбекке ақы төлеу түрінде алынатын кірістер, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандырушы және өтемақы төлемдері (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);

      кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Төлемдерді тағайындау үшін өтініш беруші (үміткер) ЭЦҚ арқылы "Отбасы банк" АҚ портал сайтында сілтеме арқылы www.otbasybank.kz (бұдан әрі - Портал) авторланады және өтініш берушінің (үміткердің) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көздейтін, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындауға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке қол қояды.

      Өтініш берушінің отбасы мүшелері (үміткердің) (бар болған жағдайда) "Отбасы банк" АҚ Портал арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге, Банкке зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметтерді, салық органдары ұсынатын мәліметтерді алуға құқық беру туралы және кірістер туралы мәліметтердің анықтығы туралы келісімге қол қояды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдер тағайындауға өтінішті өтініш берушілердің (үміткерлердің) заңды өкілдері береді және "Отбасы банк" АҚ филиалдарында қаралады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Отбасы банк" АҚ өтініштерді қабылдайды және қарайды, өтініш берушіні осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өтініш берушіге (үміткерге) қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігіне қарайды, жалдау ақысын және төлемдерді аударуға арналған ағымдағы арнайы шот ашады, сондай-ақ құжаттар ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төлемдерді тағайындайды.

      Өтініш берушіге (үміткерге) және оның отбасы мүшелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін тексеруді "Отбасы банк" АҚ тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді.

      Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлем "Отбасы банк" АҚ Портал арқылы тағайындалған жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғынжайды жалдау (жалға алудың) шартын қалыптастыру, алушы мен жалға беруші арасында қол қою, сондай-ақ мұндай шартты уәкілетті тіркеуші органда тіркеу (қажет болған кезде) қамтамасыз етіледі.

      "Отбасы банк" АҚ 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды және ол бойынша шешім қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Өтініш берушінің (үміткердің) меншік құқығындағы тұрғын үй анықталған кезде "Отбасы банк" АҚ өтініш берушінің (үміткердің) өтінішін қарауды тоқтата тұрады және оның тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға сұрау салу жібереді.

      Жергілікті атқарушы орган "Отбасы банк" АҚ сұрау салуы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жолдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алуға негіздер болған кезде өтініш берушіні (үміткерді) және "Отбасы банк" АҚ-ны міндетті түрде хабардар ете отырып, өтініш берушіні (үміткерді) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығару жөнінде шаралар қабылдайды.

      Жергілікті атқарушы орган "Отбасы банк" АҚ-дан сұрау салуды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және жауап береді.

      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждарды есептен шығару үшін жергілікті атқарушы орган растаған негіздер болмаған кезде "Отбасы банк" АҚ осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес өтініш берушінің (үміткердің) өтінішін қарауды жалғастырады.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. "Отбасы банк" АҚ алушы ағымдағы арнайы шотта жалдау төлемі сомасының 50 %-ын, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағында көзделген жалға алынатын тұрғын үй алаңына қойылатын өлшемшарттардан асып кетуіне байланысты алушының өз қаражаты есебінен төлейтін соманы қамтамасыз еткен жағдайда, төлемдерді жалға берушінің жалдау шартында көрсетілген шотына аударуды жүзеге асырады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық дам
министрі міндетін атқарушының
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 208 Бұйрыққа
1-қосымша
Жеке тұрғын үй қорынан жалға
алынған тұрғынжай үшін
азаматтардың жекелеген
санаттарына төлемдер
тағайындау және жүзеге асыру
қағидаларына 2-қосымша

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін 1 шаршы метрді жалдау құнының мөлшерін есептеген кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың коэффициенті

Ақмола облысы

1,95

Ақтөбе облысы

1,75

Алматы облысы

1,61

Атырау облысы

1,41

Шығыс Қазақстан облысы

1,78

Жамбыл облысы

2,24

Батыс Қазақстан облысы

1,82

Қарағанды облысы

1,52

Қостанай облысы

1,99

Қызылорда облысы

2,14

Маңғыстау облысы

1,30

Павлодар облысы

1,55

Солтүстік Қазақстан облысы

1,92

Түркістан облысы

1,33

Шымкент қаласы

1,43

Астана қаласы

1,11

Алматы қаласы

1,11

Абай облысы

1,78

Жетісу облысы

1,61

Ұлытау облысы

1,52

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Жеке тұрғын үй қорынан жалға
алынған тұрғынжай үшін
азаматтардың жекелеген
санаттарына төлемдер
тағайындау және жүзеге асыру
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан
  "Отбасы банк" АҚ

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдер тағайындауға арналған өтініш

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 (№26793 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің Тізімінде тіркелген) бекітілген "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес маған мынадай шарттарда жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй үшін төлемдер тағайындау мүмкіндігін қарауды сұраймын:

      Өтініш беруші: _____________________ (Аты-жөні – (бар болған жағдайда), ЖСН_____________, туған күні_____________ ұялы телефон ______________

      Отбасы мүшелерінің саны (өтініш берушіні қоса алғанда): ______

      Жалпы алаңы жалға алынған тұрғын үй: _____ шаршы метр.

      Мен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдер алуға үміткер өтініш берушілерге қойылатын талаптар, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру шарттары бөлігінде Қағидалардың өзекті редакциясымен таныстым.

      Мен "Отбасы банк" АҚ-да (бұдан әрі – Банк) ашылған шотта жалдау төлемі сомасынан____ %-ы, сондай-ақ Қағидаларда көзделген жалға алынатын тұрғын үй алаңына қойылатын өлшемшарттардан асып кетуіне байланысты өз қаражаты есебінен төлейтін соманы қамтамасыз етпеген жағдайда, Банк төлеуді жүзеге асыруды жүргізбеуге құқылы екеніне хабардармын және келісемін.

      Жақын туыстары мен ерлі-зайыптылардан, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптылардан, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстарынан тұрғын үйді жалға алуға жол берілмейтіні туралы хабардармын.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растаймын.

      Банк мынадай:

      1) мен "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұқтаж деп танылған тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін жоғалтқан;

      2) менің төлемдерді алудан бас тартуым;

      3) менің жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған, тұрып жатқан тұрғын үйден шығарылғанымда;

      4) мен басқа тұрақты тұрғылықты жерге кеткен не қайтыс болған;

      5) мен жалға берілетін тұрғын үйді мақсатсыз пайдаланған (оның ішінде жалға алу (жалдау) шартында көрсетілген мекенжай бойынша үшінші тұлғалар тұрғанда);

      6) мен жалған және жалған мәліметтер берген жағдайлар басталған кезде төлемдерді жүзеге асыруды тоқтатуға құқылы екендігіне хабардармын және келісемін.

      Жалдамалы тұрғын үйді орынсыз пайдалану және (немесе) жалған және жалған мәліметтер беру фактілері анықталған кезде төлемдерді жүзеге асыру қайта бастау мүмкіндігінсіз тоқтатылатына хабардармын және келісемін.

      Мен Баспана порталындағы (www.Otbasybank.kz) жеке кабинетте менің табысым туралы мәліметтер толық және шынайы болып табылатыны туралы ұсынғанымды растаймын.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына сәйкес осы Банктің менің кірістерімнен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын жарналардың жай-күйі туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұсынатын мәліметтерді алуына қарсы болмайтынымды мәлімдеймін.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес осы Банктің Қазақстан Республикасының салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы ұсынатын мәліметтерді алуына қарсы болмайтынымды мәлімдеймін.

      Осы өтінішпен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банк құпиясын ашуға, осы өтінішті қарау үшін қажетті дербес деректерді беруге және алуға, өңдеуге және сақтауға, оның ішінде тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді алушылар туралы ақпаратты орналастыруға өз келісімімді беремін. Банктің интернет-ресурстарында.

      Қолы: _____________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады