"Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 32270 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21859 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 212-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтардың тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – "Бекітілген халық тіркелімі" (бұдан әрі – БХТ) мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі модуль түрінде құрылған, трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген, кәмелетке толған және іс - әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) қайтыс болғаннан кейінгі донор – он сегіз жастағы және одан үлкен, миының біржола семуі расталған, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тіннің бөлігі) реципиентке трансплантаттау үшін пайдаланылуы мүмкін адам;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      5) мидың біржола семуі – ағзалардың функцияларын қолдау жөніндегі шаралар жүргізілуі мүмкін, мидың бүкіл заттарының семуімен қатар жүретін, ми қызметінің толықтай жоғалуы;

      6) өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген, кәмелетке толған және іс-әрекетке қабілетті адам;

      7) өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші – Үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау саласындағы медициналық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;

      8) республикалық трансплантаттауды үйлестіруші (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) – Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, өңірлік трансплантаттауды үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді және трансплантаттау қызметінің мәселелері жөніндегі медициналық ұйымдардың ведомствоаралық тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін дәрігер;

      9) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы – ағзаларды (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерді (тін бөлігіннің) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын, ол туралы ережені уәкілетті орган бекітетін денсаулық сақтау ұйымы;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      11) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.

      Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын және оларға ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттардың қағаз жеткізгіштегі құжаттармен мәні бірдей.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Процестің сипаттамаларын, көрсету нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай - ақ, мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған басқа мәліметтер "Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келтірілген.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мәліметтерді Тіркелімге енгізгеннен кейін МСАК жауапты адамы бір жұмыс күні ішінде мөрмен бекітілген, осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша МСАК басшысының қолы қойылған, трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуын немесе келісім беруін тіркеу туралы тиісті анықтаманы береді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартып, ақпаратты МСАК, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жолдайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларды осы бұйрыққа 1, 2, 3, қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 7 сәуірдегі
№ 64 бұйрығына
қосымша
ағзалардың (ағза бөлігінің) және
(немесе) тіндердің (тін бөлігінің)
қайтыс болғаннан кейінгі
донорлығына адамның тірі
кезінде ерік білдіруін беру және
бұл жөнінде жұбайын (зайыбын)
немесе жақын туыстарының
бірін хабардар ету Қағидаларға
1-қосымша
  Нысан

Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды тіркеуге арналған өтініш

      Мен,___________________________________________________________

      (адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Туған күні _____ "___" ___________________

      ЖСН__________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжаттың №, кіммен және қашан берілген)

      Мен трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе)

      тіндердің(тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезімде бас

      тартамын.


Дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

      _____________________________________________________ /___________/

      (адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      20______жылғы "___" ___________________

      Қол қойылған күні

  Нысан

Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезіндегі бас тартуды тіркеу туралы анықтама

      Құрметті

      _________________________________________________________________________

      Сіздің трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің

      (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезіндегі бас тарту туралы

      өтінішіңіз тіркелді.

      Тіркелген күні: 20____ жылғы "___" ____________.

      Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)

      _____________________________________________ қолы /__________/

      Медициналық-санитариялық

      алғашқы көмек ұйымның мөрі

  бұйрыққа 2-қосымша
ағзалардың (ағза бөлігінің) және
(немесе) тіндердің (тін бөлігінің)
қайтыс болғаннан кейінгі
донорлығына адамның тірі
кезінде ерік білдіруін беру және
бұл жөнінде жұбайын (зайыбын)
немесе жақын туыстарының
бірін хабардар ету Қағидаларға
2-қосымша
Нысан

Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына келісімді тіркеуге арналған өтініш

      Мен,_____________________________________________________________

      (адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Туған күні ___________ "_____" ________________

      ЖСН_____________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжаттың №, кіммен және қашан берілген)

      Төмендегі мүмкін нұсқалардың біреуін таңдаңыз:



      1. Менің қайтыс болғандығым туралы факті белгіленген жағдайда кез келген ішкі

      ағзаларым және тіндерім трансплантаттау үшін алынуы мүмкін екенін растаймын

      (керегін белгілеу).

      2. Төмендегілерден басқа, барлық ағзаларымды алуға болады (керегін белгілеу):



      жүрек ____________________________________________________________



      бауыр ____________________________________________________________



      бүйрек ___________________________________________________________



      ұйқы безі _________________________________________________________



      өкпе_____________________________________________________________



      көз алмалары ______________________________________________________


тіндер (тері, бұлшық еттер, шеміршек, сүйек тіні, қан тамыры)

      Менің дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

      _________________________________________________ /______________/

      (адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы ,

      20____жылғы "____" _____________

      Қол қойылған күні

  Нысан

Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезіндегі келісімді тіркеу туралы анықтама

      Құрметті __________________________________________________________________

      Сіздің трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің

      (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезіндегі келісім туралы

      өтінішіңіз тіркелді.

      Тіркелген күні: 20______ жылғы "___" ____________.

      Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)

      _____________________________________________ қолы /__________/

      Медициналық-санитариялық

      алғашқы көмек ұйымның мөрі

  бұйрыққа 3-қосымша
Ағзалардың (ағза бөлігінің)
және (немесе) тіндердің
(тін бөлігінің) қайтыс болғаннан
кейінгі донорлығына адамның
тірі кезінде ерік білдіруін
беру және бұл жөнінде жұбайын
(зайыбын) немесе жақын
туыстарының бірін хабардар
ету қағидаларға
3-қосымша

"Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар;
2) "электрондық үкімет" веб - порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) портал арқылы-құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 (отыз) минут
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметке 1– қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды тіркеу туралы анықтама;
Осы мемлекеттік қызметке 2– қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде келісімді тіркеу туралы анықтама.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында үзіліссіз сағат 8.00 - ден 20.00 - ге дейін, сенбі күні сағат 9.00 - ден 14.00 - ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
2) осы Қағидаларға 1, 2 – қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш.
Порталға:
1) электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) нақты медициналық - санитариялық алғашқы көмек ұйымына бекітілмеуі.

10

Оның ішінде, электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс - орталығында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады