БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде__№ 11128 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен (учаскемен) жүру үшін ақы алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 274 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығымен бекітілген |
Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесі) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпыға ортақ пайдаланатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесі) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес әзірленді және жалпыға ортақ пайдаланатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесі) (бұдан әрі – ақылы учаскелер) жүріп өту үшін ақы алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абоненттік төлем - автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;
2) авариялық жұмыс режимі – ақы алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешені жұмысының штаттан тыс режимі, бұл ретте ақы алу жүйесінің жұмысының дұрыстығына әсер ететін іркілістер туындауы мүмкін;
3) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шоты - автокөлік құралына бекітілген пайдаланушының ақы алу жүйесіндегі шоты. Шоттың сәйкестендірушісі автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі болып табылады;
4) ақылы учаскелерді пайдаланушылар (бұдан әрі - пайдаланушылар) – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
5) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) – ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және жүріп өту үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (жол учаскелері);
6) ақы алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешені – ашық, жабық және аралас ақы алу жүйесінің түріне бөлінетін ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын алуға арналған жабдықтардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің және автомобиль жолдарының элементтерінің жиынтығы;
7) ақы алу пункті – автокөлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін техникалық құрылғылармен жабдықталған өткізу пункті, сондай-ақ әр түрлі төлем әдістерін қолдана отырып, пайдаланушылардан ақы алу процесін бақылау және ұйымдастыру;
8) ақы алу пунктіндегі тоқтаусыз жол жүру жолағы - абоненттік төлемді немесе алдын ала төлемді енгізген ақылы учаскелерден, пайдаланушылар үшін ақылы жолақ. Ақы алу пункт жолағы бар болған жағдайда, тоқтаусыз өтудің айрықша белгілері, жол белгілерімен тиісті белгілері және жасыл түсті белгілер бар;
9) ақылы қозғалысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) – автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
10) ақылы қозғалысты ұйымдастыру – ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын алу, сондай-ақ ақылы учаскелерді басқару жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешендерін енгізу және орнату арқылы ақы алу іс-шаралары;
11) ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысының мөлшерлемесі (бұдан әрі – ақы мөлшерлемесі) – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген жол жүру ақысының мөлшері;
12) аймақ - жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;
13) алдын ала төлем - ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;
14) байланыс орталығы - ұйымдастырушының дауыстық байланыс арналары, электрондық және почта қызметтері арқылы пайдаланушылардан өтініштерді өңдеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ пайдаланушылардың өтініштерімен жұмысты онлайн-чат режимінде жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (жария шартта көрсетілген байланыс орталығының нөмірі);
15) бақылау аркасы - ақылы учаскелерде орналасқан, автокөлік құралдарын тіркеуге, сәйкестендіруге, сондай-ақ салмақтық және габариттік параметрлерді өлшеуге арналған техникалық құралдар кешенімен жарақтандырылған инфрақұрылымдық құрылыс;
16) дербес шот - ұйымдастырушымен көрсеткен қызметтердің көлемін, жасалған жария шарт шеңберінде енгізілген ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуын есепке алу үшін пайдаланушыға бекітілген ақы алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешеніндегі есепке алу шоты;
17) жеке кабинет – пайдаланушыларды дербес бөлімде ұйымдастырушының интернет-ресурсында немесе мобильдік қосымшада тіркеуге арналған, дербес шоттағы немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотындағы ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпарат алуға, сондай-ақ шоттарды толықтыруға, ақылы учаскелердің жұмысына қатысты өзге де ақпарат алуға арналған графикалық интерфейсі бар;
18) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы;
19) жол ақысын уақтылы төлемеу - ұйымдастырушы белгілеген мерзімде есептен шығару сәтінде ақылы учаске бойынша жол ақысын төлеу үшін дербес шотта немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотында ақшалай қаражаттың болмауы немесе жеткіліксіз болуы;
20) кейінгі төлем - ақылы учаскелерде белгіленген техникалық құралдармен бекітілгеннен кейін пайда болған жол жүру сомасын төлеу үшін дербес шотқа немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептелген ақшалай қаражат;
21) клиенттермен жұмыс орталығы - ақылы учаскелерді пайдаланушыларға ақпараттық қызметтер көрсетуге арналған;
22) мобильді қосымша - смартфондарда және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету;
23) терминал - пайдаланушыдан ақылы учаскелер бойынша жол жүргені үшін ақы алуға арналған техникалық құралдармен жабдықталған бағдарламалық-аппараттық кешеннің құрылғысы, ақы алу пукнтінде орналасқан, ол болған кезде;
24) төлем жүйесі - осы төлем жүйесінің операторы белгілеген рәсімдерді, инфрақұрылымды және қағидаларды қолдану арқылы төлем жүйесі операторының және (немесе) төлем жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қатынастар жиынтығы;
25) POS-терминал - карточкалардың төлем жүйелерін және банктің ақпараттық жүйесімен қосылуды пайдалана отырып, ақылы учаскелер бойынша жол жүру қызметтері үшін ақы төлеу жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын алу тәртібі
3. Ақылы учаскелерде ақылы қозғалысты ұйымдастыру ақы алу жүйесі құрылғысының көмегімен жүзеге асырылады.
4. Ақылы учаске бойынша жол жүру пайдаланушы мен ұйымдастырушы арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады. Ақылы учаскені пайдалану шарты жария болып табылады. Жария шарт жасасу сәті ақылы учаскеге кіру сәті болып табылады.
5. Автокөлік құралдарының ақылы учаскелер бойынша жол ақысы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
6. Пайдаланушы жол ақысын мынадай тәсілдермен төлейді:
1) төлем жүйелерінің көмегімен алдын ала төлеу бойынша;
2) кейінгі төлем;
3) ақы алу пунктінде ақы төлеу, ол болған кезде.
7. Ұйымдастырушы ақылы учаскелерге кірер алдында ақылы учаскелерге кіру туралы хабарламасы бар ақпараттық таблоны орналастырады.
Ақпараттық таблода мынадай ақпарат орналастырылады:
1) ақы мөлшерлемесі;
2) ақылы учаскенің ұзындығы;
3) жол ақысын төлеудің ықтимал тәсілдері;
4) ұйымдастырушының байланыс орталығының деректері.
8. Ұйымдастырушы пайдаланушыларды ақылы учаскелер бойынша жол жүру туралы хабардар ету мақсатында мынадай тәсілмен хабардар етуге құқылы:
1) ақы алу пункті болған жағдайда оның өкілдері болады;
2) клиенттермен жұмыс орталықтары, олар болған жағдайда;
3) жария шартта немесе ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында көрсетілген қысқа нөмірі бар Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай байланыс орталығын;
4) ұйымдастырушы ақылы учаскелер бойынша жол жүргені үшін берешегінің бар екендігі туралы смс-хабарлама және ақылы жол жүру мәселелеріне қатысты басқа да ақпарат жіберуге құқылы.
9. Ақы алу пункті болған кезде ұйымдастырушы ақы алу пукнтінде кептелістің пайда болуын болдырмау үшін барлық жол жүру есептеулерін сақтай отырып, ақы алу пункті арқылы жылдам өту үшін шлагбаумдарды ашу жолымен өткізу жылдамдық режимін қамтамасыз етеді.
10. Автокөлік құралдарынан ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы ақы алу пунктінде, ол болған кезде алынады және жеке шотта немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотында ақшалай қаражат болған кезде бақылау аркаларында есептен шығарылады.
11. Ұйымдастырушы "Дербес деректер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген пайдаланушылардың деректеріне үшінші тұлғаларға қол жеткізуді шектейді.
12. Автокөлік құралының бақылау аркасы арқылы өтуі кезінде ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақылы учаскелерде орналасқан сәйкестендіруші техникалық құрылғылар арқылы пайдаланушы туралы деректерді өзінің автокөлік құралымен жинауды, тіркеуді және өңдеуді жүзеге асырады.
Мұндай деректер мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, күнін, уақытын белгілей отырып, автокөлік құралының фототүсірімдері, бейнежазбалары, салмақтық және габариттік параметрлері болып табылады.
13. Автокөлік құралы ақылы учаскеде ақы алу пукнтін ол болған жағдайда айналып кірген кезде, автокөлік құралын тіркеу бақылау аркаларында жүргізіледі.
Ақшалай қаражатты есептен шығару автокөлік құралы ақылы учаскеден ақы алу пункті арқылы шыққан кезде, ол болған кезде немесе бақылау аркаларында жүргізіледі.
14. Ақылы учаскеден ақы алу пукнті арқылы шыққан кезде, ол болған жағдайда, пайдаланушы ақпараттық таблода көрсетілген автокөлік құралының нөмірінің дұрыстығын тексеруі қажет. Қате анықталған жағдайда пайдаланушы осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ұйымдастырушының өкілдеріне жүгінеді.
15. Автокөлік құралының икемді тіркемеде басқа автокөлік құралын сүйрететін ақылы учаскелер бойынша өтуі кезінде ақы автокөліктің екі бірлігінен де алынады.
16. Ақылы учаскелерді пайдаланғаны үшін төлем ақыдан Заңның 5-2-бабында көзделген автокөлік құралдарының санаты босатылады.
17. Бақылау аркасының ақылы учаскелерінде автокөлік құралымен жүру кезінде бақылау аркасының қиылысынан кейін ақылы учаскенің аймағы үшін, бақылау аркасын айналып өту кезінде есептеу жүргізіледі, ақылы учаскенің аймағы үшін жол ақысын есептеу келесі бақылау аркасының автокөлік құралымен өткеннен кейін жүргізіледі. Ұйымдастырушы есептеу тетіктерін өзгертуге және ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен ақы алу жүйесін ажыратуды жүргізуге құқылы.
18. Ақылы учаскелер бойынша жол жүру үшін алдын ала төлем жасау үшін пайдаланушылар учаскеге кірер алдында ұйымдастырушы ұсынатын төлем жүйелерінің сервистерін пайдалана отырып, дербес шотты немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотын алдын ала толықтырады.
19. Жергілікті автокөлік құралына арналған абонементті ұйымдастырушы олардың жүк көтергіштігіне және автокөлік құралының түріне сәйкес ұсынады. Автокөлік құралында тіркеме болған жағдайда, абонемент жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын автокөлік құралы ретінде беріледі және ресімделеді.
Облыста бірнеше ақылы учаскелер болған жағдайда, әрбір ақылы учаске үшін пайдаланушы жеке абонемент сатып алуы тиіс. Абонемент пайдаланушы пайдалану үшін таңдаған ақылы учаскеге қатаң байланысты.
20. Абонементті пайдаланушыда күтпеген жағдайлар (автокөлік құралының иесін есептен шығару, сату, банкрот немесе қайтыс болу) туындаған кезде, бұл абонементті басқа пайдаланушыға пайдалануға беруге (қайта тіркеуге) болмайды, мұндай абонемент жойылады және жаңа абонемент сатып алу қажет.
21. Абонементтің әрекеті ақылы учаске өтетін облыс шекарасына байланысты емес. Автокөлік құралының абонемент бойынша өтуін тіркеу Қазақстан Республикасы облыстарының әкімшілік шекаралары бойынша емес, ақылы учаскеге байланған бақылау аркалары бойынша жүзеге асырылады.
22. Абонемент пайдаланушыларға ақылы учаскелер бойынша жол жүру үшін пайда болған берешекті өтегеннен кейін беріледі.
23. Ұйымдастырушыда ақы алу жүйесінің техникалық жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған кезде ұйымдастырушы ақы алу жүйесінің жұмысын авариялық жұмыс режиміне ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. Бұл ретте пайдаланушының шоттарымен байланысты барлық операциялар авариялық режим аяқталғаннан кейін өңделетін болады.
24. Пайдаланушының жол ақысы күнтізбелік жеті күн ішінде төленбеген жағдайда, сегізінші күні ұйымдастырушы материалдарды "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабына сәйкес қарау үшін көліктік бақылау органдарына жібереді.
25. Автокөлік құралы ақы алу пунктіне кірген кезде, ол болған жағдайда мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз, ақы алу жүйесі жол жүру жасалған ақылы учаскенің барлық аймақтары үшін бір бағытта есептеулер жүргізед