"Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32447 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарында, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым).

      2) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру – ауыл шаруашылығы техникасын сериялы өндіру жүйесі.

      3) конструкторлық құжаттама – жиынтығында немесе жеке-жеке бұйымның құрамы мен құрылымын айқындайтын, оны әзірлеу, дайындау, бақылау, пайдалану немесе жөндеу үшін деректер көзі ретінде қызмет ететін графикалық және мәтіндік құжаттарды ұсынатын толық жиынтық және/немесе негізгі конструкторлық құжаттама.

      4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарының өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі – өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.

      5) өндірістік активтер – ауыл шаруашылығы техникасын дайындау кезінде өндіріске тікелей қатысатын, өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансындағы негізгі қаражаттарға жататын ұзақ мерзімді активтер.";

      5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Келісім жасасу үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда жазбаша келісім жасасу бойынша өтініш жібереді.

      Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) технологиялық операциялар ескеріле отырып қалыптастырылатын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада іске асыру жоспар-кестесінің жобасы (бұдан әрі – жоспар-кесте);

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын туралы мәліметтер;

      3) өндірістік активтердің болуы туралы аудиттелген қаржылық есептілік;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында берілетін өндіріс құпияларын (ноу-хау) және техникалық құжаттаманы қолдана отырып, лицензия бойынша өнім өндіру технологиясын пайдалануға арналған лицензиялық келісім (шарт).

      5) Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен тракторлар мен комбайндар өндіру бойынша жасалған инвестициялық келісімшарт қоса беріледі.

      6. Уәкілетті орган он сегіз жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және комиссияның шығуын ұйымдастырады, оның қорытындысы бойынша келісім жасасу туралы немесе келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бұл туралы өндірушіні жазбаша хабардар етеді.

      Көшпелі комиссия (бұдан әрі – комиссия) өндіруші ұсынған құжаттардың сәйкестігін және дұрыстығын тексеру мақсатында, мұндай шығуға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өндірушіні алдын ала хабардар ете отырып, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.

      Көшпелі тексеру қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың сәйкестігі мен анықтығын тексеру мақсатында көшпелі комиссияның хаттамалық шешімін қабылдайды және оны шығу жүзеге асырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өндірушіге жібереді.

      Көшпелі тексеруді ұйымдастыру мерзімдері уәкілетті органның осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес өндіруші ұсынған құжаттарды қарау мерзіміне енгізіледі.";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Келісімнің қолданылу кезеңінде ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті кодының техника түрлерінің желісін кеңейту кезінде;";

      мынадай редакциядағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Өнеркәсіптік құрастыру туралы қосымша келісімдер жасасу тәртібі мен шарттары осы Қағидалардың 5-11-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады