"Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 13 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 мамырда № 32453 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтиженің алынған күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылып тұрады.

      3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішті (бұдан әрі – лицензия беру туралы өтініш) және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін (артықшылықты акцияларын шегергенде) акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленетін ірі қатысушы (ірі акционер) (бұдан әрі – ірі қатысушы (ірі акционер)) Қағидаларға 2-1 және 2-2-қосымшаларға сәйкес ақпарат ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Көрсетілетін қызметті беруші ашық және басқа дерек көздерінен микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде ұсынылған құжаттарды Қағидалардың 5-тармағының, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы бұйрықтың жобасын не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруден дәлелді бас тартуды дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қарауына жібереді.

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстаным білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы бұйрықтың не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден дәлелді бас тартудың жобасына қол қояды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішпен (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш) не жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келетін, орналасқан жері өзгерген, қызмет түрінің, ұйымдық-құқықтық нысанның өзгерген (қайта құру), көрсетілетін қызметті алушының бөлініп шығуы, бөлінуі нысанында қайта ұйымдастырылған кезде Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы электрондық түрде жүгінеді.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы тиісті шешім қабылдаған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) порталда көрсетілетін қызметті алушыға қайта ресімделген лицензияның электрондық көшірмесін қоса бере отырып, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарламаны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.

      18. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның телнұсқасын беруге өтініш келіп түскен кезде (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса), көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның телнұсқасын беруге өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімше 2 (екі) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия телнұсқасының жобасын (бұдан әрі – лицензия телнұсқасы) не бас тартуды дайындайды, лицензия телнұсқасына не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бас тартуына қол қояды, порталда көрсетілетін қызметті алушыға лицензия телнұсқасының электрондық көшірмесін қоса бере отырып, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарламаны не лицензияны беруден бас тартуды "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Лицензияның қолданысын тоқтату туралы өтінішке портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтату туралы көрсетілетін қызметті берушіге ерікті түрде өтініш жасауы туралы шешімі;

      2) барлық міндеттеменің орындалуын растайтын хат;

      3) лицензияның қолданысын тоқтату туралы өтініш жіберілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күнгі жағдай бойынша жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомасын және оның туындау негіздерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат жария етіледі;

      4) Қағидалардың 23-тармағы талаптарының орындалуын растайтын ақпарат.";

      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 2-2-қосымшамен толықтырылсын;

      осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 2-3-қосымшамен толықтырылсын;

      4-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      4-1-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:

      10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Мынадай:
1) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2) бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға не соттың қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енгізілгенге не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, қаржы ұйымының жеке тұлға – ірі қатысушысы, заңды тұлға – ірі қатысушысының (банк холдингінің) басшысы болып табылған;
3) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім қайтарып алынған;
4) тағайындалған (сайланған) күнге дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған жеке тұлға басшы қызметкер бола алмайды.

Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер құжаттар ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша:
басшы қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінде азаматтығы бар елдегі (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметті растайтын олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрақты тұратын ел - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұратын елдің мемлекеттік органы берген құжат.
Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі.
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер;
Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілген мәліметтер қоса беріле отырып ұсынылады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды (мәліметтерді) микроқаржылық қызметін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органы басшысының не оның міндетін атқарушы адамның (міндеттерін атқаруды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен куәландырылған растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса мәліметтер өзгерген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде лауазымды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып және көшірмесінің дұрыстығына белгі қойып ұсынады.

11.

1. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды, егер ол:
1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға болып табылса;
2) тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген, "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында белгіленген офшорлық аймақтарда тіркеуі, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар болса;
3) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уәкілетті орган осы ұйымды микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын ұйымның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса;
4) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін
бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын ірі қатысушы – жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған болса не қазір болып табылса.
2. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымы атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындалмайды (сайланбайды) (шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды).

Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы (ірі акционер) туралы мәліметтер құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды қоса бере отырып ұсынылады:
Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адам) және ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлғаның басқару органының (байқау кеңесінің) бірінші басшысы туралы мәліметтер;
атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлғаның басқару органының (болған кезде байқау кеңесінің) бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжатының (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлғаның басқару органының (болған кезде байқау кеңесінің) бірінші басшысында азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы берген азаматтығы бар елдегі (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдегі қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмелері;
Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге қолданылу мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында оларға қатысты көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі.
Жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынған күннің алдындағы жағдай бойынша мыналарды қоса бере отырып ұсынылады:
ірі қатысушы (акционер) - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
ірі қатысушыда (ірі акционерде) – көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлғасында азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы берген азаматтығы бар елдегі (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдегі қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге қолданылу мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында оларға қатысты көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі.
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер;
Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер өзгерген жағдайда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым,
өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды (мәліметтерді) растайтын құжаттардың микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органы басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қолымен (міндеттерді атқаруды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып), лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып және көшірменің дұрыстығына белгі қойыла отырып куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып, мәліметтер өзгерген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.

  ".

      2. Банктік емес ұйымдарды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Цифрлық

      даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 13 Қаулыға
1-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері:
1) лицензия алу;
2) лицензияның телнұсқасын алу;
3) лицензияны қайта ресімдеу

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталға жүгінген күннен бастап:
микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру кезінде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Лицензияны, лицензияның телнұсқасын беру, лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Лицензиялық алымдар:
1) лицензия бергені үшін 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
3) лицензияны телнұсқасын бергені үшін лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер, бейрезидент-банктердің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 80 және 81-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 3 және 5-баптарына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
өтініштерді қабылдау кестесі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін порталға жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы электрондық өтініш;
2) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады: көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына есепке жатқызылғанын растайтын және лицензия алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме);
3) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерінің сақталуы туралы мәліметтер (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жарғының электрондық көшірмесі және бар болса шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының тізілімі, не бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары берген одан үзінді-көшірме;
6) Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды:
Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) бірінші басшысы туралы мәліметтерді;
заңды тұлға - ірі қатысушының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (болған кезде байқау кеңесінің) бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
заңды тұлға – ірі қатысушының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысында азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы берген (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) заңды тұлға - ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысы соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін (артықшылықты) акцияларының он немесе одан да көп пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін, заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы (акционер) туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
7) Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды:
жеке тұлға – ірі қатысушының (ірі акционердің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
жеке тұлға - ірі қатысушының (ірі акционердің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамда) және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысында азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы берген (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) жеке тұлға - ірі қатысушының (ірі акционердің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адам) және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) бірінші басшысы соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін (артықшылықты акцияларын есепке алмағанда) акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушы (акционер) туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
8) Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды:
басшы қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінде азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) немесе көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
9) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ломбард жайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық нығайту жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
10) ішкі бақылау қызметінің басшы қызметкерлерін, қызметкерлерін жалдау және (немесе) тағайындауды (сайлау) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (бар болса);
11) микрокредиттер беру қағидаларының электрондық көшірмелері;
12) басшы қызметкерлердің жоғары білімінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Шет тілінде ұсынылатын құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, 36-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес нотариалды куәландырылуға тиіс;
13) филиалдар және өкілдіктер туралы ережелердің электрондық көшірмелері (бар болса).
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер алдында берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) порталға жүгінген кезде:
1) лицензияның телнұсқасын алу туралы еркін нысанда жазылған электрондық өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы аты (микроқаржылық қызмет түрінің, ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне әкеп соқпайтын), орналасқан жері (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталын ұлғайтуға әкеп соқпайтын) өзгерген, бірігу немесе қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны порталда қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы электрондық өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
4) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төмен мөлшерін сақтау туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның орналасқан жері өзгерген (жарғылық капиталды ұлғайтуға әкеп соғатын), қызмет түрінің, ұйымдық-құқықтық нысанның өзгерген (қайта құру), бөлу немесе бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны порталда қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы электрондық өтініш;
2) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады, көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына есепке жазылғанын растайтын және лицензияны алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме);
3) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерінің сақталуы туралы мәліметтер (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жарғының электрондық көшірмесі және бар болса, шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының тізілімі не бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары берген одан үзінді-көшірме;
6) Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды:
Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) бірінші басшысы туралы мәліметтерді;
атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмелерін (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
заңды тұлға - ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысында азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы берген (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) заңды тұлға - ірі қатысушының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) бірінші басшысы соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжаттарда оларды қолданудың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті болатын елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
7) Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес құжаттарды беру күнінің алдындағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер, мыналарды қоса бере отырып:
ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмелері (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар);
көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысында (ірі акционерінде) – жеке тұлғада азаматтығы бар елдегі (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін, олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елі - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрақты тұратын елдің мемлекеттік органы берген, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжат. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжаттарда оларды қолданудың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті болатын елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
8) Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды:
басшы қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінде азаматтығы бар елдегі (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) немесе көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжаттарда оларды қолданудың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті болатын елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
9) микроқаржы ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен ломбардқа микроқаржылық қызмет түрі өзгерген кезде Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ломбард үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін) (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
10) ішкі бақылау қызметінің басшы қызметкерлерін, қызметкерлерін жалдау және (немесе) тағайындауды (сайлауды) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (бар болса);
11) микрокредиттер беру қағидаларының электрондық көшірмесі;
12) басшы қызметкерде жоғары білімінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы ұйымдық-құқықтық нысаны (қайта құрылуы) өзгерген жағдайларда лицензияны қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтер құжаттардың мәліметтері және (немесе) мазмұны өзгерген және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өткен жағдайларды қоспағанда, ұсынылмайды. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын ұсынылған құжаттар мен мәліметтер туралы мәліметтер (шығыс құжаттың күні, нөмірі) көрсетіледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Лицензия беруден бас тарту үшін негіздер:
1) ұсынылған құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын дәйексіз мәліметтер мен ақпарат беру;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап 6 (алты) ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу туралы өтінішпен жүгінбесе;
3) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі - Заң) 11, 12, 13-баптарында және 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптардың бірін сақтамау;
4) Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімін сақтамау;
5) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш берген кезде Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімді сақтамау;
6) егер қызмет көрсету мәні қаржылық қызметтерді көрсету болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы үшін қызметтің түрімен айналысуға Заңмен тыйым салынса;
7) лицензиялық алым енгізілмесе;
8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың лицензиялауға жататын қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
10) сот орындаушысы ұсынымының негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салса;
11) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленсе.
Лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер:
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда;
2) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  ";
  Қаулыға
2-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
2-қосымша

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын:

      __________________________________________________________________________

      (микроқаржылық қызметтің түрі)

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні

      (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін)

      және көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының мөлшері

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және

      терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай ақпараттық

      жүйеге қосылу туралы талап орындалды ма

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      4. Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық

      жүйені орнату бойынша талаптар орындалды ма

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      5. Мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шарт жасау талабы

      орындалды ма

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      иә (жоқ).

      6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар және

      парақтар саны:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың

      дәйектілігін және толықтығын растайды. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық

      жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім

      береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының не өтініш беруге

      уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса

      бере отырып).

      __________________________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (күні)

  Қаулыға
3-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
2-1-қосымша

Заңды тұлға болып табылатын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларын шегергенде) он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушы (ірі акционер) _______________________________________________________________________ (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) туралы мәлімет

      1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы (ірі

      акционері) (бұдан әрі – Өтініш беруші)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (толық атауы)

      2. Орналасқан жері және нақты мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қаланың коды, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген)

      4. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Қызмет түрі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

      6. Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе өтініш берушінің

      акционерге тиесілі, дауыс беруші акциялары санының өтініш берушінің дауыс беруші

      акцияларының жалпы санына арақатынасы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      8. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесіне (өтініш берушінің

      акцияларын төлеуге) ақша енгізер алдында өтініш берушінің ірі қатысушысының (ірі

      акционерінің) меншікті капиталының мөлшері және өтініш берушінің жарғылық

      капиталына қатысу үлесіне (өтініш берушінің акциясын төлеу) енгізілген сома

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Тізбесі "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) белгіленген тіркеуінің болуы туралы, тұрғылықты тұратын жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      10. Заңды тұлғалардың атауларын, қызмет түрлерін, орналасқан жерлерін және мемлекеттік тіркелуі туралы деректерді, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе ірі қатысушысына (ірі акционеріне) тиесілі акциялар санының өтініш берушінің заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасын (пайызбен) көрсете отырып, өтініш берушінің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) ірі қатысушы (ірі акционер) ретінде өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне

      қатысуы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      11. Ұйымдардың атауын, орналасқан жерін көрсете отырып, өтініш берушінің ірі қатысушысы (ірі акционері) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      12. Өтініш берушінің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функциясын жеке-дара орындайтын тұлға) және басқарушы органының (бар болса, бақылаушы кеңестің) бірінші басшысы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      13. Өтініш беруші "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уәкілетті орган осы микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы болғаны не болмағаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету).

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20___ жылғы "___" _____________

      Өтініш берушінің ірі қатысушысының (акционерінің) атқарушы органы басшысының

      (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) немесе

      оның міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы____________________________________

  Қаулыға
4-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
2-2-қосымша
фотосурет орны

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесінің немесе дауыс беретін (артықшылықты) акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлға, бас бухгалтері _______________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы) туралы мәліметтер

      1. Көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның бас бухгалтері (бұдан әрі – өтініш беруші) туралы жалпы мәліметтер:

Туған жылы мен орны


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


Телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй)


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқуға түскен жылы – оқуды аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері
(бар болса күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Өтініш беруші ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және орналасқан жері

Заңды тұлғаның қызмет түрі

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе өтініш берушіге тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған) акцияларының жалпы санына қатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Ескертпе: 4-бағанда өтініш берушінің сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде өтініш беруші өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын үлестер (акциялар) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта өтініш берушінің еңбек қызметі туралы мәліметтер, оның ішінде жоғары оқу орнын бітірген күннен бастап, сондай-ақ өтініш берушінің еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны*

Лауазымы

Тәртіптік жазаның бар-жоқтығы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босау себептері

Өзге де мәліметтер**

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе:

      1) егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымының тіркелген елі көрсетіледі;

      2) қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесі (департамент, басқарма, филиал), басшысы (басшының орынбасары) қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директор лауазымына орналасқан жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі;

      3) аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жұмыс өтілі болған жағдайда, қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеуге қатысты негізгі функционалдық міндеттер көрсетіледі.

      5. Инвестициялық комитеттердегі, ұйымдардағы мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босау себептері

1

2

3

4

5






      6. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) туралы мәліметтер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың басшы қызметкерлері бойынша толтырылмайды):

Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)

Жеке сәйкестендірунөмірі

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      7. Тізбесі "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) белгіленген офшорлық аймақтарда көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы – жеке тұлғаның (акционерінің) тіркелуі, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      8. Көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционер) – жеке тұлға бұрын уәкілетті орган осы микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушы) болғаны не болмағаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін).

      9. Көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға ірі қатысушы – жеке тұлға не ірі қатысушы – заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктер филиалдары санатына жатқызу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде болып табылғаны не табылатындығы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін).

      10. Тағайындалған (сайланған) күнге дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жазаға тартылған-тартылмағандығы

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот актісінің деректемелері).

      11. Осы арқылы Террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде өзімнің және жұбайымның (зайыбымның), жақын туыстарымның (ата-анамның, аға-інілерімнің, әпке-сіңлілерімнің, балаларымның және жекжаттарымның (жұбайымның) зайыбымның ата-анасының, аға-інілерінің, әпке-сіңлілерінің, балаларының) болмауын растаймын

      __________________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      Мен бұл ақпаратты тексергенімді және дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің бар екендігін растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы _________________

      Күні ____________________

  Қаулыға
5-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
2-3-қосымша
Нысан
фотосурет орны

Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы мәліметтер _____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), лауазымы

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломының деректемелері (күні және нөмірі (бар болса))

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) туралы мәліметтер (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың басшы қызметкерлері бойынша толтырылмайды):

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      4. Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларына иелік етуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан орны

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкеріне тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Ескертпе: 4-бағанда басшы қызметкердің сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде басшы қызметкер өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер (қаржы ұйымындағы, банк және (немесе) сақтандыру холдингіндегі лауазымды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері ретінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің бүкіл еңбек қызметі туралы мәліметтер (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап көрсетіледі):

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымынан босатылу себептері

Жетекшілік ететін бөлімшелер, негізгі функционалдық міндеттер

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе:

      1) ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болатын жағдайда 3-бағанда Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымының тіркелген елі көрсетіледі;

      2) қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департамент, басқарма, филиал) басшысы (басшының орынбасары), қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директор қызметін атқаратын жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты мәселелер көрсетіледі.

      6. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің бұрын уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызу, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы не басшының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банк холдингінің) басшысы болғандығы туралы мәліметтер.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

      _____________________(қаржы ұйымының атауы, лауазымы,

      __________________________________________________________________________

      жұмыс істеген кезеңі)

      7. Басшы қызметкерден оны осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымы тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарылғаны-қайтарылмағаны туралы мәліметтер. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.

      __________________________________________________________________иә (жоқ).

      8. Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны немесе тағайындалған (сайланған) күнінен бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жазаға тартылған-тартылмағандығы

      ___________________________________________________________________иә (жоқ)

      __________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      __________________________________________________________________________

      құқық бұзушылықтың, қылмыстың, сот шешімінің қысқаша сипаттамасы.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің бұрын қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) - заңды тұлғасының - эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) - жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылғаны не табылмағаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________иә (жоқ),

      (заңды тұлғаның атауы,

      __________________________________________________________________________

      лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

      10. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының бар екендігі туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      11. Басшы қызметкерге қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымына орналасу және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің бар екендігі туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________________.

  Қаулыға
6-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
4-қосымша

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия

      ________________________________________________________________байланысты

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      _______________________________________________________________________

      қайта ресімдеуді сұраймын.

      1. Көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия туралы деректер

      __________________________________________________________________________

      (лицензия нөмірі, берілген күні, берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер:

Қайта ұйымдастыру туралы ақпарат

Атауы

БСН

1.

Қосу нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар бойынша мәліметтер

1.1.

Қосу нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың атауы



1.2.

Қосу нысанында құрылған заңды тұлғаның атауы



2.

Қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар бойынша мәліметтер



2.1.

Қосылған заңды тұлғаның атауы



2.2.

Заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның атауы



      __________________________________________________________________________

      4. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана мен парақ саны

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттар (ақпараттың) анықтығын растайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып).

      __________________________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (күні)

  Қаулыға
7-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
4-1-қосымша

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия

      __________________________________________________________________________

      байланысты (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету) қайта ресімдеуді сұраймын.

      1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия туралы деректер

      _________________________________________________________________________

      _____________________. (лицензия нөмірі, берілген күні, берген мемлекеттік органның

      атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      2. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруашылық серіктестігін акционерлік қоғамға қайта ұйымдастыру нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар үшін) және көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының мөлшері

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылу туралы талап орындалды ма

      __________________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      5. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шарт жасасу туралы талап орындалды ма

      __________________________________________________________________иә (жоқ)

      6. Бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені орнату талабы орындалды ма

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      7. Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер:

Қайта ұйымдастыру туралы ақпарат

Атауы

БСН

1.

Бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар бойынша мәліметтер

1.1

Бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның атауы



1.2

Бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылғаннан кейін құрылған заңды тұлғалардың атауы



2.

Бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар бойынша мәліметтер

2.1

Бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның атауы



2.2

Бөліну нысанында қайта ұйымдастырылғаннан кейін құрылған заңды тұлғалардың атауы



3.

Қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар бойынша мәліметтер

3.1

Қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның атауы



3.2

Қайта ұйымдастырылғаннан кейін қайта құру нысанында құрылған заңды тұлғаның атауы



      8. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана мен парақ саны:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың анықтығын және толықтығын растайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып).

      __________________________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы) (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады