"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 399-бабы бірінші бөлігінің 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіру үшін химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесі
№ п/п | СЭҚ ТН коды | Химиялық заттың (шикізаттың) атауы | Химиялық заттың (шикізаттың) концентрациясы, % кем емес |
1. | 2909 30 900 1 |
Эфирлер қарапайым, эфироспирттер, эфирофенолдар, эфироспиртофенолдар, спирт пероксидтері, қарапайым | 90 |
2. | 2918 99 900 0 | Құрамында қосымша оттегі бар функционалдық тобы бар карбон қышқылдары және олардың ангидридтері, галогенангидридтері, пероксидтері және перокси қышқылдары; олардың галогенделген, сульфатталған, нитрленген немесе нитрозирленген туындылары: өзгелері: өзгелері: өзгелері (2-этилгексил эфирі 2,4-Д қышқылдары) | 90 |
3. | 2920 90 700 0 | Бейметалдардың өзге бейорганикалық қышқылдарының (галогендік сутектердің күрделі эфирлерінен басқа) және олардың тұздарының күрделі эфирлері; олардың галогенделген, сульфатталған, нитратталған немесе нитрозданған туындылары: өзгелері: өзге де қосылыстар (Пропаргит) | 90 |
4. | 2921 49 000 1 | Амидті функционалдық тобы бар қосылыстар: хош иісті моноаминдер және олардың туындылары; осы қосылыстардың тұздары: өзгелері: өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын өндіруге арналған пендиметалин (пендиметалин) | 90 |
5. | 2924 21 000 0 | Құрамында карбоксил функционалдық тобы бар қосылыстар; құрамында амид функционалдық тобы бар көмір қышқылының қосылыстары: циклдік амидтер (циклдік карбаматтарды қоса алғанда) және олардың туындылары; осы тұздар қосылыстар: уреиндер және олардың туындылары; осы қосылыстардың тұздары (Пенцикурон, Диурон) | 90 |
6. | 2924 29 990 9 | Құрамында карбоксил функционалдық тобы бар қосылыстар; құрамында амид функционалдық тобы бар көмір қышқылының қосылыстары: циклдік амидтер (циклдік карбаматтарды қоса алғанда) және олардың туындылары; осы тұздар басқа: өзгелері: өзгелері (Дифлубензурон) | 90 |
7. | 2926 90 980 0 | Құрамында нитрилді функционалдық тобы бар қосылыстар: өзгелері: өзгелері (Ламбда-Цигалотрин, Циперметрин) | 90 |
8. | 2930 30 000 0 | Күкіртті органикалық қосылыстар: тиурам моно-, ди-немесе тетрасульфидтер (Тирам) | 90 |
9. | 2930 90 950 1 | Күкіртті органикалық қосылыстар: өзгелері: өзгелері: О, о-диметил-S - (N метилкарбамоилметил) дитиофосфат, мезотрион, клетодим және өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын өндіруге арналған малатион (техникалық Клетодим)_ | 90 |
10. | 2930 90 950 8 | Күкіртті органикалық қосылыстар: өзгелері: өзгелері: өзгелері (Тиофанат-Метил) | 90 |
11. | 2931 10 000 0 | Өзге де органикалық-бейорганикалық қосылыстар: тетраметилсвинец және тетраэтилсвинец (Тиаклоприд) | 90 |
12. | 2931 49 000 1 |
Өзге де органикалық-бейорганикалық қосылыстар: галогенделмеген | 90 |
13. | 2933 19 900 0 | Құрамында азоттың тек гетероаты(лары) бар гетероциклді қосылыстар: құрамында конденсацияланбаған пиразол сақинасы (гидрленген немесе гидрленбеген) бар қосылыстар: өзгелері: өзгелері (Мефенпир-диэтил, Пираклостробин, с-Метолахлор, Метазахлор) | 90 |
14. | 2933 29 900 0 | Құрамында азоттың тек гетероаты(лары) бар гетероциклді қосылыстар: құрамында конденсацияланбаған имидазол сақинасы (гидрленген немесе гидрленбеген) бар қосылыстар: өзгелері: өзгелері (Прохлораз) | 90 |
15. | 2933 39 250 0 | Құрамында азот гетероаты(лары) бар гетероциклді қосылыстар: құрамында конденсацияланбаған пиридин сақинасы (гидрленген немесе гидрленбеген) бар қосылыстар: басқалары: 3,6-дихлорпиридин-2-карбон қышқылы (Клопиралид) | 90 |
16. | 2933 39 980 0 | Құрамында азоттың тек гетероаты(лары) бар гетероциклді қосылыстар: құрамында конденсацияланбаған пиридин сақинасы (гидрленген немесе гидрленбеген) бар қосылыстар: өзгелері: өзгелері (Клодинафоп-пропаргил, Имазамокс, Хлорпирифос, Ацетамиприд) | 90 |
17. | 2933 69 800 0 | Құрамында азоттың тек гетероаты(лары) бар гетероциклді қосылыстар: құрамында конденсацияланбаған триазин сақинасы (гидрленген немесе гидрленбеген) бар қосылыстар: өзгелері: өзгелері (Дифеноконазол, Метрибузин) | 90 |
18. | 2933 99 800 8 | Құрамында азоттың тек гетероаты(лары) бар гетероциклді қосылыстар: өзгелері: өзгелері: өзгелері: өзгелері (Эпоксиконазол, дибром Дикваты тұз, Пропиконазол, Тебуконазол, Тритиконазол) | 90 |
19. | 2934 10 000 0 | Нуклеин қышқылдары және олардың тұздары, анықталған немесе анықталмаған химиялық құрамы; өзге де гетероциклді қосылыстар: құрылымында конденсацияланбаған тиазол сақинасы (гидрленген немесе гидрленбеген) (Тиаметоксам)бар қосылыстар | 90 |
20. | 2934 99 800 0 | Нуклеин қышқылдары және олардың тұздары, анықталған немесе анықталмаған химиялық құрамы; гетероциклді қосылыстар өзгелері: өзгелері: өзгелері: өзгелері (Тидиазурон, Хизалофоп-П-тефурил, Карбоксин, Имидаклоприд, феноксапроп-П-этил) | 90 |
21. | 2935 90 900 1 | Сульфонамидтер: өзгелері: өзгелері: өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын өндіруге арналған метсульфурон-метил, трибенурон-метил, римсульфурон және флорасулам (Метсульфурон-метил, Флорасулам, Трибенурон-Метил) | 90 |
22. | 2935 90 900 9 | Сульфонамидтер: өзгелері: өзгелері (Тифенсульфурон-метил, Флукарбазон, натрий Флукарбазоны, Никосульфурон, Азимсульфурон) | 90 |
23. | 2942 00 000 0 | Өзге де органикалық қосылыстар (Клоквинтоцет-мексил, Дельтаметрин) | 90 |
24. | 3402 42 000 0 | Беттік-белсенді органикалық заттар (сабыннан басқа); беттік - белсенді заттар, жуғыш заттар (қосалқы жуғыш заттарды қоса алғанда) және құрамында сабыны бар немесе жоқ тазартқыш құралдар (3401 тауар позициясының құралдарынан басқа): бөлшек сауда үшін буып-түйілген немесе буып-түйілмеген беттік-белсенді органикалық өзге де заттар: иондық емес (Адъювант) | 90 |