"Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін және Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 20-01-38.3 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысының 2023 жылғы 6 мамырдағы № 23-01-38.22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 мамырда № 32486 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін және Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 20-01-38.3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресс индексін есептеу нәтижелілікті бағалаудың бір бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымын (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымы) тарта отырып, оның әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуі кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұлттық және халықаралық көрсеткіштер бойынша деректерді жинау мен қалыптастыруды Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің қорытынды индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      W– барлық көрсеткіш бойынша ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің қорытынды индексі;

      Qi– i оң көрсеткішінің ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі;

      Ri– i теріс көрсеткішінің ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі;

      m – көрсеткіштер саны.

      i оң көрсеткішінің ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      qi,kz– есепті кезеңдегі Қазақстан Республикасының і оң көрсеткішінің көрсеткіші;

      qm,oecd– есепті кезеңдегі ЭЫДҰ елдерінің і оң көрсеткішінің орташаланған көрсеткіші.

      ЭЫДҰ елдерінің і оң көрсеткішінің орташаланған көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      qi,oecd– есепті кезеңдегі ЭЫДҰ елдерінің әрбірінің і оң көрсеткішінің көрсеткіші;

      n– ЭЫДҰ елдерінің саны.

      і теріс көрсеткішінің ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      rm,oecd– есепті кезеңдегі ЭЫДҰ елдерінің і теріс көрсеткішінің орташаланған көрсеткіші;

      ri,kz– есепті кезеңдегі Қазақстан Республикасының і теріс көрсеткішінің көрсеткіші.

      ЭЫДҰ елдерінің і теріс көрсеткішінің орташаланған көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ri,oecd– есепті кезеңдегі ЭЫДҰ елдерінің әрбірінің і теріс көрсеткішінің көрсеткіші.

      W ЭЫДҰ елдерінің орташаланған даму көрсеткішіне қатысты Қазақстан Республикасының позициясын сипаттайды. Сәйкесінше, W 100%-ға неғұрлым жақын болса, Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресі соғұрлым жоғары және ЭЫДҰ елдерінен артта қалуы аз болып келеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) сәйкес әзірленді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымын (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымы) тарта отырып, оның әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуі кезінде нәтижелілікті бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Нәтижелілікті бағалау Бағалау жүйесінің 67-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін Бағаланатын мемлекеттік органдар нәтижелілігінің түйінді көрсеткіштерінің тізбесі (бұдан әрі – Көрсеткіштер тізбесі) бойынша жүргізіледі.

      Жергілікті атқарушы органдардың нәтижелілігін бағалау кезінде "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығына сәйкес жыл сайын жүргізілетін Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің (бұдан әрі – Рейтинг) сауалнамалық және статистикалық деректері қосымша пайдаланылады.

      Бұл ретте Рейтингтің сауалнамалық және статистикалық деректері бойынша нәтижелілік индекстерін есептеу осы Әдістеменің 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұлттық және халықаралық көрсеткіштер бойынша деректерді жинау мен қалыптастыруды Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әкімшілік сандық және сапалық деректерді мемлекеттік органдар Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымына есепті (күнтізбелік) жыл қорытындысы бойынша қағаз түрінде ("қызмет бабында пайдалану үшін" немесе "құпия" грифі бар деректер ұсынылған жағдайда) және электрондық түрде ұсынады.

      12. Деректер мемлекеттік органдардың ресми сайттарында орналастырылған жағдайда Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымы қажетті ақпаратты жинауды, жүйелеуді және өңдеуді жүзеге асырады.

      13. Жүргізілген тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер нәтижелері туралы мәліметтер Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымына жылына 2 (екі) рет (жыл сайын 1 маусым мен 1 қазанға қарай):

      1) есепті жылдан кейінгі жылдың сәуір – мамыр айларында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы бойынша;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың тамыз – қыркүйек айларында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы бойынша қағаз және электрондық түрде ұсынылады.

      Бұл ретте бірінші әлеуметтік зерттеудің нәтижелері есепті жылғы нәтижелілікті бағалау қорытындысын шығару үшін – шілде айында, екінші әлеуметтік зерттеудің нәтижелері есепті жылдан кейінгі жылғы алдын ала (аралық) бағалау қорытындысын шығару үшін желтоқсан айында қолданылады.

      Жүргізілген тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің әрбір нәтижесі бойынша репрезентативтік іріктеме кемінде 15 000 (он бес мың) респондентті құрайды (18 (он сегіз) жастағы және одан асқан тұрғындар).";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер бойынша – Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымы;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Белгілі бір мемлекеттік органның барлық оң және теріс көрсеткіштері бойынша нәтижелілік индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Ai‒ белгілі бір мемлекеттік органның i оң көрсеткішінің нәтижелілік индексі;

      Bi‒ белгілі бір мемлекеттік органның i теріс көрсеткішінің нәтижелілік индексі;

      ki‒ Көрсеткіштер тізбесіне сәйкес мемлекеттік органның і көрсеткішіне қол жеткізуіне ықпал ету коэффициенті.".

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының назарына жеткізілсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің
Басшысы
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады