"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19817 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 15 мамырдағы № 81 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасында балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда туғаннан бастап 18 жасқа толғанға дейін хирургиялық аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман - жоғары медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) медициналық көмек көрсетудің бірінші деңгейі - медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;
3) бала (балалар) - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
4) медициналық көмек көрсетудің екінші деңгейі - мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
5) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі;
6) жедел медициналық жәрдем - өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысанда медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;
7) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурсты қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсетілетін қызмет;
8) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар, жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсететін медициналық көмек;
9) мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін қажет ететін аурулар кезінде, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету құралдарын пайдалана отырып бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
10) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
12) медициналық көмек көрсетудің үшінші деңгейі - жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
13) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.
3. Балаларға хирургиялық көмек көрсету:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес;
"Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" (ақылы медициналық қызметтер) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген) сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
4. Балаларға хирургиялық көмек мамандандырылған медициналық көмекке, оның ішінде жоғары технологиялық көмекке жатады және диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде, оның ішінде "Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерді пайдалана отырып бейінді мамандар көрсетеді.
5. Балаларға хирургиялық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына (бұдан әрі – КХ) және осы Стандартқа сәйкес жүргізіледі.
6. Балаларға хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) сәйкес денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын жүргізуді қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7. Балаларға хирургиялық көмек Кодекстің 117-бабына сәйкес шұғыл, кезек күттірмейтін және жоспарлы нысандарда және Кодекстің 118-бабына сәйкес амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетіледі.
8. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) сәйкес "Балалар хирургиясы" (бұдан әрі – балалар хирургі) мамандығы бойынша дәрігерлер, сондай-ақ кеңейтілген практика мейіргері, жалпы практика мейіргер, мамандандырылған мейіргер балаларға хирургиялық көмек көрсетеді.
9. Балаларға хирургиялық араласулар "Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 364 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11386 болып тіркелген) бекітілген нысан және № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген стационарларда қолданылатын медициналық есепке алу құжаттамасы нысанының стационарлық пациенттің медициналық картасына 3-қосымша парақ бойынша, Кодекстің 145-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, операциядан кейінгі мінез-құлық және операциядан кейінгі кезеңдегі денсаулық жағдайының өзгеруі туралы балалар хирургіне уақтылы хабарлау қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі нұсқама жүргізе отырып, заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.
10. Мүмкін болатын салдарларды көрсете отырып, хирургиялық араласудан бас тарту медициналық құжаттарда, оның ішінде электрондық форматта жазумен ресімделеді және оған Кодекстің 136-бабына сәйкес баланың заңды өкілдері, сондай-ақ балалар хирургі қол қояды.
11. Заңды өкілдер балаларға хирургиялық көмекке қол қоюдан бас тартқан кезде бұл туралы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 001/у "Стационарлық пациенттің медициналық картасы" және № 052/у "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" нысандары бойынша тиісті жазба жүзеге асырылады, оған балалар хирургі қол қояды.
12. Балаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылық фактілері анықталған кезде балаларға хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы ішкі істер органдарына ақпарат (шұғыл хабарлама) беруге міндетті.
2-тарау. Балаларға хирургиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
13. Балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Кодекстің 116-бабына сәйкес үш деңгей бойынша жүргізіледі:
1) бірінші деңгейде:
амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі балалар хирургі кабинетінде (бұдан әрі – Кабинет) (Республикалық маңызы бар қалаларда және астанада көпбейінді аурухананың немесе қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде аудандық, қалалық, консультативтік-диагностикалық орталықта);
2) екінші деңгейде:
амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінде (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді аурухананың немесе қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде қалалық, консультациялық-диагностикалық орталықта) және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінде (қалалық және облыстық көпбейінді балалар ауруханалары жанындағы консультациялық-диагностикалық бөлімше); балаларға стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін амбулаториялық хирургия орталығында (бұдан әрі – АХО);
стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық төсектері (аудандық ауруханалар);
қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы неонаталдық хирургиялық төсектер (бөлімше) (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді қалалық балалар ауруханасы; облыс орталығында құрылатын көпбейінді облыстық балалар ауруханасы; перинаталдық көмекті өңірлендірудің үшінші деңгейіндегі босандыру ұйымдары);
қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшесі (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, облыс орталығында құрылатын көпбейінді облыстық балалар ауруханасы).
3) үшінші деңгейде:
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы неонаталдық хирургиялық төсектер (бөлімше);
қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы (республикалық маңызы бар қалалар мен астанада көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, облыс орталығында құрылатын көпбейінді облыстық балалар ауруханасы), денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардағы, мамандандырылған балалар хирургиялық көмегін, оның ішінде хирургиялық аурудың бейініне байланысты жоғары технологиялық көмекті көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшесі.
3-тарау. Балаларға хирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
14. Балаларға хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:
1) балалардағы хирургиялық аурулардың диагностикасы, емдеу, профилактикасы;
2) мамандандырылған балаларға арналған хирургиялық көмек, оның ішінде амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, медициналық ұйымнан тыс жерде: жедел медициналық көмек бригадасын шақыру орны бойынша, санитариялық автокөлікте және тасымалдау кезінде медициналық авиацияда, сондай-ақ медициналық поездарда, жылжымалы (далалық) медициналық кешендерде, далалық госпитальдарда, трассалық медициналық-құтқару пункттерінде және қашықтықтан медициналық қызмет көрсету кезінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып көрсету;
3) хирургиялық аурулары бар балаларға консультациялық-диагностикалық көмек;
4) хирургиялық араласудан өткен балаларды қарап-тексеру және динамикалық байқау;
5) шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін балалар хирургиялық ауруларының сырқаттанушылығын төмендету үшін профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;
6) ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіру, мүгедектікті төмендету мақсатында хирургиялық аурулары бар балаларға медициналық оңалту жүргізу.
7) диагностика мен емдеудің инновациялық, тиімді әдістерін балалардың хирургиялық практикасына енгізу;
8) аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейлерде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы жұмыста сабақтастықты қамтамасыз ету.
4-тарау. Балаларға хирургиялық көмек көрсетудің деңгейлері, түрлері, нысандары мен шарттары бөлінісінде оны көрсету тәртібі
15. Балаларға хирургиялық көмек көрсету тәртібі осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлеміне сәйкес ұйымдастырылады және көрсетіледі.
1-параграф. Балаларға амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайларда балаларға арналған хирургиялық көмек көрсету
16. Амбулаториялық жағдайларда балаларға хирургиялық көмекті диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде, оның ішінде № ҚР ДСМ-12 бұйрығына сәйкес қашықтықтан медициналық қызмет көрсету құралдарын пайдалана отырып, консультациялық-диагностикалық көмек, стационарды алмастыратын көмек түрінде балалар хирургтері екі тәсілмен көрсетеді:
1) оперативті (хирургиялық);
2) оперативті емес (консервативті).
17. Хирургиялық аурулары бар балаларға амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке енгізілген емшаралар мен манипуляциялар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-136/2020 бұйрығына сәйкес ұсынылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21470 болып тіркелген).
18. Хирургиялық аурулары бар балаларға стационарды алмастыратын жағдайларда балалар хирургиялық көмегі "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.12.2024 № 102 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Амбулаториялық жағдайларда балаларға хирургиялық көмекті балалар хирургтері Кабинетте, сондай-ақ АХО-да жүзеге асырады.
20. Стационарды алмастыратын жағдайларда балаларға хирургиялық көмекті АХО-дағы балалар хирургтары жүзеге асырады.
21. Кабинеттің балалар хирургі:
1) Құрамында Кабинет жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымының емдеу-диагностикалық және қосалқы бөлімшелерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, хирургиялық аурулардың профилактикасын, диагностикасын және емдеуді;
2) хирургиялық араласудан өткен балаларды динамикалық байқауды;
3) "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес қызмет көрсетілетін аумақта балаларды профилактикалық қарап-тексеруді жүргізуді; (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген);
4) балалардағы хирургиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша халықпен санитарлық-ағарту жұмысын;
5) медициналық көрсетілімдер болған кезде балаларды стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін жіберуді;
6) мүгедектікті белгілеу үшін балаларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді жүзеге асырады.
22. АХО құрылымында: қарап-тексеру кабинеті; күту бөлмесі; палаталар, оның ішінде бір орындық (оқшаулағыш); операциядан кейінгі палаталар; операциялық немесе операциялық блок (қажет болған жағдайда); ояту палатасы (қажет болған жағдайда); таңу бөлмесі; ем-шара; таңу (гипс) және қосалқы үй-жайлар көзделген.
23. АХО өзі ұйымдастырылған денсаулық сақтау ұйымының мүмкіндіктерін пайдаланады (зертханалық диагностика, ультрадыбыстық диагностика, эндоскопия, рентгенологиялық, бактериологиялық, гистологиялық зерттеулер, мамандардың кеңестері).
24. АХО жоспарлы және шұғыл түрде мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетеді;
25. АХО -ға емдеуге жатқызу зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері және медициналық көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың қорытындылары бар медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының (бұдан әрі – МСАК) жолдамасы бойынша балалар хирургінің консультациялық қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
26. АХО-да келесі хирургиялық аурулары бар балалар хирургиялық араласуға жатады:
1) іштің алдыңғы қабырғасының грыжалары (шап, шап-ұма, кіндік, іштің ортаңғы сызығы);
2) аталық без және ұрықтың енбау шемені қабықтарының тамшылары мен кисталары;
3) фимоз;
4) шағын өлшемді жұмсақ тінді қатерсіз ісіктер;
5) кіріп кеткен тырнақ.
27. АХО деңгейіндегі балаларға хирургиялық көмек:
1) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету, туа біткен даму ақаулары бар және жүре пайда болған хирургиялық аурулары бар балаларды емдеу;
2) аурудың асқынуы мен қайталануын болдырмау мақсатында хирургиялық араласудың аз инвазивті әдістемелерін қолдану;
3) шұғыл медициналық араласуды талап ететін жіті жағдайлар және (немесе) хирургиялық аурулар кезінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету, ал стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді талап ететін жағдайларда балаларды тәулік бойы кезек күттірмейтін медициналық көмек қамтамасыз етілетін хирургиялық бөлімшеге жіберуді көздейді.
28. Баланың АХО-да болуы 8 (сегіз) сағаттан аспайды, оның барысында ол № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес қарап-тексеруді, хирургиялық араласуды, операциядан кейінгі қарап-тексеруді және шығаруды қоса алғанда, қажетті емдеу-диагностикалық іс-шаралар спектрін алады.
29. Балалар хирургі заңды өкілдерге бала күтімі, белсенді өмір салты, ауыр физикалық белсенділікті шектеу бойынша қажетті ұсыныстар береді.
Қайта тексеру хирургиялық араласудан кейінгі 7 (жетінші) тәулікте жүзеге асырылады.
2-параграф. Стационарлық жағдайда балаларға хирургиялық көмек көрсету
30. Стационарлық жағдайларда балаларға хирургиялық көмекті "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына сәйкес балаларға хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары ұсынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық № ҚР ДСМ-27).
31. Стационарлық жағдайларда балаларға хирургиялық көмек көрсетудің екінші деңгейінде балалар хирургтары өмірлік көрсеткіштер бойынша шұғыл көмек көрсетеді – шокқа қарсы және реанимациялық терапияның базалық кешені, іш қуысы, кеуде қуысы органдарының шұғыл хирургиялық аурулары кезінде хирургиялық араласу – кернеулі пневмотораксты жою, жараларды бастапқы хирургиялық өңдеу, шағын операциялар, сондай-ақ жоспарлы тәртіппен хирургиялық араласуды қажет ететін негізгі хирургиялық ауруларды емдеу және мейіргерлік күтім (тиісті білікті кадрлар мен қажетті жабдықтар болған кезде):
кіндік сақинасы мен параумбиликальды аймақтың жарығы;
шап каналының грыжасы;
варикоцеле;
іріңді-қабыну аурулары.
32. Стационарлық жағдайда балаларға хирургиялық көмек көрсетудің үшінші деңгейінде балаларға хирургиялық көмек Жалпы балалар хирургиясы, нейрохирургия, травматология және ортопедия (комбустиология), урология, жақсүйек-бет хирургиясы, отоларингология, офтальмология, кардиохирургия, іріңді хирургия (денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда) бейіндері бойынша ұсынылады.
33. Балаларды емдеуге жатқызу тәулік бойы медициналық бақылаумен мамандандырылған және жоғары технологиялық балалар хирургиялық көмегін көрсету қажет болған кезде жүзеге асырылады.
34. Стационарлық жағдайларда хирургиялық араласуды жүргізуге медициналық көрсетілімдер болған кезде балалар хирургі баланың заңды өкілдеріне тиісті консультациялық қорытынды береді, хирургиялық араласудың жоспарланған көлемі, алдын ала дайындық туралы егжей-тегжейлі нұсқау береді және баланы қажетті тексерудің (талдаулардың) тізбесін, қажет болған жағдайда бейінді мамандардың консультациялық қорытындыларын және педиатрдың немесе жалпы практика дәрігерінің баланың денсаулық жағдайы және инфекциялық науқастармен байланыстың болмауы туралы қорытындысын ұсынады.
35. Хирургиялық аурулары бар балаларды емдеуге жатқызу:
1) жоспарлы нысанда – МСАК мамандарының немесе ТМККК шеңберінде балаларға хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша;
2) шұғыл нысанда - мамандандырылған балалар хирургиялық көмегін көрсету үшін медициналық көрсетілімдер болған кезде жүргізіледі.
36. Стационардағы балалар хирургі келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) КХ сәйкес зерттеудің қажетті зертханалық-аспаптық әдістерін қолдана отырып, уақтылы диагностика жүргізу;
2) емдеу-қорғау режимін, эпидемияға қарсы іс-шараларды құруды және ауруханаішілік инфекцияның профилактикасын қамтамасыз ету;
3) емдеуге жатқызылған балаларды күнделікті аралауды жүргізу, бөлімше меңгерушісімен аралауға қатысу;
4) медициналық айғақтар болған кезде бейінді мамандардың, консилиумдардың консультацияларын ұйымдастыру;
5) медициналық айғақтар мен тиісті қорытынды болған кезде медициналық көмек көрсетудің неғұрлым жоғары деңгейіне уақтылы ауысу;
6) бейіні бойынша сырқаттанушылыққа талдау жүргізу және профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;
7) патологиялық-анатомиялық және клиникалық конференцияларға қатысу.
37. Қабылдау бөлімінде балалар хирургі тәулік бойы көмек көрсетеді.
Триаж-жүйе бойынша медициналық сұрыптауды жүргізеді, баланың жалпы жай-күйін, объективті мәртебесін бағалайды, шұғыл медициналық көмек көрсетеді, диагнозды нақтылау үшін қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулердің қажеттілігін айқындайды және медициналық көрсетілімдер болған кезде баланы тиісті бөлімшеге жатқызуды жүзеге асырады.
38. Баланың жағдайын динамикада бағалау қажет болған жағдайда диагнозды верификациялау үшін шұғыл емдеу-диагностикалық іс-шаралар кешенін жүргізе отырып, № ҚР ДСМ-27 бұйрығына сәйкес екі сағаттан тәулікке дейінгі кезеңде стационардың қабылдау бөлімшесінің диагностикалық палатасында бақылау жүзеге асырылады.
39. Шұғыл көрсетілімдер бойынша хирургиялық араласуды балалар хирургтарының операциялық тобы стационарға түскен және диагноз қойылған сәттен бастап екі сағаттан кешіктірмей жүзеге асырады.
40. Кезекші балалар хирургі стационар бойынша жауапты кезекші дәрігердің келісімі бойынша операцияның басталу уақытын белгілейді.
Хирургтер бригадасын қалыптастыруды жауапты кезекші дәрігер жүзеге асырады.
41. Анестезиологиялық әдісті жүргізе отырып, хирургиялық араласуды жүргізуге медициналық көрсетілімдер болған кезде операциялық-анестезиологиялық тәуекел дәрежесі айқындалады.
42. Операциялық-анестезиологиялық тәуекел дәрежесін айқындау, анестезия әдісін таңдау және операция алдындағы даярлықты жүргізу "Анестезиология және реаниматология" (балалар) дәрігер мамандығы бойынша № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
43. Хирургиялық араласу процесінде іш, плевра қуыстарына, сондай-ақ абсцесс қуыстарына хирургиялық араласу жүргізу кезінде балалар хирургі кейіннен бактериологиялық зерттеуге және бактерияға қарсы препараттарға сезімталдықты анықтауға, сондай-ақ патоморфологиялық және гистологиялық зерттеуге жіберу үшін биологиялық материал (бұдан әрі – биоматериал) алуды жүргізеді.
44. Жалпы анестезиямен хирургиялық араласудан кейін бала ояту палатасында немесе реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде, № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес медицина қызметкерлерінің (дәрігер (бейінді маман), "Анестезиология және қарқынды терапиядағы мейіргер ісі" тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өткен мейіргердің) бақылауында болады.
45. Диагнозды верификациялау, жүргізу тактикасын айқындау қиын болған кезде № ҚР ДСМ-12 бұйрығына сәйкес телемедициналық желі арқылы бейінді республикалық ұйымдармен консультация беру мүмкіндіктері пайдаланылады.
46. Төмен тұрған деңгейдегі денсаулық сақтауды ұйымдастыру жағдайында білікті балалар хирургиялық көмегін көрсету мүмкін болмаған кезде баланы медициналық авиация көлігімен "өзіне" қағидаты бойынша жоғары деңгейге ауыстыру жүзеге асырылады.
47. Баланы ауыстыру туралы шешім қабылданғаннан кейін көлік бригадасымен және жаңа туған нәрестені қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының мамандарымен бірлесіп пациент орналасқан денсаулық сақтау ұйымының балалар хирургі көлікке дейінгі дайындықты жүргізеді.
48. Жіті хирургиялық аурулары бар балаларды бейінді емес стационарлардан ауыстыру медициналық көрсетілімдер және балаларға хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы балалар хирургінің тиісті қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
49. Балаларға хирургиялық көмек көрсетудің жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары төменгі деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.
5-тарау. Балалар хирургиялық қызметі қызметкерлерінің ең аз штаты
50. Балалар хирургиялық қызметі қызметкерлерінің ең аз штаты осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
6-тарау. Медициналық бұйымдармен ең аз жарақтандыру
51. Балаларға хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен ең аз жарақтандыру осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Қазақстан Республикасында балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
Балаларға хирургиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемі
Хирургиялық көмек көрсету деңгейлері | Диагностикалық іс-шаралар тізбесі | Емдеу іс-шараларының тізбесі |
1. Бірінші деңгейі | ||
- Республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді аурухананың немесе қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде аудандық, қалалық, консультативтік-диагностикалық орталықтағы балалар хирургінің кабинеті. |
1. Шағымдарды, анамнезді жинау. |
1. Жалпы әсер ететін анальгетиктермен ауырсынуды басу. |
2. Екінші деңгей | ||
- Денсаулық сақтау ұйымдарында балаларға стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін амбулаториялық хирургия орталығында (бұдан әрі - АХО); - амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін құрылымдық бөлімшелерде (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді аурухананың немесе қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде қалалық, консультациялық-диагностикалық орталықта) және денсаулық сақтау ұйымдарында;- стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін құрылымдық бөлімшелерде (қалалық және облыстық көпбейінді балалар ауруханалары жанындағы консультациялық-диагностикалық бөлімше) |
1. Шағымдарды, анамнезді жинау. |
1. Жалпы әсер ететін анальгетиктермен ауырсынуды басу. |
3. Үшінші деңгей | ||
- стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық төсектері (аудандық ауруханалар); |
1. Шағымдарды, анамнезді жинау. |
1. Жалпы әсер ететін анальгетиктермен ауырсынуды басу. |
- қалалық және облыстық деңгейде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшесі |
1. Анамнезді жинау. |
1. Жалпы әсер ететін анальгетиктермен ауырсынуды басу. |
- қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшесі (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, облыс орталығында құрылатын көпбейінді облыстық балалар ауруханасы) |
1. Анамнезді жинау. |
1. Жалпы әсер ететін анальгетиктермен ауырсынуды басу. |
- қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы неонаталдық хирургиялық төсектер (бөлімше) (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді |
1. Анамнезді жинау. |
1. Жалпы әсер ететін анальгетиктермен ауырсынуды басу. |
- Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда, хирургиялық аурудың бейініне байланысты балаларға мамандандырылған хирургиялық көмек, оның ішінде жоғары технологиялық көмекті көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында |
1. Анамнезді жинау. |
1. Қалалық және облыстық көпбейінді ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінде орындалатын барлық хирургиялық араласулар. |
Қазақстан Республикасында балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Балалар хирургиялық қызметі қызметкерлерінің ең аз штаты
№ | Лауазымның атауы | Штат бірліктерінің саны |
1 Бірінші деңгей балалар хирургінің кабинеті (бұдан әрі – Кабинет) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінде (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді аурухананың немесе қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде аудандық, қалалық, консультативтік-диагностикалық орталықта) | ||
1 | Балалар хирургі | 10 000 балаға 1 |
2 | Мейіргер | Балалар хирургінің 1 штаттық бірлігіне 1 |
3 | Мейіргер (емшара) | 1 |
4 | Мейіргер (таңғыш) | 1 |
5 | Санитар | 3 кабинетке 1 |
2. Екінші деңгей (амбулаториялық хирургия орталығында (бұдан әрі - АХО) балаларға стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін; амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінде (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді аурухананың немесе қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде қалалық, консультациялық-диагностикалық орталықта) және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерде (қалалық және облыстық көпбейінді балалар ауруханалары жанындағы консультациялық-диагностикалық бөлімше) | ||
1 | Орталық (күндізгі стационар) меңгерушісі | 1,0 |
2 | Балалар хирургі | 2,0 |
3 | Бейін бойынша дәрігер | 2,0 |
4 | Анестезиолог-реаниматолог балалар дәрігері | 1,0-2,0 |
5 | Аға мейіргер | 1,0 |
6 | Мейіргер (палаталық) | 3,0 |
7 | Мейіргер (емшара) | 1,0 |
8 | Мейіргер (таңғыш) | 1,0 |
9 | Мейіргер (анестезиолог) | 1,0-2,0 |
10 | Шаруашылық бикесі | 1 |
11 | Санитар | 4,0 |
12 | Медициналық тіркеуші | 2,0 |
3. Екінші деңгей (қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшесі (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, облыс орталығында құрылатын көпбейінді облыстық балалар ауруханасы) | ||
1 | Бөлімше меңгерушісі | 1 |
2 | Балалар хирургі | 10 төсекке 1 |
3 | Аға мейіргер | 1 |
4 | Мейіргер (палаталық) | 9,5 ставкалар |
5 | Мейіргер (емшара) | 1 |
6 | Мейіргер (таңғыш) | 1 |
7 | Шаруашылық бикесі | 1 |
8 | Санитар | 9,5 |
9 | Буфет | 1 |
4. Үшінші деңгей (денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы неонаталдық хирургиялық төсектер (бөлімше)) | ||
1 | Бөлімше меңгерушісі | 1,0 |
2 | Балалар хирургы | 2,0 |
3 | Реаниматолог-неонатолог дәрігері | 4,75 |
4 | Педиатр дәрігері | 1,0 |
5 | Анестезиолог-реаниматолог дәрігері | 1,0 |
6 | Аға мейіргер | 1,0 |
7 | Анестезист мейіргер | 2,0 |
8 | Реанимация палаталарына арналған мейіргер | 4,75 |
9 | Палата мейіргері | 4,75 |
10 | Таңу мейіргері, операция бөлмесі | 1,5 |
11 | Реанимация палата санитары | 4,75 |
12 | Операциялық бөлме санитары | 1,0 |
13 | Шаруашылық бикесі | 1,0 |
14 | Буфет | 1,0 |
5. Үшінші деңгей (қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшесі (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, облыс орталығында құрылатын көпбейінді облыстық балалар ауруханасы)) | ||
1 | Бөлімше меңгерушісі | 1 |
2 | Балалар хирургі | 10 төсекке 1 |
3 | Аға мейіргер | 1 |
4 | Мейіргер (палаталық) | 9,5 ставкалар |
5 | Мейіргер (емшара) | 1 |
6 | Мейіргер (таңғыш) | 1 |
7 | Шаруашылық бикесі | 1 |
8 | Санитар | 9,5 |
9 | Буфет | 1 |
6. Үшінші деңгей (денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда, мамандандырылған балалар хирургиялық, оның ішінде хирургиялық аурудың бейініне байланысты жоғары технологиялық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында) | ||
1 | 1 бөлімшеге балалар хирургі | 4,0 |
Қазақстан Республикасында балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 3-қосымша |
Балаларға хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен ең аз жарақтандыру
№ | Жабдықтың (жабдықтың) атауы | Қажетті саны, дана. |
1. Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі балалар хирургінің кабинеті (республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көпбейінді аурухананың немесе қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде аудандық, қалалық, консультативтік-диагностикалық орталықта) | ||
1. | Медициналық қарап-тексеру кушеткасы | 1 |
2. | Дәрігердің медициналық үстелі | 1 |
3. | Мейіргер үстелі | 1 |
4. | Медициналық дәрігердің орындығы | 1 |
5. | Мейіргер орындығы | 1 |
6. | Пациенттің орындығы | 2 |
7. | Медициналық ширма | 1 |
8. | Құжаттамаға арналған 2 қанатты медициналық шкаф | 1 |
9. | Киімге арналған медициналық шкаф | 1 |
10. | Бой өлшегіш | 1 |
11. | Медициналық таразы | 1 |
12. | Өлшеу лентасы | 1 |
13. | Бүйрек тәрізді науа | 1 |
14. | Секундомер | 1 |
15. | Термометрлер мен шпательдерге арналған ыдыс | 2 |
16. | Медициналық термометр | 5 |
17. | Қан қысымын өлшейтін құрал (тонометр) | 1 |
18. | Стетофонендоскоп | 1 |
19. | Медициналық шпатель | Қажеттілік бойынша |
20. | Интернетке шығатын компьютер, принтер | 1 жұмыс орнына 1 |
21. | Негатоскоп | 1 |
22. | Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
23. | Сұйық сабын диспенсері | 1 |
24. | Стеризол диспенсері | 1 |
25. | Бір рет қолданылатын сүлгі ұстағыш | 1 |
26. | Тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинауға арналған ыдыс | 2 |
2. Амбулаториялық хирургия орталығы (бұдан әрі – АХО) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінде (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көп бейінді аурухананың немесе қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде қалалық, консультациялық-диагностикалық орталықта) және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетудің денсаулық сақтау ұйымдарында және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінде (қалалық және облыстық көпбейінді балалар ауруханаларының жанындағы консультациялық-диагностикалық бөлімше) стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін | ||
1. | Медициналық кушетка | 1 |
2. | Мейіргер орындығы | 1 |
3. | Пациенттің орындығы | 2 |
4. | Медициналық ширма | 1 |
5. | Медициналық қос есікті шкаф | 1 |
6. | "А" және "В" тобындағы медициналық препараттарға арналған шкаф | 1 |
7. | Көпфункционалды жұмыс үстелі | 1 |
8. | Гипсті таңуға арналған үстел | 1 |
9. | Бүйрек тәрізді науа | 4 |
10. | Секундомер | 1 |
11. | Медициналық термометр | 5 |
12. | Тілге арналған медициналық шпатель | Қажеттілік бойынша |
13. | Термометрлер мен шпательдерге арналған ыдыс | 2 |
14. | Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге арналған жинақ | 1 |
15. | Жанама жүрек массажының сапасын бақылау функциясы бар автоматты дефибриллятор | 1 |
16. | Персоналдың Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромымен ауыруының профилактикасы арналған алғашқы көмек жинағы | 1 |
17. | Гемостатикалық жгут | 3 |
18. | Операциялық іш киімді бекітуге арналған қысқыш | 8 |
19. | Серпімді түтік қысқышы | 2 |
20. | Шағын хирургиялық жиынтық педиатриялық | 2 |
21. | Гемостатикалық қысқыш (әр түрлі) | 10 |
22. | "Москит" типті гемостатикалық қысқыш | 4 |
23. | Ректалды айна | 2 |
24. | Зонд хирургиялық ойық (әр түрлі) | 4 |
25. | Хирургиялық түймелі зонд (әр түрлі) | 4 |
26. | Тігіс материалы (әр түрлі) | Қажеттілік бойынша |
27. | Анатомиялық пинцет | 8 |
28. | Хирургиялық пинцет | 8 |
29. | Тісті-табан тәрізді пинцет | 4 |
30. | Корцанг түзу | 3 |
31. | Корцанг қисық | 3 |
32. | Трахеотомиялық ілмек өткір | 2 |
33. | Ілмек хирургиялық екі тісті доғал | 2 |
34. | Ілмек хирургиялық екі тісті өткір | 2 |
35. | Медициналық троакар (жинақ) | 2 |
36. | Жалпы хирургияға арналған медициналық распатор (әртүрлі) | 4 |
37. | Ұзартылған тұтқалары бар Листон түріндегі сүйек сым кескіштер | 1 |
38. | Қуыстардан аспирациялық жүйе хирургиялық | 1 |
39. | Металл жақшаларды қолдануға және алуға арналған пинцет | 2 |
40. | Гипсті кесуге арналған ара | 2 |
41. | Резеңке немесе полимерлі катетер (жиынтық) | 2 |
42. | Уретральды әйел катетері (жиынтығы) | 8 |
42. | Еркек уретральды катетер (жиынтық) | 2 |
43. | Ректалды сүмбі жиынтығы металл | 2 |
44. | Бикс ұстағыш | 1 |
45. | Стерилизация қорабы дөңгелек | Қажеттілік бойынша |
46. | Медициналық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыш | 1 |
47. | Дезинфекциялық ыдыстарға арналған үстел | 1 |
48. | Медициналық құралдарды өңдеуге арналған контейнер | 6 |
49. | Лас кірді жинауға арналған контейнер | 1 |
50. | Стерильді құралға арналған үстел | 1 |
51. | Скальпель (жинақ) | Қажеттілік бойынша |
52. | Тіл ұстаушы | 1 |
53. | Ауызкергіш | 1 |
54. | Гипсті алып тастауға және салуға арналған құралдар жинағы | 1 |
55. | Гипсті кесуге арналған қайшылар жинағы | 1 |
56. | Гипстің шеттерін бүгуге арналған қысқыштар | 1 |
57. | Қол және аяқтарға арналған сым (баспалдақ) жақтау | 12 |
58. | Жедел жәрдемнің керек-жарықтар қабдишасы | 1 |
59. | Тампонды мұрын қысқыштары | 2 |
60. | Ұзақ инфузияға арналған штатив | 1 |
61. | Құндақтау үстелі | 1 |
62. | Бас ұстағыш (Шанц жағасы) | 1 |
63. | Стерильді құралды сақтауға арналған камера | 1 |
64. | Стерильді материалды сақтауға арналған бикстер | 2 |
65. | Пайдаланылған құралдарды тазалауға арналған ыдыстар 3 литр | 2 |
66. | Науаларды тазалауға арналған контейнер 10 литр | 3 |
67. | Таңу бөлмесін ағымдағы тазалауға арналған ыдыс | 2 |
68. | Таңу бөлмесін жалпы тазалауға арналған ыдыс | 2 |
69. | Стационарлық шам | 1 |
70. | Медициналық көлеңкесіз жылжымалы шам | 1 |
71. | Жылжымалы (стационарлық) бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
72. | Сұйық сабын дозаторы | Бір-бірден |
73. | Стеризол дозаторы | Бір-бірден |
74. | Бір рет қолданылатын сүлгі ұстағыш | Бір-бірден |
75. | Қауіпсіз қайта өңдеу контейнері | 2 |
76. | Нұсқаулар: шұғыланафилактикалық шоқ терапиясы, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет алгоритмі, еуропалық стандарт бойынша қолды өңдеу | Бір-бірден |
3. Қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы балалар хирургиялық бөлімшесі (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, облыс орталығында құрылатын көпбейінді облыстық балалар ауруханасы) | ||
1. | Функционалды төсек | Саны бойынша |
2. | Сәбилерге арналған төсек | Талап бойынша |
3. | Кювез | Талап бойынша |
4. | Оттегі ылғалдандырғыш | Төсек саны бойынша |
5. | Жылытылатын бесік немесе жылытуға арналған матрацтар | 10 төсекке 2 |
6. | Жауыржарағы қарсы матрац | 10 төсекке 3 |
7. | Құндақтау үстелі | Талап бойынша |
8. | Төсек жанындағы үстел | Төсек саны бойынша |
9. | Тумба | Төсек саны бойынша |
10. | Роликті орындық | 10 төсекке 1 |
11. | Науқастарды тасымалдауға арналған арба (каталка) | 10 төсекке 1 |
12. | Корпусаралық жүк арбасы (каталка) | 2 |
13. | Көтергіш механизмі және алмалы-салмалы зембілдері бар науқастарды жылжытуға арналған арба (каталка) | 1 |
14. | Таңу үстелі | 2 |
15. | Аспаптық үстел | 2 |
16. | Керек-жарақтары бар манипуляцияланған үстелі | 2 |
17. | Дәрілік заттарды сақтауға арналған шкаф (сейф) | 3 |
18. | Тыныс алу жиілігін, жүрек соғу жиілігін анықтаумен, қан қысымын, температураны инвазивті емес өлшеумен, импульстік оксиметрия электрокардиографиясын жүргізумен төсек жанындағы пациенттің мониторы | 5 төсекке 1 |
19. | Электродтар мен манжеттер жиынтығы бар неонатальды монитор | 1 |
20. | Интернетке шығатын компьютер, принтер | 8 |
21. | Вакуумдық аспиратор | 2 төсекке 1 |
22. | Реанимацияға тасымалдау жинағы | 1 |
23. | Мобильді реанимациялық медициналық арба | 1 |
24. | Тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинауға арналған ыдыстар | Талап бойынша |
25. | Шприц сорғы (перфузор) | 1 5 төсекке |
26. | Инфузиялық сорғы (инфузомат) | Талап бойынша |
27. | Тоңазытқыш | 6 |
28. | Бір жасқа дейінгі балаларға арналған манжетті тонометр | Кемінде 2 |
29. | Негатоскоп | 2 |
30. | Ауаның бактерицидтік сәулелендіргіші, оның ішінде тасымалданатын | Талап бойынша |
31. | Сәулелі жылу шамы | Талап бойынша |
32. | Фототерапия шамы | Талап бойынша |
33. | Ингалятор | 1 5 төсекке |
34. | Автономды қуат көзі бар көлеңкесіз шам | 2 |
35. | 1 жасқа дейінгі балаларға арналған электронды таразы | 2 |
36. | Таразы | 2 |
37. | Ростомер | 1 |
38. | Медициналық термометр | Төсек саны бойынша |
39. | Медициналық штатив (инфузиялық тіреу) | Талап бойынша |
40. | Құралдар мен шығын материалдарын дезинфекциялауға арналған ыдыстар | Талап бойынша |
4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы неонаталдық хирургиялық төсектер (бөлімше) | ||
1. | Жаңа туған нәрестеге арналған құндақтау үстелі | 1 |
2. | Төсек жанындағы тумба | 2 |
3. | Жауыржараға қарсы жылытылатын матрац | 2 |
4. | Таңу үстелі | 1 |
5. | Бактерицидтік шам | 1 |
6. | Дәрі-дәрмектер мен материалдарға арналған медициналық шкафтар | 1 |
7. | Мейіргердің манипуляциялық үстелі | 1 |
8. | Негетаскоп | 1 |
9. | Көлік инкубаторы | 1 |
10. | Жылжымалы рентген аппараты | 1 |
11. | Доплерометриялық блогы бар жаңа туған нәрестелердегі миды, ішкі ағзаларды ультрадыбыстық зерттеуге арналған жылжымалы аппарат, тиісті ультрадыбыстық датчиктер жиынтығы бар кардиологиялық зерттеулерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету | 1 |
12. | Электр кедергісінен қорғау жүйесімен жабдықталған жылжымалы электрокардиограф аппараты | 1 |
13. | Жылжымалы көлеңкесіз шам | 1 |
14. | Жылжымалы үстел | 1 |
15. | Қуыстардан белсенді аспирация үшін электрлік сору | 2 |
16. | Жаңа туған нәрестелерге арналған электронды таразы | 1 |
17. | Жабдықты қосуға арналған қабырға немесе төбелік панельдер | Әр орын үшін |
18. | Инфузиялық жүйелерге арналған тірек | 2 |
19. | Жылжымалы сәулелі жылу көзі | 1 |
20. | Фототерапияға арналған қондырғы | 1 |
21. | Екі қабырғалы, рентгенографияға арналған касетоқабылдағышы бар, төсектің биіктігі реттелетін (порттар саны кемінде 6) жаңа туған нәрестелерді қарқынды емдеу және терең шала туылған нәрестелерді күту инкубаторлары) | 2 |
22. | Серво реттелетін жылыту жүйесі және фототерапия көзі бар ашық реанимациялық жүйе ("неонаталдық үстел") | 1 |
23. | Фонендоскоп | 1 |
24. | Тамақтану және дәрі-дәрмектерге арналған тоңазытқыштар | 1 |
25. | Қан компоненттеріне арналған мұздатқыш | 1 |
26. | Өткізгіш типті жібіту жүйесі | 1 |
27. | II аппараттар мен аспаптар | |
28. | Өмірлік функциялардың неонаталдық мониторы (кемінде 5 параметрді тіркеу: электрокардиография, тыныс алу жиілігі, артериялық қанның оттегімен қанықтылығы, қан қысымы, Цельсий бойынша температура) 24 сағатты тренд. | 2 |
29. | Триггерлік желдету жүйесі бар механикалық желдеткішке арналған аппарат (жаңа туған нәрестелерге арналған тайм-циклдік респиратор) | 2 |
30. | Жоғары жиілікті осцилляторлы желдеткіш (өкпе жасанды желдету) блогы бар жаңа туған нәрестелерге арналған механикалық өкпе жасанды желдету аппараты немесе өкпе жасанды желдету аппараты | 1 |
31. | Инвазивті емес өкпе жасанды желдету жүргізуге арналған аппарат | 1 |
32. | Триггер жүйесін, ең аз газ ағыны функциясы бар аппаратты, ксенон анестезиясына арналған приставканы және газ мониторын қоса алғанда, тыныс алу автоматы бар анестезиялық аппарат | 1 |
33. | Инфузиялық шприц сорғы (жылдамдық диапазоны сағатына 1-999 миллилитр) | 8 |
34. | Қуыстардан белсенді аспирацияға арналған жүйе | 1 |
35. | Жылытылатын газ қоспасының ылғалдандырғыштары | 2 |
36. | Экспресс-зертханаға арналған жабдық (гемоглобин, гематокрит, калий, кальций, натрий, эстераза ингибиторы (С1), глюкозаны өлшейтін аппараты), гематологиялық есептегіш, биохимиялық анализатор, коагулометр, центрифуга | 1 |
37. | Ультрадыбыстық ингаляторлар (небулайзерлер) | 1 |
38. | Вакуумдық электр сорғыш | 2 |
39. | Сыналар жиынтығы мен зарядтағышы бар неонатальды ларингоскоп | 1 |
40. | Маскалар жиынтығы бар неонатальды амбу сөмкесі | 1 |
41. | Оттегі шатыры | 2 |
42. | Жарық диодты жарық көзі | 1 |