Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 ақпанда № 22151 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 129-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, иновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 1 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-12 Бұйрыққа
қосымша

Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 129-бабының 5 тармақшасына сәйкес әзірленді және қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу тәртібін айқындайды:

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – аппараттық-бағдарламалық кешенді және телекоммуникация желісін қолдана отырып жүзеге асырылатын электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

      2) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

      3) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) емдеуші дәрігер - пациент медициналық ұйымда байқауда болған және емделген кезеңде оған медициналық көмек көрсететін дәрігер;

      6) консилиум - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

      7) Қазақстан Республикасының ұлттық телемедицина желісі - қорғалған телекоммуникациялық инфрақұрылыммен біріктірілген және аппараттық-бағдарламалық кешендермен жарақтандырылған, уәкілетті органның қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының стационарлық және мобильдік телемедициналық орталықтарының желісі;

      8) қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер - аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

      9) медицина қызметкері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      10) медициналық көмек - дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

      11) медициналық көрсетілетін қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;

      12) медициналық оңалту - пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

      13) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      14) медициналық ақпараттық жүйе - денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      15) мобильдік денсаулық сақтау - мобильдік телефондарды, дербес қалта компьютерлерін, медициналық аспаптарды және басқа да құрылғыларды қамтитын мобильдік құрылғыларды денсаулық сақтау мақсаттары үшін пайдалану;

      16) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      17) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін мемлекет белгілейтін нормалар мен ережелердің жиынтығы;

      18) пациент-медициналық көмек көрсетуді талап ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық қызметтерді тұтынушы болып табылатын (болған) жеке тұлға;

      19) тасымалданатын медициналық құрылғылар - жеке тұлғаның денсаулық жағдайының көрсеткіштерін жинауға және беруге арналған мобильдік (тасымалданатын) құрылғылар;

      20) тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі (бұдан әрі-ТМККК) - бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;

      21) телемедицина желісі - қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді ұсыну, оқыту және электрондық форматта медициналық ақпарат алмасу үшін медициналық жабдықпен жарақтандырылған және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы біртұтас ақпараттық кеңістікке біріктірілген стационарлық және мобильдік телемедицина орталықтарының желісі;

      22) хабардар етілген келісім - адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі;

      23) электрондық денсаулық паспорты - жеке тұлғаның денсаулық жағдайы мен оған көрсетілетін медициналық көмек туралы құрылымдалған дербес медициналық деректердің цифрлық денсаулық сақтау субъектілері бүкіл өмір бойы электрондық көздерден қалыптастыратын және уәкілетті орган бекіткен ережеларға сәйкес жеке тұлғаға да, денсаулық сақтау қызметкерлеріне де қолжетімді жинағы;

      24) электрондық медициналық жазба (бұдан әрі-жазба) - медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайына қатысты құрылымдалған дербес медициналық деректер жинағы.

      3. Кодекстің 129-бабының 1-тармағына сәйкес қашықтықтан медициналық қызметтер:

      1) консультациялық көмек көрсету, оның ішінде ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, университеттік ауруханалардың, сондай-ақ шетелдік клиникалардың мамандары;

      2) пациентті медициналық көмек көрсетудің жоғары тұрған деңгейлеріне күндізгі консультацияға жіберудің орындылығын айқындау;

      3) бастапқы деңгейдегі және ауылдық денсаулық сақтау мамандарына екінші және үшінші деңгейдегі мамандардың практикалық көмек көрсетуі;

      4) емдеу-диагностикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау, пациенттің денсаулық жағдайын медициналық бақылау;

      5) диагнозды нақтылау, пациентті одан әрі жүргізу тактикасын түзету және айқындау және емдеу-диагностикалық іс-шараларды тағайындау;

      6) пациентті медициналық көмек көрсетудің жоғары тұрған деңгейлеріне тасымалдау мүмкіндігін, оның ішінде медициналық авиация құралдарын пайдаланудың орындылығын айқындау;

      7) қашықтықтан консилиум ұйымдастыру;

      8) медициналық оңалту қызметтерін көрсету.

      4. Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде, медициналық ұйымнан тыс жерде, пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің нақты орналасқан жері бойынша санаторийлік-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.

      5. Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер:

      Қазақстан Республикасының ұлттық телемедицина желісі;

      медициналық ұйымның телемедицина желісі;

      медициналық ұйымның цифрлық объектілері, оның ішінде алып жүретін медициналық құрылғыларды қолдану.

      6. Қашықтықтан медициналық қызметтер:

      1) шұғыл түрде - кенеттен жіті аурулар және пациент өміріне айқын қауіп төндірмейтін созылмалы аурулардың өршуі жағдайларында;

      2) жоспарлы түрде - пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде, оны көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкелмейді, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жүргізіледі.

2-тарау. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және ұсыну тәртібі.

      7. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қашықтықтан медициналық қызметтер емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша медициналық көмектің мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылады:

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

      алғашқы медициналық-санитарлық көмек;

      мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;

      медициналық оңалту;

      паллиативті медициналық көмек.

      8. Шұғыл нысандағы қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер консультация беретін медициналық ұйым қызметінің ішкі тәртібіне сәйкес консультация беретін медициналық ұйымға сұрау салу келіп түскен кезден бастап 3 сағаттан 24 сағатқа дейінгі мерзімде көрсетіледі.

      9. Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер нақты уақыт және (немесе) кейінге қалдырылған консультацияларда режимдерінде жүргізіледі.

      10. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету процесіне қатысушылар:

      1) науқас және (немесе) оның заңды өкілі;

      2) емдеуші дәрігер (консультант) және (немесе) медицина қызметкері (медицина қызметкерлері);

      3) әлеуметтік қызметкер;

      4) психолог.

      11. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету кезінде емдеуші дәрігердің функциялары жүктелген медицина қызметкері және (немесе) пациент және (немесе) оның заңды өкілі консультантпен (консилиумға қатысушы дәрігерлермен) тікелей өзара іс - қимыл жасайды не пациент және (немесе) оның заңды өкілі медицина қызметкерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

      12. Нақты уақыт режимінде қашықтықтан медициналық көмек көрсету кезінде пациент және (немесе) оның заңды өкілі дербес немесе пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің бастамасы бойынша медицина қызметкері немесе медицина қызметкері өз бастамасы бойынша және пациентпен және (немесе) оның заңды өкілімен келісу бойынша консультацияға жазуды және (немесе) профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, бұл ретте консультацияның ұзақтығы консультация беретін медициналық ұйым қызметінің ішкі, қашықтықтан медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.

      13. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету мерзімі осындай консультация (дәрігерлер консилиумын) жүргізуге сұрау салу және оны жүргізу үшін қажетті медициналық құжаттама келіп түскен кезден бастап есептеледі.

      14. Пациентті және (немесе) оның заңды өкілін консультацияның өткізілетін күні мен уақыты туралы хабардар ету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.

      15. Пациент және (немесе) оның заңды өкілі немесе медицина қызметкері қажет болған жағдайда жоспарланған консультацияны және (немесе) профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік көмек көрсетуді тоқтатады немесе ауыстырады.

      Тараптар консультацияның күшін жою немесе ауыстыру және (немесе) профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік көмек көрсету себебі туралы хабардар етіледі.

      Медицина қызметкерінің, пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің бастамасы бойынша консультацияның күшін жою және (немесе) профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік көмек көрсету туралы ақпарат электрондық құжат нысанында қалыптастырылады.

      16. Нақты уақыт режимінде жоспарланған консультация өткізу және (немесе) профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік көмек көрсету уақыты басталған кезде медицина қызметкері аудио-визуалды байланыс форматында консультация беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі арқылы пациентпен және (немесе) оның заңды өкілімен байланысты жүзеге асырады.

      17. Кейінге қалдырылған консультациялар режимінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету кезінде консультант пациенттің медициналық құжаттарын және пациенттің денсаулық жағдайы туралы өзге де ақпаратты қашықтықтан зерделейді, диагностикалық зерттеу жүргізетін емдеуші дәрігермен және (немесе) медицина қызметкерімен және (немесе) пациентпен және (немесе) оның заңды өкілімен медициналық ұйым қызметінің ішкі тәртібімен реттелетін мерзімдерде тікелей қарым-қатынасты пайдаланбай медициналық қорытынды дайындайды.

      Кейінге қалдырылған консультациялар режиміндегі қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер диагностикалық зерттеулердің сипаттамасын (интерпретациясын), оның ішінде консультация түрінде екінші пікір алуды да қамтиды.

      18. Нақты уақыт режимінде қашықтықтан медициналық көмек көрсету кезінде консилиумды жүргізу кезінде диагностикалық зерттеу жүргізетін емдеуші дәрігер және (немесе) медицина қызметкері және (немесе) пациент және (немесе) оның заңды өкілі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы консультанттармен және (немесе) бейінді мамандармен (консилиумға қатысушылармен) тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

      19. Консультанттар және (немесе) бейінді мамандар кейінге қалдырылған консультациялар режимінде қашықтықтан медициналық көмек көрсету кезінде пациенттің электрондық медициналық құжаттамасын және пациенттің денсаулық жағдайы туралы өзге де ақпаратты қашықтықтан зерделейді және диагностикалық зерттеу жүргізетін медицина қызметкерімен және (немесе) пациентпен және (немесе) оның заңды өкілімен тікелей қарым-қатынасты пайдаланбай, медициналық қорытындыны дайындайды.

      20. Қашықтықтан медициналық көмек көрсету кезінде консилиум өткізу үшін медицина қызметкері пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің бастамасы бойынша немесе медицина қызметкері өз бастамасы бойынша (бұдан әрі – консилиум бастамашысы) және пациентпен және(немесе) оның заңды өкілімен келісу бойынша ақпараттандыру объектілері арқылы нақты консультанттарды немесе дәрігерлік мамандықтардың тізбесін, оның ішінде консилиум өткізу үшін қызметкерлерін тарту жоспарланып отырған медициналық ұйымдарды көрсете отырып, консилиум жүргізуге өтінім қалыптастырады.

      Өтінімде консилиумның бастамашысы консилиумды өткізуге тартуды жоспарлап отырған бірнеше медициналық ұйымдар көрсетіледі.

      21. Қашықтықтан медициналық көмек көрсету сұрау салған ұйым, пациент және (немесе) оның заңды өкілі консультация нәтижелері бойынша медициналық қорытындыны алғаннан немесе медициналық қорытындының деректеріне қол жеткізуді ұсынғаннан және (немесе) сұрау салған ұйымның, пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарлама жібергеннен, Қосымша зерттеулерге жолдама қалыптастырғаннан және (немесе) дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға рецепт алғаннан кейін, сондай-ақ профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативті көмек.

      22. Егер қашықтықтан медициналық көмек көрсету кезінде консилиум жүргізуге арналған өтінімде нақты консультанттар көрсетілмесе, медициналық ұйымның жұмыс тәртібіне сәйкес тиісті дәрігерлік мамандықтардың консультанттары тағайындалады.

      23. Егер қашықтықтан медициналық көмек көрсету кезінде консилиум өткізуге арналған өтінімде консилиум бастамашысы консилиум өткізуге қызметкерлерін тартуды жоспарлап отырған нақты медициналық ұйымдар көрсетілмеген жағдайда, өзінің құрамында тиісті дәрігерлік мамандықтардың қызметкерлері бар медициналық ұйым қашықтықтан медициналық қызметтер көрсететін бейіндер бөлінісінде консультанттар тізіміне енгізілген қызметкерді қарапайым кезек режимінде тағайындайды.

      24. Қашықтықтан медициналық көмек көрсету кезінде консилиумдар өткізуге қатысатын қызметкерлердің құрамын медициналық ұйымның басшысы айқындайды.

      25. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы пациент және (немесе) оның заңды өкілі медициналық көмек көрсетудің жеделдігіне сәйкес жоспарланған консилиум туралы хабардар етіледі.

      26. Консультанттар кейінге қалдырылған консультация режимінде қашықтықтан медициналық көмек көрсету кезінде консилиумды жүргізу кезінде пациенттің электрондық медициналық құжаттамасын және пациенттің денсаулық жағдайы туралы өзге де ақпаратты қашықтықтан зерделейді және қызметкері консилиум өткізудің бастамашысы болып табылатын медициналық ұйым қызметінің ішкі тәртібімен реттелетін мерзімдерде консилиумның медициналық қорытындысын дайындайды.

      27. Консилиумның қорытындысын консилиумның барлық қатысушылары электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып куәландырады.

      28. Пациенттің денсаулық жағдайын қашықтықтан бақылауды емдеуші дәрігер тағайындайды және қашықтықтан бақылау бағдарламасын, тәртібін және аурудың диагнозын келесі жолмен белгілеуді қамтиды:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және (немесе) ақпараттандыру объектілерін пайдалана отырып, сауалнама және сұрау салу арқылы пациенттің хал-жайы және шағымдарының және (немесе) ауру белгілерінің болуы не болмауы туралы мәліметтерді жинау, оның ішінде пациенттің өз бетінше жинайтын және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды немесе ақпараттандыру объектілерін пайдалана отырып, дәрігерге берілетін және (немесе) деректерді автоматты режимде ақпараттандыру объектілеріне беретін алып жүретін медициналық құрылғылар автоматты режимде жинайтын пациенттің;

      2) нақты уақыт және (немесе) кейінге қалдырылған консультацияларда режимдерінде жүргізілетін консультациялар немесе консилиумдар көмегімен пациентпен өзара іс-қимыл жасасу және (немесе) профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.

      29. Пациенттің денсаулық жағдайын қашықтықтан бақылауға қатысушылар:

      1) пациент және (немесе) оның заңды өкілі;

      2) оның шеңберінде пациенттің денсаулық жағдайын қашықтықтан бақылау жүзеге асырылатын жүгіну жағдайы бойынша емдеуші дәрігер, сондай-ақ қажет болған кезде пациенттің денсаулық жағдайы көрсеткіштерінің шекті мәндерден сыни ауытқуы кезінде қашықтықтан бақылауды және (немесе) шұғыл ден қоюды жүзеге асыратын медицина қызметкері.

      30. Пациент және (немесе) оның заңды өкілі пациенттің денсаулық жағдайын қашықтықтан бақылауды жүзеге асыру кезінде:

      1) Кодекстің 60-бабының 7-тармағына сәйкес сертификатталған алып жүретін медициналық құрылғыларды, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдаланады;

      2) денсаулық жағдайы туралы дұрыс деректерді өздігінен енгізеді.

      31. Қашықтықтан бақылауды тағайындаған емдеуші дәрігер, сондай-ақ қажет болған жағдайда пациенттің денсаулық жағдайын қашықтықтан бақылауды жүзеге асыратын медицина қызметкері пациенттің денсаулық жағдайы көрсеткіштерінің шекті мәннен сыни ауытқуы кезінде пациенттің орналасқан жері бойынша шұғыл ден қоюды қамтамасыз етеді.

      32. Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру және көрсету үшін медициналық ұйым мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) медициналық ақпараттық жүйе;

      2) Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық байланыс арналары;

      3) телекоммуникациялық желіге (Интернет) шығатын жабдығы;

      4) аудио-визуалды байланыс форматында консультациялар көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектілері, оның ішінде колл - орталықтар құралдары арқылы жүзеге асырылады.

      33. Медициналық ұйымдарды қашықтықтан медициналық қызмет көрсету процесін жүзеге асыру үшін:

      1) пациенттің медициналық көмек алуға немесе электрондық құжат немесе жария оферта нысанында медициналық көмектен бас тартуға ақпараттандырылған келісім беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      2) ақпараттандыру және (немесе) телефон байланысы объектілері арқылы аудио-визуалды байланыс форматында консультация процесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      3) пациенттердің Интернеттің ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде орналасқан медициналық ұйымда қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету мүмкіндігі мен шарттары туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      34. Консультация беретін медициналық ұйым пациентке және (немесе) оның заңды өкіліне қолжетімді нысанда, оның ішінде Интернеттің ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде орналастыру арқылы мынадай ақпаратты береді:

      1) консультация беруге қатысатын консультация беруші медициналық ұйым туралы:

      кеңес беретін медициналық ұйымның атауы;

      орналасқан жері;

      байланыс ақпараты (байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      қызметтің тиісті түрлері бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия;

      қашықтықтан медициналық қызмет көрсету түрлерінің тізбесі;

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету туралы мәліметтер;

      2) консультант, консилиумға қатысушы дәрігер туралы:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

      медициналық ұйымда атқаратын лауазымы;

      мамандығы бойынша еңбек өтілі (жылдар саны);

      біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер;

      консультанттардың жұмыс кестесі;

      3) қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету тәртібі мен шарттары туралы мәліметтер, соның ішінде:

      Кодекстің 1-бабының 1-тармағының 279) тармақшасына сәйкес пациенттің медициналық араласуға хабардар етілген келісімін ресімдеу тәртібі;

      Кодекстің 162-бабының 1-тармағына сәйкес анонимдік консультация алу тәртібі;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 65, 428-құжат) бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың 46-бабының 1) тармағына сәйкес пациентті (немесе оның заңды өкілін) сәйкестендіру және аутентификациялау тәртібі);

      консультацияның өтеулі немесе өтеусіз сипаты (ақылы, тегін);

      кеңес беру құны және оны төлеу тәртібі (ақылы кеңес берген жағдайда);

      медициналық ұйымда медициналық қызметтерді қашықтықтан көрсетуді ұйымдастыру және офертаны акцептеу тәсілдері (смс-хабарлама, push-хабарлама, өзге де электрондық хабарлама түрінде) бойынша шарттарды қамтитын жария оферта);

      жүргізілген консультацияның нәтижелері бойынша медициналық қорытынды алу тәртібі;

      пациент (немесе оның заңды өкілі) медицина қызметкеріне ұсынатын электрондық құжаттарға қойылатын техникалық талаптар.

      35. Қашықтықтан медициналық көмек көрсету кезінде консультация жүргізу кезінде консультацияны жүзеге асыратын медицина қызметкері Кодекстің 61-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пациенттің дербес медициналық деректеріне қол жеткізе алады.

      36. Консультацияға жіберілген материалдарды қоса алғанда, медицина қызметкерлерінің, медицина қызметкерлері мен пациенттердің және (немесе) олардың заңды өкілдерінің өзара қашықтықтан іс-қимыл жасау нәтижелері бойынша алынған электрондық медициналық жазбалар, сондай-ақ дәрігерлердің консультациялары мен консилиумдарының дыбыс-бейне жазбалары (олар болған кезде), мәтіндік хабарлар (олар болған кезде), дауыстық ақпарат (олар болған кезде), бейнелер (олар болған кезде), денсаулық жағдайы көрсеткіштерінің нәтижелері, алып жүретін медициналық құрылғыларды пайдалана отырып, оларды жинау және беру жолымен алынған (бұдан әрі – ілеспе материалдар) Кодекстің 60-бабының 6-тармағына сәйкес дербес медициналық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, қорғау және ұсыну қағидаларына сәйкес құжаттауға жатады.

      37. Электрондық медициналық жазбалар, пациенттің денсаулық жағдайы және диагнозы туралы ілеспе материалдар ресми құжат болып табылады және дәрігердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, ал медициналық оңалту қызметтерін көрсету жағдайларында медициналық оңалту қызметтерін көрсеткен медицина қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, пациенттің электрондық денсаулық паспортына енгізіледі.

      38. Электрондық медициналық жазбаларға және ілеспе материалдарға оларды сақтау мерзімі ішінде қол жеткізуді ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасына және "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      39. Қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 65, 428-құжат) бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      40. Жеке тұлға өзінің денсаулығы және көрсетілген медициналық көмек туралы ақпаратқа Ұлттық электрондық денсаулық паспортында, электрондық денсаулық паспортында, сондай-ақ Кодекстің 61-бабының 5-тармағына сәйкес деректерге қол жеткізу журналын қадағалауда қол жеткізе алады.

3-тарау. Қашықтықтан медициналық қызметтерге ақы төлеу тәртібі

      41. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілген қашықтықтан медициналық қызметтер үшін ақы төлеу Кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      42. Ақылы негізде көрсетілген қашықтықтан медициналық қызметтерге ақы төлеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген, 2020 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      43. Ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілген қашықтықтан медициналық қызметтер үшін ақы төлеу "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады