"Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 198-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 18 мамырдағы № 73 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 мамырда № 32527 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 405-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 76 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 04.09.2024 № 405-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 17.09.2024 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17674 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков
     
      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 73 мен
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 17 мамырдағы
№ 198-НҚ Бірлескен бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 455 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 39 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) елеулі бұзушылық – телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне туындаған қауіптің алғышарттарын жасайтын талаптардың бұзылуы, сондай-ақ бақылауға жататын субъекті (объекті) бойынша екі расталған шағым мен өтініштің болуы;

      2) болмашы бұзушылық – телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, оларды сақтамау халықтың өміріне және денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне туындаған қатердің алғышарттарын жасамайтын, бірақ телерадио хабарларын тарату субъектілерінің өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде орындалуы міндетті болып табылатын талаптардың бұзылуы, сондай-ақ бір расталған шағымның не өтініштің болуы;

      3) өрескел бұзышылық – телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған норманың сақталмауына байланысты талаптардың бұзылуы (тыйым салынады, жол берілмейді, рұқсат берілмейді), сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіруге алып келетін талаптардың бұзылуы, бақылауға жататын субъектіге (объектіге) қатысты үш және одан да астам шағым мен өтініштің болуы;

      4) тәуекел – бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      5) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) біліктілік талаптарға сәйкестігін тексерулерді (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      9) телерадио хабарларын тарату саласындағы бақылау субъектілері (объектілері) – телерадио хабарларын тарату операторлары, теле -, радио компаниялары және жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар;

      10) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      11) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      12) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін факторларға байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

      Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ды қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      4. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      5. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік бақылау тәуекелін айқындау мынадай өлшемшарттардың бірін ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;

      2) телерадио хабарларын тарату саласындағы ықтимал негативті салдарлар ауырлығының ауқымы;

      3) адамның өмірі немесе денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі.

      Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізгеннен кейін бақылау субъектілері (объектілері) тәуекелдің үш дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.

      7. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекелді айқындау бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне бақылау субъектілердің (объектілердің) заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлдермен еркiн ақпарат алу және тарату құқықтарына, сөз бен шығармашылық бостандығына, телерадио хабарларын тарату қызметтерін пайдалану кезінде жеке басының, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз етпеумен байланысты қызметімен зиян келтіру ықтималдығына қарай жүзеге асырылады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне теле -, радиокомпаниялар, орташа тәуекел дәрежесіне телерадио хабарларын тарату операторлары, төмен тәуекел дәрежесіне жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар жатады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      9. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және алдыңғы жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін мынадай ақпарат көзі пайдаланылады:

      1) телерадио хабарларын тарату операторларына қатысты алдыңғы тексерулердің нәтижелері.

      10. Қолда бар ақпарат көздері негізінде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау бақылау субъектісінің (объектісінің) неғұрлым ықтимал тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және бақылау субъектісінің (объектісінің) профилактикалық бақылауын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      11. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Бұл ретте өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтарды айқындау телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында телерадио хабарларын тарату саласындағы саланың ерекшелігін ескере отырып белгіленеді белгіленеді.

      Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      12. Осы Өлшемшарттардың 4-тарауына сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      13. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс- шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

      Телерадио хабарларын тарату саласындағы субъектілерге теле-, радио компаниялардың телерадио хабарларын тарату операторларының және жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметіне қатысты талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттардың 1, 2, және 3 қосымшыларында көрсетілген.

      Телерадио хабарларын тарату саласындағы субъектілерге талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізу үшін телерадио хабарларын тарату операторларының қызметіне қатысты талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттың 4 қосымшасында көрсетілген.

      14. Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) телерадио хабарларын тарату саласында жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда ақпараттық жүйені қолдана отырып ауыстырылады:

      1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісін (объектісін) орналастыра отырып, бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу жағдайлары айқындалған болса.

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату және реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу мақсатында жеңілдететін индикаторларды ескереді.

      Жеңілдететін индикаторларға:

      1) деректерді онлайн – режимде бере отырып, аудио және (немесе) бейне фиксацияның болуы.

      Бұл ретте бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуден босатуды реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар олар бойынша деректер жеңілдететін индикаторларда көрсетілген тәсілдермен алынған талаптар бөлігінде жүзеге асырады.

4 тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      16. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу бақылау субъектілеріне (объектілеріне) (SP) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC , мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшартардың 12-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      17. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттың 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      18. Осы Өлшемшарттың 12-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттың 12-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      19. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы Өлшемшарттың 24-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

5 тарау. Қорытынды ережелер

      20. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалады, бірақ жылына ең көбі бір реттен аспайды.

      Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалады, бірақ ең көбі екі жылда бір реттен аспайды.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалады, бірақ ең көбі үш жылда бір реттен аспайды.

      21. Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына екі реттен артық болмауы тиіс.

      22. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      23. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып, профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Қазақстан Республикасының
телерадио хабарларын тарату
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежелерін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Теле-, радио компаниялардың қызметіне қатысты телерадио хабарларын тарату саласындағы субъектілерге қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

Р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалардың саны отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде елу пайыздан кем болатын

болмашы

2.

Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық шығармаларының және отандық радиобағдарламалардың саны:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – қырық бес пайыздан кем болатын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап –елу пайыздан кем болатын

болмашы

3.

Кадр алаңының жиырма бес пайызынан асатын және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзатын коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың мөлшері

болмашы

4.

Жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулігіне хабар таратудың жалпы көлемінің жиырма пайызынан асатын, жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнаманы тарату

болмашы

5.

Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда тәулік ішінде жарнама таратудың жалпы көлемінің отыз пайызынан асатын телесауданы тарату

болмашы

6.

Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан асатын және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзатын жарнаманы тарату

болмашы

7.

Өз атауын жарияламай, ал үздіксіз хабар тарату кезінде тәулігіне кемінде төрт рет теле -, радиоарналардың эфирге шығуы

елеулі

8.

Басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмайтын уақыт бойынша қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі

елеулі

9.

Басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемінен кем қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі

елеулі

10.

Басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайын уақыт аралығындағы қазақ тіліндегі көлемі

елеулі

11.

Теле-, радиоарнаның меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күнінен бастап алты ай ішінде теле-, радиобағдарламаларды тарату мерзімін өткізуі

елеулі

12.

Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама жергілікті уақытпен сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі кезеңде сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етпеу жөніндегі талапты сақтамау

елеулі

13.

Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарларды сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етпеу

елеулі

14.

Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы көлемде шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің жиырма пайызынан асатын теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялауы

елеулі

15.

Жұмысқа қабылдау үшін еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастыру

елеулі

16.

Балаларға тыйым салынған:
балаларды өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін әрекеттер жасауға, оның ішінде суицидке итермелейтін;
балаларды қоғамға жат және құқыққа қайшы әрекеттерге арандататын;
арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы;
сексуалдық зорлық-зомбылықтың сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын;
нормативтік емес лексиканы қамтитын;
балалар арасында таратуға тыйым салынған "18 жастан бастап" жас санатына жатқызылған, ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-ден 22.00-ге дейін телерадио хабарларын тарату арқылы тарату

өрескел

17.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметі туралы жарнаманы орналастыру

өрескел

18.

Темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жарнамалау

өрескел

19.

Этил спиртін және алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді жарнамалау

өрескел

20.

Электрондық казино мен интернет-казиноны жарнамалау

өрескел

21.

Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) нәтижесінде зардап шеккен бала туралы және әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату

өрескел

22.

Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен бөлу

өрескел

23.

Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнаманы тарату

өрескел

24.

Теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісін көрсетпей немесе жас санатын хабарламай ақпараттық өнімді телерадио бағдарламалары арқылы тарату

өрескел

25.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауының жарнамасын жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жиырма екіден бастап таңғы сағат алтыға дейінгі кезеңде (балалар мен діни арналарды қоспағанда):
трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау уақытында жарнама алаңының (кеңістігінің) кемінде он пайызында шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертусіз;
саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі екі әлеуметтік жарнаманы қоса бермей;
радиоарналардағы жарнамада, оның трансляциялануы аяқталғанда, шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертетін хабар қоса бермей тарату

елеулі

26.

Шарапты жарнамалайтын
еңбек қызметімен және көлiк құралын басқарумен байланысты;
кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген (жазылған), оның ішінде мультипликацияның (анимацияның) көмегімен орындалған;
кәмелетке толмағандарға бағытталған;
шараптың емдік қасиеттері бар деп сендіретін, оны шамадан тыс тұтынуды көтермелейтін;
шарапты тұтынудан тартынуды айыптайтын;
шарапты тұтыну өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сендіретін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісінің және (немесе) атауының жарнамасын тарату

өрескел

27.

Радиодағы жарнаманы қоспағанда, тиісті тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ лицензиялауға жататын жарнама берушінің өзінің жарнамасын лицензия нөмірі мен лицензия берген органның атауы көрсетілмей тарату

елеулі

28.

Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы тарату

елеулі

29.

Бейәдеп және жасырын жарнаманы тарату

елеулі

30.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалану

елеулі

31.

Хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы жиырма пайыздан асатын тәулігіне жарнаманы таратудың жалпы көлемінде жарнаманы тарату

елеулі

32.

Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығумен тарату

болмашы

33.

Әлеуметтік жарнаманың Қазақстан Республикасының аумағында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі емес таратылуы

болмашы

34.

Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға

елеулі

35.

Демеушілер туралы айту ұзақтығы – әрқайсысы туралы үш секундтан, телебағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан астам ұзақтықты еске ала отырып, әлеуметтік жарнаманың телебағдарламаларында тарату және мұндай айтуға – кадр алаңының жетіден асатын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен асатын пайызы бөлінуге тиіс

болмашы

36.

Жарнамаларды трансляциялау кезінде дыбысты арттыру

елеулі

37.

Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтыла отырып, әлеуметтік жарнамаларды тарату

болмашы

38.

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз телекоммуникация желілерінде теле -, радиоарналарды тарату

елеулі

39.

Теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын беру сапасын қамтамасыз етуі бойынша талаптың сақталуы

елеулі

40.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания арасында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуға жасалған шарттың болуы бойынша талабын сақталу

елеулі

41.

Теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының меншік нысанына қарамастан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде халықты құлақтандыру талабын сақтау

өрескел

42.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шартсыз теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

  Қазақстан Республикасының
телерадио хабарларын тарату
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежелерін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

Телерадио хабарларын тарату операторларының қызметіне қатысты телерадио хабарын тарату саласындағы субъектілерге қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

Р/с

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Телерадио хабарларын тарату операторының міндетті теле-, радиоарналарды цифрлық хабар таратуда бірінші және одан да астам саннан бастап рет сандарында және аналогтық хабар таратуда арналар жиілігін бөлу кестесінің басында орналастыру жолымен басым емес етіп орналастыруы

болмашы

2.

Мәлімделген техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін телерадио хабарларын тарату сигналын қабылдайтын және беретін радиоэлектрондық құралдарды пайдалану арқылы өзге де радиотаратушы және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуіл жасау

елеулі

3.

Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату операторларының шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде:
1) әлеуметтік жарнаманы;
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
3) тек қана жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда жарнаманы тарату

өрескел

4.

Телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке қойылмаған шетелдік теле-, радиоарналарды таратуы

өрескел

5.

Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру бойынша ғимарат және (немесе) ғимараттар иелерінің жазбаша келісімінің болуы бойынша талаптың сақталуы

елеулі

6.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания арасында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуға жасалған шарттың болуы бойынша талабын сақталуы

елеулі

7.

Теле-, радиоарналарды тарату үшін телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалануға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы

елеулі

8.

Теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының меншік нысанына қарамастан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде халықты құлақтандыру талабын сақтау

өрескел

9.

Телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шартсыз теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы

өрескел

  Қазақстан Республикасының
телерадио хабарларын тарату
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежелерін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша

Жеке спутниктік және эфирлік құрылғыларын таратушылардың қызметіне қатысты телерадио хабарларын тарату саласындағы субъектілерге қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

Р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиясыз және Қазақстан Республикасының аумағында хабар таратудың меншікті спутниктік жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне және телерадио хабарларын тарату операторларының теле -, радиосигналын жеке қабылдауға арналған жабдықтарға шартты қол жеткізу карталарын тарату

өрескел

  Қазақстан Республикасының
телерадио хабарларын тарату
туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежелерін
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша

Телерадио хабарларын тарату саласындағы субъектілерге талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізу үшін телерадио хабарларын тарату операторларының қызметіне қатысты талаптардың бұзылу дәрежесі

Р/с

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Телекоммуникация саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар инженерлік-техникалық мамандардың жалпы санының кемінде үштен бірінің болуы

болмашы

2.

Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктерінің болуы (төтенше жағдай кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы)

елеулі

3.

Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалық хабар тарату үшін) теле-, радиоарналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттарының болуы

болмашы

4.

Техникалық құралдарды, әкімшілік-басқару персоналын орналастыруға және пайдалануға, халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдарының болуы

елеулі

5.

Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізуге арналған өлшеу құралдары және сынақ жабдығының болуы

болмашы

6.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатсыз және радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз аналогтіқ эфирлік радиохабарларды тарату арқылы радиоарналарды тарату

елеулі

7.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатсыз және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы

елеулі

8.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатсыз және телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы

елеулі

9.

Телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз кабельдік және эфирлік-кабельдік телерадио хабарларды тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы

елеулі

10.

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат болған жағдайда телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды таратуы

елеулі

11.

Коммерциялық мақсаттарды көздейтін теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру бойынша теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы жөніндегі талаптың сақталуы

елеулі

12.

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиясыз телекоммуникация желілерінде теле -, радиоарналарды тарату

елеулі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады