БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22602 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 3-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі __________А. Куантыров |
Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары -Қаржы министрі__________Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабына және 143-бабына және "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) бақылау субъектісі (объектісі) – жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда), бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар;
3) болмашы бұзушылықтар – Консультативтік органда бақылау субъектісі өкілінің ұсынбау;
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
5) елеулі бұзушылықтар – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын бұзу;
6) өрескел бұзушылықтар – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын бұзу;
7) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
8) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
9) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) рұқсаттама талаптарға сәйкестігін (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
12) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында бақылау субъектілерін (объектілерін) талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.
4. Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел.
Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
5. Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар жөніндегі бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылады.
6. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.
Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттарға сәйкес және осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүргізу үшін субъективті өлшемшарттарға сәйкес өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
1-параграф. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары
7. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.
8. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізгеннен кейін бақылау субъектілері (объектілері) тәуекелдің екі дәрежесі (жоғары және орта) бойынша бөлінеді.
9. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) жатады.
10. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар және бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары жатады.
2-параграф. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
11. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
12. Дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер оның ішінде уәкілетті органға, қаржылық есептілік депозитарийін (бұдан әрі – депозитарий) пайдалана отырып, мониторинг нәтижелері;
2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері.
Талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер, оның ішінде уәкілетті органға, депозитарийді пайдалана отырып, мониторинг нәтижелері;
2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулерің нәтижелері.
13. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы уәкілетті орган талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары ықтимал тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.
Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) әрбір біртекті тобы үшін тәуекелді бағалаудағы көрсеткіштің маңыздылығына байланысты айқындалады. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.
3--параграф. Тәуекелдерді басқару
15. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізуден босатылады.
16. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осындай негіздер көзделген болса, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың қолданылатын баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талапқа сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату мүмкін болады.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
17. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін осы Өлшемшарттардың 3-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Осы Өлшемшарттардың 12-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жиналады және дерекқор қалыптастырылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу автоматтандырылған режимде, алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелеріне сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші мен кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, осы Өлшемшарттардың (SC) 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін жинақтау жолымен, депозитарийде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
18. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы Өлшемшарттардың 12-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн, мұнда
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
19. Осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
20. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды);
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы);
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы);
Rарал – осы Өлшемшарттардың 17-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1 қосымша |
Профилактикалық бақылау жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
1. Жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) бойынша | ||
1 | Дәйекті, бұрмаланбаған қаржылық есептiлiктi ұсыну, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасырмау, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жоймау | Өрескел |
2 | Қаржылық есептілікті белгіленген мерзімді бұзбай ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынбау | Өрескел |
3 | Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерінде кәсіби бухгалтер сертификатының болуы | Өрескел |
4 | Жария мүдделі ұйым кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтерінің қаржылық есептілікке қол қоюы | Өрескел |
5 | Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар тұлғалардың жария етпеуі | Өрескел |
2. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша | ||
1 | Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аккредиттелген кезден бастап бір ай ішінде Консультативтік органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломының, не "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, не кәсіби бухгалтер сертификатының, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласындағы (ғылыми) дәрежесінің бар екенін растай отырып бір өкілді ұсыну | Болмашы |
2 | Өз қызметін Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыру | Елеулі |
3 | Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген бір немесе бірнеше ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу | Елеулі |
4 | Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну | Өрескел |
5 | Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну | Өрескел |
6 | Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну | Өрескел |
7 | Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну | Өрескел |
8 | Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту | Елеулі |
9 | Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымының аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу | Елеулі |
3. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар бойынша | ||
1 | "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну | Елеулі |
2 | Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеу, басып шығару және тарату, емтихан процесін ұйымдастыру | Елеулі |
3 |
Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан қабылдау үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды: | Елеулі |
4 | Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйыммен бірлесіп бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша емтихандар өткізу | Елеулі |
5 | Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ұсыну | Өрескел |
6 | Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсыну | Өрескел |
7 | Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту | Елеулі |
8 | Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу | Елеулі |
9 | Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда комиссияның өзінің қашықтықтан веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өз бағдарламасы (платформасы) болады. | Елеулі |
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2 қосымша |
Талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
1. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша | ||
1 | Кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтерлердің болуы | Елеулі |
2 |
Мынадай: | Елеулі |
3 | Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы | Елеулі |
2. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар бойынша | ||
1 | "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну | Елеулі |
2 |
Емтихан нәтижелерін бағалау тәртібінде: | Өрескел |
3 | Аккредиттеу туралы куәлік берілген кезден бастап алты ай өткен соң бір немесе бірнеше бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы | Елеулі |
4 | Оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы | Елеулі |
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3 қосымша |
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
___________бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
______ жария мүдделі ұйымдарға (қаржы ұйымдарын қоспағанда)____қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Р/с № | Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыз-дылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар / мәндер, xi |
1-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | ||||
1 | Қаржылық есептілікті белгіленген мерзімді бұза отырып, ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 |
|
| ||||
2 | Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер сертификаты жоқ адамды тағайындау | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилакти-калық бақылау жүргізудің жартыжыл-дық тізіміне енгізу |
|
| ||||
3 | Қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилакти-калық бақылау жүргізудің жартыжыл-дық тізіміне енгізу |
|
|
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 4 қосымша |
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
___________бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
________бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарына_________қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Р/с № | Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңызды-лығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар / мәндер, xi |
1-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | ||||
1 | Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті ұсынбау | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 20 |
|
100% | ||||
2 | Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті ұсынбау | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингі-нің нәтижелері | 20 | 1 факт |
100% | ||||
3 | Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті ұсынбау | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 20 |
|
100% | ||||
4 | Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті ұсынбау | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 20 |
|
100% | ||||
5 | Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өтпеу | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 10 |
|
100% | ||||
6 | Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымының аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдемеу | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 10 |
|
100% | ||||
Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін | ||||
1 | Кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтерлердің болмауы | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | Талаптарға сәйкестігін тексеру кестесіне енгізу |
|
100% | ||||
2 |
Мынадай: | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 |
|
100% |
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 5 қосымша |
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
___________бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
___________ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті
________________аккредиттелген ұйымдарға қатысты
тобының атауы
Р/с № | Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңызды-лығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар / мәндер, xi |
1-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | ||||
1 | "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсынбау | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 50 |
|
100% | ||||
2 | Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынбау | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 15 |
|
100% | ||||
3 | Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсынбау | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 15 |
|
100% | ||||
4 | Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өтпеу | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 10 |
|
100% | ||||
5 | Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдемеу | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 10 |
|
100% | ||||
Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін | ||||
1 | "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсынбау | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | Талаптарға сәйкестігін тексеру кестесіне енгізу |
|
100% | ||||
2 |
Емтихан нәтижелерін бағалау тәртібінде: | Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 100 |
|
100% |
Тексеру парағы
________________бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
____________бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарына_________________қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
__________________________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылау тағайындау туралы акті______________________________________________________
күні №
__________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________________________
__________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі)
бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы______________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аккредиттелген кезден бастап бір ай ішінде Консультативтік органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломының, не "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, не кәсіби бухгалтер сертификатының, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласындағы (ғылыми) дәрежесінің бар екенін растай отырып бір өкілді ұсыну | ||
2 | Өз қызметін Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыру | ||
3 | Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген бір немесе бірнеше ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу | ||
4 | Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті ұсыну | ||
5 | Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті ұсыну | ||
6 | Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті ұсыну | ||
7 | Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті ұсыну | ||
8 | Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту | ||
9 | Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымының аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу |
Лауазымды адам (-дар)_________________________________ ______________
лауазымы қолы
________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы___________________________ _____________
лауазымы қолы
_________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)