"Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 19 мамырдағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 мамырда № 32539 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16949 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау:

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-1-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына және 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес объектілер салуға арналған жер учаскелерінің иелерін (жер пайдаланушыларды) есепке алу (бұдан әрі – жер учаскелерін есепке алу);

      объектілер салуға арналған жер учаскелерін игеру, оларды Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтай отырып тиісті мақсаттарда пайдалану үшін Кодекстің 92-бабында белгіленген мерзімдердің орындалуын мониторингтеу (бұдан әрі – мониторинг);

      объектілер салу үшін берілген жер учаскелерінің иелерін (жер пайдаланушыларды) мұндай учаскелердің тиісті мақсаттарда пайдаланылуы (пайдаланылмауы) немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасы сақтала (бұзыла) отырып пайдаланылуы фактілерін растау тұрғысынан мемлекеттік бақылау жолымен жүргізіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жер учаскелерін есепке алуды және мониторингті жүзеге асыру барысында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган игеру мерзімі өтіп кеткен не күнтізбелік жылдың тиісті тоқсанының соңына дейін мерзімі аяқталатын объектілер салу үшін берілген жер учаскелері бойынша:

      1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан осындай жер учаскелерінде салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер туралы мәліметтер алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне;

      2) осындай жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны (құрылыс басталған кезде) туралы хабарламалар, сондай-ақ салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің салыну мерзімін көрсете отырып, оларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша мәліметтер алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органның мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне;

      3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен осындай жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (кадастрлық нөмірі, нысаналы мақсаты, алаңы, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер) бойынша ақпарат алу үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына;

      4) осындай жер учаскелері бойынша құқықтық кадастрдан мәліметтер (жылжымайтын мүлікке құқықты, ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу туралы) алу үшін тіркеу органына тиісті сұранымдар жібереді.

      Қажет болған жағдайда, осындай жер учаскелері жөнінде мәліметтер жинау үшін қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға және мемлекеттік емес ұйымдарға сұраным жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші абзацын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
Ә. Тамабек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады