Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 мамырда № 32620 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5-тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

 

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 183 бұйрығына
1-қосымша

Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5-тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді және халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай түсініктер қолданылады:

      1) "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің құрамындағы жұмысқа орналастыруға делдалдық көрсету, есептілікке мониторинг жүргізу және қалыптастыру мақсатында халықты мансап орталықтарының қызметін автоматтандыруға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялаумен қоса ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;

      3) халықты жұмыспен қамту саласында қызмет көрсетуге арналған тариф (бұдан әрі – тариф) – халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтің бір бірлігінің есептік құны.

2-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді және олардың шекті деңгейін қалыптастыру

      3. Тарифті қалыптастыру жоспарланған кезеңнің алдындағы үш есепті жылдағы мансап орталығының қызметін қаржыландыруға жұмсалатын нақты шығыстарды талдау және орташалау негізінде жүзеге асырылады.

      4. Жұмыспен қамту саласында қызмет көрсетуге тарифтерді қалыптастыру қызмет көрсетудің бизнес процестеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Тарифтік мәндер халықты жұмыспен қамту саласындағы әрбір қызмет түрі және қызметін қалаларда, соның ішінде аудандық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын мансап орталықтары мен қызметін ауылдық жерлерде жүзеге асыратын мансап орталықтары үшін белгіленеді.

      5. Бір қызмет көрсетуге тарифті қалыптастыру мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тi = Тбаз_i + Тбаз_i х (Ка-1) + Тбаз_i х (Кэ-1), ондағы:

      Тбаз_i – i-қызметін көрсетуге базалық тариф;

      i – қызмет түрі;

      Ка – мансап орталығының үй-жайын жалдау бойынша түзету коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:

      Ка = Va / Ужыл / m, ондағы:

      Va – мансап орталығы үшін үй-жайларды жалдау үшін көзделген қаражаттың жылдық сомасы;

      Ужыл – мансап орталығы көрсететін және "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркелген қызметтердің жоспарлы саны;

      m – мансап орталығы қаржы жылы ішінде көрсететін қызметтерге ақы төленетін айлар саны;

      Кэ – экологиялық апат аймағында немесе радиациялық қатер аумағындағы жұмыс үшін үстемақыны есептеудің түзету коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:

      Кэ = Vэ / Ужыл / m, онда:

      Vэ – "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мансап орталығы үшін экологиялық апат аймағында немесе радиациялық қатер аумағындағы жұмыс үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың бір жылғы көлемі.

      6. Бір қызмет көрсетуге базалық тарифті қалыптастыру мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тбаз_i = Рот_i + Рк_i, ондағы:

      Рот_i – i-қызметін көрсететін мансап орталығының персоналына төлемдерге аударымдармен қоса, еңбекақы төлеу шығыстарының орташа есептік сомасы;

      к_i – бір қызметке есептегенде мансап орталығының жанама шығыстарының орташа есептік сомасы.

      7. I-қызметін көрсететін персоналдың төлемдеріне аударымдармен қоса еңбекақы төлеу шығыстары мына формула бойынша есептеледі:



      Nin – n-жұмыскердің i-қызметін көрсетуге жұмсалатын жұмыс уақытының нормасының мәні. Қызмет көрсетуге жұмыскердің жұмсайтын жұмыс уақыты нормаларын айқындау үшін: жұмыс күнінің хронометражы, фотографиясы, жұмыскерлерге сауалнама жүргізу әдістер пайдаланылады. Сондай-ақ алдыңғы кезең үшін уақыт шығындары туралы статистикалық есеп деректері, жұмыс уақытын пайдалануға жүргізілген қадағалау материалдары, сараптама бағаларының нәтижелері, қызмет көрсеткені үшін мансап орталығының басшылары мен жұмыскерлерінің тәжірибесі пайдаланылады.

      Rin - i-қызметін көрсетумен байланысты n-жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу бойынша төлемдерге аударымдарды қосқанда, уақытша (сағаттық, күндік, айлық, жылдық) еңбекақы төлемінің мөлшерлемесі (лауазымдық айлық ақы), еңбекақы мөлшерлемесін, өтемақылық сипаттағы төлемдерді ескеріп).

      I-қызметін көрсетумен байланысты n-жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу бойынша төлемдерге аударымдарды қосқанда, уақытша (сағаттық, күндік, айлық, жылдық) еңбекақы төлемінің мөлшері еңбекақы төлемдерінің жылдық қорынан және көрсетілген жұмыскердің есепті кезеңіне арналған жұмыс уақытының жылдық қорына қарай айқындалады.

      Еңбек ақы төлемінің жылдық қоры және i-қызметін көрсетумен байланысты n-жұмыскер уақытының жылдық қоры осы Әдістеменің 7-тармағына сәйкес айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 183 бұйрығына
2-қосымша

Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі

      1. Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейі мыналарды құрайды:

      1) облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген:

      бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 (отыз бес мың) теңгеден көп емес;

      екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 (қырық үш мың жеті жүз елу) теңгеден көп емес;

      2) тиісті облыс, аудандық маңызы бар қала ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін:

      бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 (қырық үш мың жеті жүз елу) теңгеден көп емес;

      екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 (елу екі мың бес жүз) теңгеден көп емес.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 183 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 257 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17196 болып тіркелді).

      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 400 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17428 болып тіркелді).

      3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 345 бұйрығымен бекітілгенҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 18912болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады