Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің отбасылық-мүліктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 35/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 мамырда № 32647 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 313-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің отбасылық-мүліктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 35/қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің отбасылық-мүліктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысаны

  20___ жылғы "____" _________

      1. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген отбасылық жағдайға байланысты

      ________________________________________________________________________________

      (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу кезінде мынадай құрамдағы

      комиссия: _________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      оның отбасылық-мүліктік жағдайына тексеру жүргізді.

      2. Қызметкер қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің мекенжайы (не болмаса әскери бөлімнің шартты атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына қашан қабылданды

      ________________________________________________________________________________

      4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылданғанға

      дейін қайда жұмыс істеді (оқыған) _______________________

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, ұйымның атауы көрсетілген)

      5. Өзінің асырауында кімдер бар ______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Қызметкердің отбасы құрамы:

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Туыстық қатынасы

Тұрғылықты жері

1

2

3

4

5






      7. Қызметкер отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі _________________________

      ________________________________________________________________________________

      8. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, тексеру нәтижесінде белгіленген отбасы жағдайы (актіге осы жағдайды растайтын құжаттардың көшірмесі қоса беріледі)

      ____________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      9. Қызметкердің отбасылық-мүліктік жағдайына тексеру жүргізген комиссияның қорытындылары мен ұсыныстары _________________________

      ______________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелерінің қолы

      ________________________

      ________________________

      ________________________

      20___ жылғы "____" ___________

      10. Осы актімен таныстым __________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы "____" ___________

Ескертпе:

Отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісі қызметкердің жеке ісіне тігіледі.

      _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады