"Көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 387 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 96 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 204 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 94 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32653 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 387 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 96 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30854 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензиясы бар лицензиаттар;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) біліктілік талаптары – өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;

      4) болмашы бұзушылықтар – қондырғыларды, машиналарды, тетіктерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік; қоршаған ортаны қорғау, метрологиялық бақылау; технологиялық процесті және берілген сападағы өнімді шығаруды сақтау, магистральдық құбырларды пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болмауына байланысты бұзушылықтар;

      5) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      6) елеулі бұзушылықтар – біліктілік құрамының сәйкессіздігіне, бекітілген бағдарламалар мен жоспарлардың болмауына, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) қосымшаларды қайта ресімдемеу туралы мәліметтердің болуына, қондырғыларды, машиналарды, тетіктерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болмауына байланысты бұзушылықтар;

      7) лицензиат – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы;

      8) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      9) лицензияланатын қызмет түрі – айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

      10) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі – бір лицензия аясында тиісті лицензияланатын қызмет түрін нақтылау;

      11) өрескел бұзушылықтар – меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде технологиялық регламенттің, өндірістік базаның, қажетті аспаптар мен жабдықтардың, қоймалардың, зертханалардың болмауына байланысты бұзушылықтар;

      12) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      13) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

      14) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      15) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелерін жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштің жиынтығы;

      16) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары.";

      10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының уран өндіру саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулердің және профилактикалық бақылаудың нәтижелері пайдаланылады.

      11. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және субъективті өлшемшарттар (SC) бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC, мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу әрбір мемлекеттік бақылау саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте бір мемлекеттік бақылау саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы өлшемшарттың 10-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде, бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні бақылау субъектісін мынадай тәуекел дәрежесінің біріне жатқызу үшін негіз болып табылады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейінгі болған кезде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) орташа тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 30-да 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде және оған қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізіледі, бірақ ең көбі екі жылда бір рет;

      3) төмен тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ды қоса алғанға дейінгі болған кезде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші;

      wi – xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы;

      n – көрсеткіштер саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – жеке бақылау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты біліктілік талаптарына сәйкестікке қойылатын талаптардың бұзұшылық дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшаларда келтірілген.

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігін жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау органы, бірақ ең көбі жылына бір рет айкындайды.

      Алынатын мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау есепті жылғы 1 қарашадан 15 желтоқсанға дейінгі кезеңде жылына бір рет жүргізіледі.

      Егер бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілген болса, соңғы біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексерудің аяқталу күнінен кейінгі күннен бастап жүргізілетін талдаудың басталуына дейінгі кезең талданатын кезең болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру графиктері субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар бақылау субъектілерінің басымдығын ескере отырып жасалады.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексерудің жылдық графигі негізінде жүргізіледі.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 1 маусымдағы
№ 94 мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 204 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

"Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі бұрғылау қондырғысының бар болуы

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі бұрғылау сорғысының бар болуы

Өрескел

5

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі шығарындыға қарсы жабдықтың бар болуы

Өрескел

6

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының бар болуы

Өрескел

7

Мыналарды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау

Елеулі

8

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

"Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) бар болуы

Өрескел

2

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі кен шоғырларының құрылымын, стратиграфиясын және қасиеттерін сипаттауды көздейтін мұнай және газ кен орындарын геологиялық модельдеу бойынша көмірсутектер саласында жобалауға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтылымның бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі көмірсутектерді өндіру көлемін әзірлеу және болжау жүйесін жобалау үшін мұнай және газ қабаттарын (кен шоғырларын) гидродинамикалық модельдеу бойынша көмірсутектер саласында жобалауға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтылымның бар болуы

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың (компьютерлер, принтер, плоттер (суреттерді, схемаларды, күрделі сызбаларды, карталарды және көлемі A0 немесе калькаға дейінгі қағаздағы басқа да графикалық ақпаратты үлкен дәлдікпен автоматты түрде сызуға арналған құрылғы) бар болуы

Өрескел

5

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі кәсіпшілік зерттеулерге арналған жобалау үшін пайдаланылатын ұңғыма аспаптарының (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) бар болуы

Өрескел

6

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған жобалау үшін пайдаланылатын қондырғының (шығырдың) бар болуы

Өрескел

7

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

"Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимарат немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) бар болуы

Өрескел

2

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ұңғымаларды бұрғылауды жобалау (ұңғымаларды өткізу, қысым градиенттерін және гидродинамикалық сипаттамаларды есептеу, бұрғылау және шегендеу бағаналарын есептеу, цементтеу процесін есептеу) бойынша көмірсутектер саласында жобалауға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтылымның бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың (компьютерлер, принтер, плоттер (суреттерді, схемаларды, күрделі сызбаларды, карталарды және көлемі A0 немесе калькаға дейінгі қағаздағы басқа да графикалық ақпаратты үлкен дәлдікпен автоматты түрде сызуға арналған құрылғы) бар болуы

Өрескел

4

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
4-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
4-қосымша

"Теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі кемінде екі теңізде мұнай жинау құрылғысының бар болу

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі кемінде екі қалқымалы резервуардың бар болуы

Өрескел

5

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі кемінде екі бондық бөгеттің бар болуы

Өрескел

6

Мыналарды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау

Елеулі

7

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
5-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
5-қосымша

"Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі тереңдік сынамаларды іріктеу үшін ұңғымалық аспаптардың және жабдықтың бар болуы

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қабаттық қысымды өлшеу үшін ұңғымалық аспаптардың және жабдықтың бар болуы

Өрескел

5

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі температураны өлшеу үшін ұңғымалық аспаптардың және жабдықтың бар болуы

Өрескел

6

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі акустикалық каротаж аспаптарының бар болуы

Өрескел

7

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі электрлік каротаж аспаптарының бар болуы

Өрескел

8

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі радиоактивті каротаж аспаптарының бар болуы

Өрескел

9

Мыналарды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау

Елеулі

10

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
6-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
6-қосымша

"Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ұңғымаларды жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою жөніндегі көтергіш қондырғының бар болуы

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі шығарындыға қарсы жабдықтың бар болуы

Өрескел

5

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі сорғы агрегатының бар болуы

Өрескел

6

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ыдыстың бар болуы

Өрескел

7

Мыналарды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау

Елеулі

8

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
7-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
7-қосымша

"Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі кемінде екі мамандандырылған цементтеу агрегаттың бар болуы

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ыдыстың бар болуы

Өрескел

5

Мыналарды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау

Елеулі

6

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
8-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
8-қосымша

"Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі тереңдік сынамаларды іріктеу үшін ұңғымалық аспаптардың және жабдықтың бар болуы

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қабаттық қысымды өлшеу үшін ұңғымалық аспаптардың және жабдықтың бар болуы

Өрескел

5

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі температураны өлшеу үшін ұңғымалық аспаптардың және жабдықтың бар болуы

Өрескел

6

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) бар болуы

Өрескел

7

Мыналарды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау

Елеулі

8

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
9-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
9-қосымша

"Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі сейсмикалық станцияның бар болуы

Өрескел


Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі сейсмикалық барлау жабдықтарының бар болуы

Өрескел

5

Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау

Елеулі

6

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
10-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
10-қосымша

"Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Рұқсаттың не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың бар болуы

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі перфорациялық жабдықтың бар болуы

Өрескел

5

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қойманың немесе жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың бар болуы

Өрескел

6

Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау

Елеулі

7

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
11-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
11-қосымша

"Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі кемінде екі сорғы агрегаттың бар болуы

Өрескел

4

Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау

Елеулі

5

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
12-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
12-қосымша

"Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің бар болуы

Өрескел

2

Лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі негізгі технологиялық қондырғылар мен жабдықтың бар болуы

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мұнай-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың бар болуы

Өрескел

5

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген зертхананың немесе өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының бар болуы

Өрескел

6

Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау;
5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімдерді шығаруды сақтау

Елеулі

7

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
13-қосымша
  Көмірсутектер саласындағы
біліктілік талаптарына
сәйкестігіне бақылау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
13-қосымша

"Магистральдық құбыржолдарды пайдалану" қызметінің кіші түріне көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия алған лицензиаттарға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

р/с №

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі магистральдық құбырдың бар болуы

Өрескел

2

Қызметтің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын магистральдық құбырды пайдалануды қамтамасыз ететін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі аспаптар мен жабдықтың бар болуы

Өрескел

3

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін диагностикалық аспаптардың бар болуы

Өрескел

4

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдар мен жабдықтардың бар болуы

Өрескел

5

Заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді реконструкциялау, жаңғырту жөніндегі бекітілген бағдарламалардың бар болуы

Өрескел

6

Жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) бар болуы

Өрескел

7

Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау;
5) магистральдық құбырларды пайдаланудың технологиялық процесін сақтау

Елеулі

8

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе арнаулы орта білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

Елеулі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады