Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32743 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 7)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бірлігіне 2,68 теңге мөлшерінде айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады