ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.";
5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.";
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы болған кезде қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қорытындыны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде химиялық өнімдердің қауіпсіздігі паспортының мазмұнын химиялық өнімдердің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнаманың талаптарына сәйкестікке тексереді, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолы қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде орындаушы мемлекеттік корпорацияға жіберілетін, осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сымен қолы қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді және мемлекеттік корпорация қызметкері құжатты басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.".
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық |
|
даму министрі | М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 432 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларына 2-қосымша |
"Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік не "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актісінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жетіспеген немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ________________________________________________________....
Бұл қолхат екі данада жасалды, әр тарапқа бір данадан.
Аты-жөні (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Аты-жөні _____________
телефон ____________________________
Қабылдады: ____________________________
Аты-жөні / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________