"Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 422 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 маусымда № 32763 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8853 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату мынадай мерзімдерде:

      жолаушылар пойыздарына - қайта отырғызусыз қатынайтын вагондарға пойыздың қалыптастыру немесе айналым пункттерінен пойыз жөнелтілгенге дейін сату режиміне немесе аралық станциясынан орындардың болуына қарай, кемінде 45 (қырық бес) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейін жүзеге асырылады;

      қала маңы пойыздарына – 10 (он) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

      Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пойыз жөнелтілгенге дейін 10 минут қалғанда тоқтатылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жолаушының межелі станциясына дейін тікелей пойыз болмаған кезде пойыздың қандайда бір (келісілген) станциясында ауыстыра отырып жол жүру құжаттарын ресімдеуге жол беріледі.

      Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жолаушының осы станцияға келу уақыты мен оның осы станциядан жөнелтілуі арасында орын болған кезде кемінде 1 сағат айырмасын ескере отырып жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) тегі мен аты-жөнін өзгертпей, бұрын кетіп бара жатқан, жөнелтілуіне 24 сағаттан аз уақыт қалған пойызға мынадай жағдайларда:

      1) пойыздың нөмірін бұрын кететін пойызға ауыстырған кезде;

      2) вагон түрін жоғары санатқа ауыстырған кезде;

      3) пойыздың нөмірі (бұрын кететін) мен вагон түрін бір мезгілде ауыстырған кезде;

      4) бір вагондағы орындарды сол үлгідегі басқа вагондағы орынға ауыстырған кезде;

      5) бір вагондағы орын нөмірін ауыстырған кезде жол беріледі.

      Жолаушыны межелі станцияға дейін тікелей пойыз болмаған кезде "келісілген" пойыздарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеуге жол беріледі.

      Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жолаушының осы станцияға келу уақыты мен оның осы станциядан жөнелтілуі арасында орын болған кезде кемінде 1 сағат айырмасын ескере отырып жүзеге асырылады.";

      36-тармақта:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) жол жүру құжатының сериясы және/немесе нөмірі;";

      17) тармақша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады