БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 9 маусымдағы № 113 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 32263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Медициналық оңалту ТМККК, МӘМС, ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде және ақылы негізде көрсетіледі.".
2. "Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31762 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1) АИТВ – инфекциясы адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;
2) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі азаматтары;
3) ЖЖБИ – жыныстық қатынас арқылы неғұрлым жиі жұғатын инфекциялық аурулар;
4) консультация беру – даярланған маман жеке немесе топтық жұмыста басқа адамға қолдау көрсететін немесе басшылықты жүзеге асыратын процесс;
5) клиникалық хаттама – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
6) қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер – аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
7) репродуктивтік денсаулық – адамның толққанды ұрпақты өмiрге келтіру қабiлетiн көрсететін денсаулығы;
8) мінез-құлықтың қауіпті түрлері – денсаулыққа, физикалық немесе әлеуметтік әл-ауқатқа жоғары дәрежеде қауіп төндіретін мінез-құлық.";
3. "Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-166/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21551 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 84-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 84-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізу тәртібін айқындайды.";
3-тармақ алып тасталсын.