"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32793 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20776 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш жібереді.

      Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беруге арналған өтініш Тізбенің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырылады.

      Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды қосымша эмиссия (шығарылым) шеңберінде орналастырған жағдайда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беруге арналған өтінішті эмитент осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес береді.

      Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруды осы акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың ұстаушысы жүргізгенде – өтінішті осындай ұстаушы береді.

      5. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 5-тармағына сәйкес өтінішке қоса берілетін, Тізбенің 8-тармағында көрсетілген барлық құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, мұндай құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасының электрондық көшірмесі міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде де жасалуы мүмкін.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сараптама комиссиясы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал ірі кен орындары мен стратегиялық жер қойнауы учаскелері бойынша 40 (қырық) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Кодекстің 45-бабының 6-тармағына сәйкес өтінішті жан-жақты және толық қарау мақсатында көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.

      Қосымша мәліметтер және (немесе) құжаттар сұратылған жағдайда, тиісті өтінішті қарау мерзімдері осындай мәліметтер және (немесе) құжаттар ұсынылғанға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсынымын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш бойынша оң шешім шығарады.

      Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат береді;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат береді;

      3) Тізбенің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды береді.";

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;

      "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру;
2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру.

      ";

      "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлері бар мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық (толық автоматтандырылған) нысанда жүзеге асырылады.

      " ;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.";

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қағаз немесе электрондық түрде көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталының ақпараттық жүйесі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды береді.

      4. Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "электрондық үкімет" веб-порталы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Тізбеде жазылған.

      5. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының құжаттары "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келіп түскен күні оларды автоматты түрде қабылдау және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигіне сәйкес тіркеу жүзеге асырылады.

      Тізбенің 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының құжаттары көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы келіп түскен күні жұмыс графигіне сәйкес қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) қосымшаларымен бірге өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде оларды "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін сұрау салуды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелердің қорытындысын қарап, көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға дайындайды немесе Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім дайындайды.

      9. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа, уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қол қою;

      2) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа, уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қол қоюдан бас тарту.";

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі";

      "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу (қол қою)".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт алу;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт алу;
3) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт алу;
4) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт алу;
5) уран саласындағы тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша уран өндіруге келісімшарт алу;
6) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (бастапқы келісімшарт) бойынша көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу;
7) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған өндіруге арналған келісімшарттар (қолданыстағы келісімшарт) бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу;
8) өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру кезінде уран өндіруге арналған келісімшартты алу;
9) халықаралық шарттарға сәйкес көмірсутектерді барлау үшін келісімшарт алу.

      ";

      "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлері бар мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық түрде (толық автоматтандырылған)/қағаз жүзінде жүзеге асырылады.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшартты немесе көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшартты алу үшін:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба жөніндегі көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш;
3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін, көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жұмыстар бағдарламасы;
көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша ("электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берген жағдайда электрондық көшірме);
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба жөніндегі көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш;
3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа немесе көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт;
көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
3) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт үшін:
3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа немесе көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін, көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жұмыс бағдарламасы;
көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы;
4) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін:
3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт;
көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы;
5) уран саласындағы тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша уран өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) уранды өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған уранды өндіруге арналған келісімшарт 3 (үш) данада;
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы;
6) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (бастапқы келісімшарт) бойынша көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін өтініш;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 3 (үш) данада;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған қорларды есептеу жөніндегі есеп;
7) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған өндіруге арналған келісімшарттар (қолданыстағы келісімшарт) бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін өтініш;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данадағы келісімшарт;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындыларды алған кен орнын игеру жобасы;
8) өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру кезінде уран өндіруге арналған келісімшартты алу үшін:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру туралы өтініш;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) уранды өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өз тарапынан қол қойылған уранды өндіруге арналған келісімшарт 3 (үш) данада;
9) халықаралық шарттарға сәйкес көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартты алу үшін:
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартты алу үшін өтініш;
өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді барлауға арналған 3 (үш) данадағы келісімшарт;
көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін, тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалған барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасы;
салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлық нысанда және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған қажетті құжаттарды береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      ";

      реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01.
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсының "Энергетика министрлігі" деген бөлімдегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

      ";

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.";

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қағаз немесе электрондық түрде көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталының ақпараттық жүйесі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 1-қосымшаға сәйкес "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды береді.

      4. Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "электрондық үкімет" веб-порталы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде жазылған.

      5. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) – 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісімшартқа қосымша келісімге қол қойған кезде көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ұсынады.

      Тізбенің 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының құжаттары "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келіп түскен күні оларды автоматты түрде қабылдау және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигіне сәйкес тіркеу жүзеге асырылады.

      Тізбенің 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының құжаттары көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы келіп түскен жағдайда олар келіп түскен күні жұмыс графигіне сәйкес қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) қосымшаларымен бірге өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде оларды "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін сұрау салуды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелердің қорытындысын қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша дайындайды немесе Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім дайындайды.

      9. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге, уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қою;

      2) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге, уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қоюдан бас тарту.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуы кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар орындауға келіп түскен күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың толық болуын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде оларды Кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін сұрау салуды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелердің қорытындысын қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша дайындайды немесе Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім дайындайды.

      14. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру үшін жібереді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге, уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қою;

      2) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге, уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қоюдан бас тарту.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың орындалуына келіп түскеннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде оларды Кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін сұрау салуды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелердің қорытындысын қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісім дайындайды немесе Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім дайындайды.

      19. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге, уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қою;

      2) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге, уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қоюдан бас тарту.";

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі";

      "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1) жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
2) көрсетілетін қызметті алушы немесе құзыретті орган туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
3) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
4) өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
5) барлау немесе өндіру кезеңін ұзарту кезінде (кезеңдерін) келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
6) бағалау кезеңіне өту кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
7) сынап пайдалану кезеңіне өту кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
8) өндіру кезеңіне өту кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
9) Кодекстің 116-бабының 7-тармағында және 278-бабының 40-тармағында көзделген жағдайларда күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына көшуге байланысты барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
10) өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу
11) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайту немесе азайту кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу;
12) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім жасасу.

      ";

      "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлері бар мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық түрде (толық автоматтандырылған)/қағаз жүзінде жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер өзгерген кезде, өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіткен кезде, өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіткен кезде, барлау кезеңін ұзартқан кезде, күрделі жоба бойынша өндіру кезеңіне ауысқан кезде, күрделі жобалар бойынша барлау мен өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысқан кезде, өндіру кезеңін ұзарту кезінде, уран өндіруді ұзарту кезінде, учаскені ұлғайту кезінде, уран учаскесін ұлғайту кезінде, жер қойнауы учаскесін азайту кезінде, өндіру кезеңіне ауысу кезінде, келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде - 20 (жиырма) жұмыс күні.
жер қойнауын пайдалану құқығы және жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні.
жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде, күрделі жоба бойынша бағалау кезеңіне ауысу кезінде, күрделі жоба бойынша сынап пайдалану кезеңіне ауысу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде – 10 (он) жұмыс күні.

      ";

      реттік нөмірі 7-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

7.

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Өтініштерді қабылдау графигі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру графигі – сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      ";

      реттік нөмірлері 8, 9 және 10-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) дана;
салыстырып тексеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алған кезде негіздеме болатын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
салыстырып тексеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) сатып алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары;
сатып алушының Кодекстің талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар;
егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесіне) кепілмен ауыртпалық салынса, кепіл ұстаушының жазбаша келісімі;
жер қойнауын пайдалану құқығының барлық бірлескен иеленушілерінің жазбаша келісімі;
Кодекстің 45-бабының және 277-бабы 14-тармағының талаптары негізінде қолданылатын өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – сараптама комиссия) ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімі;
2) көрсетілетін қызметті алушы немесе құзыретті орган туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді өзгертуге арналған өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар;
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуді көздейтін көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада;
салыстырып тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары;
3) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру туралы өтініш;
дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беруді көздейтін және Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын, көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеп;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
4) учаскені (учаскелерді) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беру туралы өтініш;
Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беруді көздейтін келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру. Бұл ретте өндіру учаскесін (учаскелерін) бекітіп беру мақсатында келісімшартқа толықтыру Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа толықтыруды 3 (үш) данада қамтуға тиіс;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеп;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасы;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
5) барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және барлау кезеңі ұзартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемі, сипаттамасы және орындау мерзімдері қамтылған қосымша жұмыстардың қол қойылған бағдарламасы;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада, онда мыналар қамтылады:
Кодекстің 117-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда – барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын тереңдігі бойынша белгілеуді қоса алғанда, шеңберінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжанатын контурлары жатқан блоктардан тұратын барлау учаскесін (учаскелерін) осы Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымша;
осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының міндеті;
Кодекстің 117-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда – табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;
Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда – көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынап пайдалану жобасы;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
6) бағалау кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау кезеңіне ауысуға байланысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, шегінде табылған кенжатынның (кенжатын жиынтығының) болжамды контурлары орналастырылатын блоктардан тұратын барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жылдар бойынша жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемі, сипаттамасы және орындалу мерзімдері қамтылған қосымша жұмыстар бағдарламасын қамтитын күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру 3 (үш) данада;
Кодекстің 121-бабының 3-тармағына сәйкес берілген, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның жер қойнауы учаскесінің шегінде көмірсутектердің кенжатын (кенжатын жиынтығын) табу туралы қорытындысы, онда бағалау жүргізу жоспарланатын кенжатынның (кенжатын жиынтығының) болжамды контурларын көрсете отырып;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
7) сынап пайдалану кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынап пайдалану кезеңіне ауысуға байланысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен қосымша жұмыстар бағдарламасын қамтитын және жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемі, сипаттамасы мен орындалу мерзімдерін қамтитын 3 (үш) данада күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есеп;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
8) өндіру кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру кезеңіне ауысуға байланысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
3 (үш) данада өндіру учаскесінің шекарасын белгілейтін күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру. Егер кен орны ірі кен орындары санатына жатпаса, келісімшартқа толықтыруда жиырма бес жылға созылатын өндіру кезеңін белгілеу де көзделуге тиіс. Кодекстің 119-бабының 18-2-тармағында көзделген жағдайларда, егер жер қойнауы учаскесіне қатысты оның күрделі жобаның қандай да бір өлшемшарттарына сәйкестігі туралы растау алынбаса, келісімшартқа толықтыруда оны жаңа редакцияда баяндау көздеулге тиіс;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған өндіру учаскесіндегі геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есептің көшірмесі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
9) Кодекстің 116-бабының 7-тармағында және 278-бабының 40-тармағында көзделген жағдайларда күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысуға байланысты барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына сәйкес жаңа редакциядағы келісімшартты 3 (үш) данада баяндауды көздейтін келісімшартқа толықтыру;
Кодекстің 36-бабының 1-3-тармағында көрсетілген, жер қойнауы учаскесінде Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуын растайтын құжаттардың бірі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
10) өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
3 (үш) данада өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзартуды көздейтін келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру, онда мыналар көзделеді:
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және өндіру кезеңі (кезеңдерін) ұзартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасы;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, өндіру кезеңін ұзартудың сұратылатын мерзімі ішінде кен орнын игеруді көздейтін, сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасы;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
11) уран өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уран өндіру кезеңінің (кезеңдерін) ұзартылуына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзартудың сұратылатын мерзімі ішінде кен орнын игеруді көздейтін, сараптамалардың оң қорытындыларын алған уран кен орнын игеру жобасы;
Егер келісімшарт өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту туралы өтініш берілген күнге көрсетілетін қызметті беруші бекітетін уран өндіруге арналған өтініш берілген күнге қолданыстағы үлгілік келісімшартқа сәйкес келген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы өндіру кезеңін ұзарту кезінде (кезеңдерін) ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде уран өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасалады, ол өндіру кезеңін ұзартуды көздейді.
Егер келісімшарт өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күнге көрсетілетін қызметті беруші бекітетін уран өндіруге арналған өтініш берілген күнге қолданыстағы үлгілік келісімшартқа сәйкес келмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы өндіру кезеңін ұзарту кезінде ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы уран өндіруге арналған келісімшарт жасалады 3 (үш) данада;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
12) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына байланысты келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына немесе азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
Кодекстің 110-бабына сәйкес ұлғайтылған жер қойнауын учаскесін (учаскелерін) немесе көрсетілетін қызметті алушының 113-баптың 3-тармағында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін белгілейтін, келісімшартқа қосымшасы бар көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада;
жер қойнауы учаскесі (учаскелері) ұлғайған кезде көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және көрсетілетін қызметті алушы сұратылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) орындауға міндеттенетін, көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын пайдалану құқығын алған кезде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі (учаскелеріндегі) жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға барабар сәйкес келетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасын;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
13) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына байланысты уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайтуды көздейтін 3 (үш) данада келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру;
сұрау салынатын учаскеге (учаскелерге) арналған қорлар бойынша құзыретті тұлғаның есебі;
Кодекстің 45-бабының және 277-бабының 14-тармағының талаптары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
14) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшасы бар және Кодекстің 114-бабында көрсетілген оның ажырамас бөлігі ретінде келісімшартқа қоса берілетін 3 (үш) данада көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа толықтыру;
қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;
Кодекстің 45-бабының және 277-бабының 14-тармағының талаптары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
15) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;
жер қойнауын пайдаланушы қол қойған жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) азайтуды көздейтін келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада;
Кодекстің 45-бабының және 277-бабының 14-тармағының талаптары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері;
16) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бөлуге байланысты келісімшартқа өзгерістер енгізу өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған негізгі учаскесін, сондай-ақ Кодекстің 115-бабында көрсетілген мәліметтерді белгілейтін келісімшартқа қосымшасы бар 3 (үш) данада толықтыру;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген үлгілік келісімшартқа сәйкес 3 (үш) данада әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт;
сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде берілген көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімінің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлық нысанда және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған қажетті құжаттарды береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
өтініштің Кодекстің 40-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
егер мұндай ауысу осындай рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылса, жер қойнауын пайдалану құқығының ауысу шарттарының берілген рұқсатқа сәйкес келмеуі;
мұндай рұқсат Кодекске сәйкес талап етілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсаттың болмауы;
егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы көрсетілетін қызметті алушыға қолданылған әкімшілік жазаға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса;
егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына Кодекспен тыйым салынса;
егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың ережелерін бұзуға әкеп соқса;
2) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін):
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметті алушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтарының болуы;
егер өтініш Кодекстің 118-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
4) өндіру учаскесін (учаскелерін) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметті алушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтарының болуы;
егер өтініш Кодекстің 119-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
5) барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
Кодекстің 117-бабының 1 – 3-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздердің болмауы;
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметті алушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтарының болуы;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
6) бағалау кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 116-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;
7) сынап пайдалану кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 116-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
Кодекстің 116-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаса;
8) өндіру кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 119-бабының 18-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
өтініш Кодекстің 118-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
9) Кодекстің 116-бабының 7-тармағында және 278-бабының 40-тармағында көзделген жағдайларда күрделі жобалар бойынша барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына ауысуға байланысты барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
Кодекстің 116-бабының 7-тармағында көзделген негіз бойынша келісімшартқа толықтыру жасалған жағдайда, өтініш Кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
өтініш Кодекстің 278-бабы 40-тармағының талаптарына сәйкес келмесе немесе егер өтініш Кодекстің 278-бабының көрсетілген тармағына сәйкес берілсе, өтініш Кодекстің 278-бабы 40-тармағының жетінші бөлігіне сәйкес жіберілген құзыретті органның ескертулерін өтініш беруші жоймаса немесе өтініш беруші оны жоюдан бас тартса;
10) өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
егер кен орнын игеру жобасы өндіру мерзімін ұзарту үшін өтінімде сұралғаннан аз игеру мерзімін көздесе;
көрсетілетін қызметті берушінің өндіру кезеңін ұзарту ниеті болмаған кезде, оның ішінде Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделгендерді қоса алғанда, қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары қайта бөлу және қайта өңдеу) өнім өндіруді көздейтін индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемені не өзге де инвестициялық міндеттемелерді қабылдау бойынша көрсетілетін қызметті алушымен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
11) уран өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодекстің 173-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
егер кен орнын игеру жобасы өтініште сұралғаннан аз мерзім ішінде кен орнын игеруді көздесе;
жер қойнауын пайдаланушы жоймаған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтар болған кезде;
көрсетілетін қызметті берушінің уран өндіру кезеңін ұзарту ниеті болмаған кезде;
12) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
Кодекстің 113-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
13) жер қойнауы учаскесін ұлғайту кезінде уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Кодекстің 169-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
14) жер қойнауы учаскесі азайған кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Кодекстің 114-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
15) жер қойнауы учаскесі азайған кезде уран өндіру жөніндегі келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Кодекстің 170-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
16) жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
Кодекстің 115-бабында белгіленген шарттар сақталмаса;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01.
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсының "Энергетика министрлігі" деген бөлімдегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

      ";

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4, 5, 7, 8 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      осы бұйрыққа 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары 11, 12, 13 және 14-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарды жасасу
(қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба жөніндегі көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт немесе көмірсутектерді барлау және өндіру үшін келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен, ______________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауын, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін, электрондық пошта мекенжайын) көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісімшарт жасасуды сұрайды.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарды жасасу
(қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Аукцион қорытындылары бойынша күрделі жоба жөніндегі көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе көмірсутектерді өндіру үшін келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен, ______________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауын, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін, электрондық пошта мекенжайын) Көмірсутектерді өндіру бойынша келісімшарт жасасуды сұрайды.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдерді жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Көрсетілетін қызметті алушы немесе құзыретті орган туралы мәліметтерді өзгертуге арналған өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен ___________ (келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие ____________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауын көрсету) жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшартқа мынадай өзгерістер:

      ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушы туралы өзгертілетін мәліметтерді көрсету) енгізуді сұрайды.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдерді жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру туралы өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен _________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауын көрсету) _________________ келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иесі (көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) ұзақтығы ____ж. ______________________ өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беруге рұқсат беруді сұрайды (өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (кезеңдерін) көрсету).

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдерді жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      Барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен ______________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауын көрсету) __________ келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші (көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың тіркелген күні мен нөмірі) _____________ учаскесі бойынша (барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету (тиісті жобалау құжаттары негізінде айқындалған барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзартудың сұралатын мерзімі) _________ негізінде - (барлау мерзімін ұзарту негіздері) ұзақтығы __________ ж. барлау мерзімін ұзартуды сұрайды.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдерді жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

      Өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен______________(жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауын көрсету) __________ келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші (көмірсутектерді өндіруге/уранды өндіруге арналған келісімшарттың тіркелген күні мен нөмірі ) _____________ учаскесі бойынша көмірсутектерді өндіру/уранды өндіру мерзімін (өндіру кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету) ұзақтығы __________ ж. (тиісті жобалау құжаттары негізінде айқындалған өндіру кезеңін ұзартудың сұралатын мерзімі немесе өндіру кезеңін ұзартудың сұралатын мерзімі) ұзартуды сұрайды.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдерді жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

      Өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бөлуге байланысты келісімшартқа өзгерістер енгізу өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен ______________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса)/заңды тұлғаның атауын көрсету) __________ келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші (көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) ________________ жер қойнауы учаскесін (жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшартты бөліп беруді көздейтін жер қойнауы учаскесін (оның бөліктерін) көрсету) бөліп беруді сұрайды.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
8-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдерді жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

      Бағалау кезеңіне ауысуға байланысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен _________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса)/заңды тұлғаның атауын көрсету) ___________ келісімшарт бойынша (күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) жер қойнауын пайдалану құқығының иегері ______________ учаскесі (бағалауды жүргізу жоспарланатын кенжатын (кенжатын жиынтығының) болжамды контурлары көрсете отырып, Кодекстің 121-бабының 3-тармағына сәйкес берілген, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның көмірсутектер кен орнының (кен орындары жиынтығының) анықталғанын растайтын қорытындысына сәйкес бағалау кезеңіне ауысу жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету ) бойынша бағалау кезеңіне ауысу туралы мәлімдейді.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      20___ жылғы "__" ________________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
9-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдерді жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

      Cынап пайдалану кезеңіне ауысуға байланысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен _________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса)/заңды тұлғаның атауын көрсету) ___________ келісімшарт бойынша (күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) жер қойнауын пайдалану құқығының иегері ______________ учаске бойынша (жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есепке сәйкес сынамалап пайдалану кезеңіне ауысу жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету) сынамалап пайдалану кезеңіне ауысуы туралы мәлімдейді.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      20___ жылғы "__" ________________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
10-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдерді жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

      Өндіру кезеңіне ауысуға байланысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  _________________________
  (көрсетілетін қызметті
  берушінің атауы)

      Осы өтінішпен _________(жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса)/заңды тұлғаның атауын көрсету) ___________ келісімшарт бойынша (күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) жер қойнауын пайдалану құқығының иегері ______________ учаске бойынша (жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есепке сәйкес өндіру кезеңіне ауысу жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету) өндіру кезеңіне ауысу туралы мәлімдейді.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      20___ жылғы "__" ________________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 Бұйрығына
11-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдерді жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
14-қосымша
  Нысан

      Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осы өтінішпен _________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса)/заңды тұлғаның атауын көрсету) ___________ келісімшарт бойынша (көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) жер қойнауын пайдалану құқығының иегері ______________ учаске бойынша (осы жер қойнауы учаскесінде Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуы расталғанына байланысты барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына ауысу жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету) өндіру кезеңіне ауысу туралы мәлімдейді.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

      20___ жылғы "__" ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады