БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13340 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы:
65 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"65. Абоненттің нөмірі (А нөмірі) айырбасталған трафикті қоса алғанда, рұқсат етілмеген трафик өткізілген жағдайда трафикті қабылдайтын байланыс операторы, телекоммуникация желілерінің иелері бір тәулік ішінде осы трафикті жіберген байланыс операторын хабардар етеді. Желісінен рұқсат етілмеген трафиктің өткізілгені туралы хабарламаны алған байланыс операторы үш күнтізбелік күн ішінде себебін анықтап, осындай трафикті жоюға шаралар қабылдау керек.
Рұқсат етілмеген трафикті өткізіп жіберуді жоймаған жағдайда, байланыс операторы, телекоммуникация желілерінің иелері және өз желісіне осындай трафикті қабылдайтын сот органдарына жүгінеді.".
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |