"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 498 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32863 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 498 бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 224 бұйрығына
1-қосымша

"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арыз иесі (көрсетілетін қызметті алушы) – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға өтініш жасаған адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акті қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) (әкімшілік акті адресаты) адам;

      2) әкімшілік акті (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) – әкімшілік орган, лауазымды адам жария-құқықтық қатынастарда қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жекелей белгілі бір адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      3) әкімшілік орган (көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      4) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның өтініш негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешім қабылдау және орындау қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібінде жүзеге асырылатын қызмет.

      5) Бірыңғай байланыс-орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің бейінді құрылымдық бөлінісі – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісі;

      7) криминалистикалық талаптар азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптар (параметрлер, конструкциялық ерекшеліктер, таңбалау);

      8) сынау зертханасының басшысы – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісінің бастығы немесе ол уәкілеттік берген адам;

      9) сынау объектілері – азаматтық және қызметтiк қару және оның патрондары;

      10) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандардың жинағы.

      3. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес құжаттар мен сынау объектілерін ұсына отырып жүгінеді.

      Көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Тізбеде жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесін жасайды және оны өтінішке қоса береді.

      Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама көрсетіледі.

      5. Бір мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының , сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігін сынауға қарудың немесе бұйымның бір моделі (модификациясы), қызметтік және азаматтық қару патрондарының бір түрі немесе арбалеттердің немесе садақтар снарядтарының бір модификациясы жатады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен сәттен бастап оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және сынау зертханасының басшысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Сынау зертханасының басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күні бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушысы) анықтайды.

      Өтінішті портал арқылы алған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей сынау объектілерін қолма-қол ұсынады.

      7. Жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен сынау объектілерінің толықтығын тексереді.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған не сынау объектілерін толық көлемде ұсынбаған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 7-тармақта көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту дайындайды, оған сынау зертханасының басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тарту жолдайды.

      Портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетімен сынау объектілерінің сәйкес келмеуі анықталған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сынау объектілерін қайтару күні мен уақытын көрсете отырып, дәлелді бас тарту жолдайды.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен сынау объектілерінің толық пакетін ұсынған кезде жауапты орындаушы:

      он жұмыс күні ішінде ұсынылған сынау объектілерінің "Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10747 болып тіркелген) сәйкес криминалистикалық талаптарға сәйкес келуін анықтау үшін сынақ жүргізеді;

      екі жұмыс күні ішінде жүргізілген сынаулардың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасын (бұдан әрі – сынау хаттамасы) ресімдейді, сынау хаттамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды жасайды;

      бір жұмыс күнінің ішінде азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасына сынау зертханасының басшысы қол қояды, азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасын тіркеу үшін кеңсеге береді және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды берілгені туралы мәлімет енгізеді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау хаттамасының электрондық көшірмесін қоса отырып, сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сынау объектілерін қайтару орнын көрсете отырып хабарлама жолдайды.

      11. Сынау жүргізу кезінде сынау объектілерінің азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 73-бабының бірінші бөлігіне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші міндетті түрде көрсетілетін қызметті алушыға сынау нәтижелері бойынша алдын ала шешімді жолдайды не көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімі бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстанымын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Сынау нәтижелері бойынша алдын ала шешім не тыңдау туралы хабарламаны мемлекеттік қызметті көрсетуші алдын ала, бірақ әкімшілік акті қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысымен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыға азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының бір данасын, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін, сынау объектілерін жолдайды. Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде сақтауда қалады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.

      14. Осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзектендіріледі және Бірыңғай байланыс-орталығына жолданады.

      15. Сынау зертханасының басшысы және (немесе) жауапты орындаушы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік артады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      17. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акті қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен, сондай-ақ шағымға алынған жауаппен келіспеген кезде, егер заңда өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының сотқа жүгінуіне сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасағаннан кейін жол беріледі.

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
  1-қосымша
  ____________________________
көрсетілетін қызметті беруші ұйымының
____________________________
атауы, атауы және заңды мекенжайы,
____________________________
телефоны, көрсетілетін қызметті алушының
____________________________
электрондық поштасы

ӨТІНІШ

      Объектілер тізімдемесіне сәйкес ұсынылған сынау нәтижелері бойынша азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беруді сұраймын.

      Қосымша: тізімдемеге сәйкес құжаттар______парақта және объектілер саны _______данада, құжаттар мен объектілердің тізімдемесі ________парақта.

      Осылармен:

      көрсетілетін қызметті алушының барлық көрсетілген деректері байланыс жасау үшін ресми болып табылатыны және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдауға болатыны;

      барлық қоса берілген құжаттар мен объектілер шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Толтырылған күні 20 _____жылғы "____"_______________

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну әдістері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі не www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – он бес жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi

азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7

"Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: www.mvd.gov.kz "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың және сынау объектілерінің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогы, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
3) келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектіcі нөмірлерінің тізбесі.
Порталға:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогының электрондық көшірмесі, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасының электрондық көшірмесі және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) келісімшарттың және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектілері нөмірлерінің тізбесінің электрондық көшірмесі.
Сынау объектілері:
атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электр, пневматикалық, оқсыз атылатын қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау кезінде:
тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруы – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
ұңғысыз атыс қаруы, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
оқсыз атылатын, газды, белгі беру, электр, пневматикалық қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы (газды қару үшін кемінде бес дана бос патрон қосымша ұсынылады);
конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар - әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
қызметтік және азаматтық қарудың патрондары – өндіруші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде он дана;
Суық және лақтырылатын қаруға, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға сынау жүргізу үшін:
суық және лақтырылатын қару болып табылатын объектілер – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдарға шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әр модификацияның бес бірлігі ұсынылады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы: www.mvd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777.

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗІМДЕМЕСІ

р/с №

Дараландыратын белгілерін көрсете отырып, құжаттар мен объектілердің атауы

Саны

Қосымша
мәліметтер













      Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы

      20__жылғы "____" _________

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

[Мемлекеттік тілде УО атауы)]
Мемлекеттік тілде УО
деректемелері


[Орыс тілінде УО атауы)]
Орыс тілінде УО деректемелері


 
Дәлелді бас тарту

Нөмірі:_______ Берілген күні:

[Көрсетілетін қызметті алушының
ұйымының атауы]

Сіздің 20__ жылғы "____"_______№_______ өтінішіңізді қарап, __________________________________________________________________
байланысты "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартылатыны туралы хабарлаймыз.

 
Сынау зертханасының басшысы:
____________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы




  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы

      № _________                                     20____ жылғы "___" ________

      шығыс № ___________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының сынау объектілерін жолдау туралы

      __________________________________________________________________________

      өтінішінің деректемелері көрсетіледі

      __________________________________________________________________________

      Сынау объектісі______________________________________________________

      өндіруші фирманың толық атауы, қару мен патрондардың,

      __________________________________________________________________________

      снарядтардың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен шыққан жылы (болған кезде),

      _________________________________________________________________________

      таңбалау белгілері көрсетіледі

      Жүргізілген сынақтардың нәтижесі: ________________________________________

      сынақтарды жүргізу барысы мен

      __________________________________________________________________________

      қорытындылары сипатталады

      Сынауды жүргізген:             _______       ______________________________________

      қолы             тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
6-қосымша

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне № ____ қорытынды

      20____ жылғы "____" ________

      Өтініш: 20____ жылғы "____" ______________ кіріс № ____________________

      Көрсетілетін қызметті алушы:__________________________________________

      Заңды мекенжайы: ___________________________________________________

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау бойынша
ШЕШІМ

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қосымша: Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы. Сынау объектілері қолма-қол ұсынылады.

      Сынау зертханасының басшысы:

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының артқы беті

20 ____жылғы "___"________№ ________қорытындының
ақпараттық парағы



      Бұйым_________________________________________________________

      сыналған үлгінің толық атауы, каталогтар бойынша нөмірі,

      ____________________________________________________________________

      базалық үлгінің түрленуінің нөмірі

      ____________________________________________________________________

      әзірлеуші, әзірлеуші ел көрсетіледі

      Нәтиже ________________________________________________________

      зерттеу бойынша қысқаша қорытынды көрсетіледі

      Техникалық
сипаттамалары:_________________________________________

      Сынау зертханасының басшысы:

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады