"Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнің дұрыстығын тексеру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 427 Бұйрығымен бекітілген |
Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерінiң дұрыстығын тексеру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкiлетті органның (бұдан әрі – тіркеуші орган) лауазымды адамдарының тексерiс жүргiзу тәртiбiн белгілейдi.
2. Тiркеушi органның лауазымды адамдары тексерiс жүргiзу кезiнде өздерiнің қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
2. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тізiмдеріне қойылатын талаптар
3. Саяси партия құру жөніндегі азаматтардың бастамашылық тобының және саяси партия мүшелерінің тізімдерінің (бұдан әрі – тізімдер) дұрыстығын тексеру:
1) бастамашылық топ үшін саяси партия құру ниеті туралы хабарлама берген кезде "Саяси партиялар туралы" Заңның 6-бабына сәйкес хабарлама алынған күні;
2) саяси партия мүшелері үшін "Саяси партиялар туралы" Заңның 10-бабында көзделген құжаттарды тапсырған кезде жүзеге асырылады.
4. Тізімдерде көрсетілген адамдар он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
Саяси партияға шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың мүшелігіне, сондай-ақ ұжымдық мүшелікке жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының азаматы бір саяси партияның ғана мүшесі бола алады.
Саяси партияға мүшелік ерікті, жеке және тұрақты болып табылады.
Саяси партияға қабылдау жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезеңде саяси партияда болмауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Төрағасының орынбасары, судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағасы мен судьялары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партияларда болмауға, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиіс.
5. Тiзiмдердегі саяси партия құруға бастамашылық жасаған азаматтардың саны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екiсін білдіретін кемiнде жеті жүз адам болуға тиiс.
Тiзiмдерде көрсетілген саяси партия құрамының жалпы саны бес мың партия мүшесінен кем болмауға тиіс, олар партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы әрқайсысында кемінде екі жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкiлдiктерінiң) атынан өкiлдiк етеді.
3. Тiзiмдердi тексеру тәртiбi
6. Тiзімдер тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша электрондық және қағаз жеткiзгiштерде табыс етiледi.
7. Тiркеушi органның лауазымды адамдары тiзiмдердi тексерудi өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
8. Өздерінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында тiркеушi органның саяси партия мен оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн растайтын құжаттарын талап етуге немесе оларға рұқсат алуға құқығы бар.
9. Ұсынылатын тізімдерге қатысты осы Қағидаларда белгіленген талаптардың сақталуын тексеру:
1) саяси партия құру ниеті туралы хабарлама келіп түскен кезде;
2) саяси партияның құжаттары мемлекеттік тiркеуге түскен кезде;
3) арыздар, өтiнiштер, шағымдар, хабарламалар мен өзге де ақпарат түскен кезде олардың дұрыстығы тұрғысынан жүргізіледі.
10. Тiзiмдердi тексеру рәсiмі:
1) өңiрлер бойынша тiзiмдердегi азаматтардың санын олардың осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген саны тұрғысынан тексерудi;
2) тiзiмдердiң тiркеуші орган белгiлеген нысанына сәйкестiгi мәнiне тексеруді;
3 Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі бойынша тiзiмдерде көрсетiлген адамдарды Қазақстан Республикасының азаматы болуы тұрғысынан тексеруді;
4) тізімдерде көрсетілген адамдарды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді қамтиды.
11. Ұсынылған тiзiмдер осы Ережеге сәйкес келмеген жағдайда тiркеушi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген негiздер бойынша саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартады.
12. Мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен саяси партия мүшелерінің саны осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда саяси партияның қызметi соттың шешімi бойынша заңнамада белгіленген мерзiмге тоқтатыла тұрады.
Саяси партияның қызметін тоқтата тұру үшін негiз болған тәртiп бұзушылықты сот белгілеген мерзiмде жоймаған жағдайда саяси партия соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.