Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамының арнайы құқық субъектісі көрсететін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
М. Олжабеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 1 шілдедегі № 229/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамының арнайы құқық субъектісі көрсететін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) құрылымдық бөлімшелерінің: ғарыш аппараттарының ұшуын басқарудың және байланыс мониторингі жүйесінің жерүсті кешені (Ақкөл қ.) және ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік жерүсті кешені (Алматы облысы) базасында жерсеріктік желілерді құру және телекоммуникациялық қызметтерді ұйымдастыру үшін технологиялық инфрақұрылымды ұсыну, оның ішінде:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін Қоғамның байланыс пункті (пункттері) мен ғарыш аппараттарының ұшуын басқарудың және байланыс мониторингі жүйесінің жерүсті кешені (Ақкөл қ.) және (немесе) ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік жерүсті кешені (Алматы облысы) арасында байланыс арнасын қамтамасыз ету;
2) Қоғамның деректерді өңдеу орталығында жеке және (немесе) заңды тұлғаның жабдықтарын пайдалану үшін жағдайларын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникация қызметін ұсыну;
3) Қоғамның аппараттық-бағдарламалық құралдары (антенналық жүйелер, қабылдағыш-таратқыш жабдық, сигналдарды өңдеу жабдығы және басқа да аппараттық-бағдарламалық құралдары) арқылы ғарыш аппараттарынан жеке және (немесе) заңды тұлғаның сигналды (мазмұнын) қабылдау және Қоғамның аппараттық-бағдарламалық құралдары (антенналық жүйелер, қабылдағыш-таратқыш жабдық, сигналдарды өңдеу жабдығы және басқа да аппараттық-бағдарламалық құралдары) арқылы ғарыш аппаратына жеке және (немесе) заңды тұлғаның сигналды (мазмұнын) беруі бойынша телекоммуникация қызметін көрсету;
4) таратушы ұяшықтарды, трансформаторларға қолжетімділікті, электр беру желілеріне, тарату құрылғыларына, эстакада алаңшаларына, меншікті талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қолжетімділікті және технологиялық инфрақұрылымды пайдалана отырып, жабдықтарына (жерүсті жерсеріктік байланыс станцияларына) қызмет көрсетуді қоса алғанда, технологиялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету қызметі.
2. Мемлекеттік органдардың қажеттіліктері үшін өтеусіз негізде ғарыштық байланыс жүйелерінің, оның ішінде ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату жерсеріктерінің және ғарыш аппараттарын басқарудың жерүсті кешендерінің техникалық тапсырмалары мен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу.